Сценарий: Туған жер-тұнған тарих

Oinet.kz 07-09-2020 5105

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтілетін «Туған жер-тұнған тарих» атты іс-шараның сценарийі

Іс-шараның мақсаты: Жастарға туған өлке тарихын зерделеуге

таным түсінігін кеңейтуге көмектесуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу

Іс-шараның барысы:

Ашылуы: Түркістаным Тұраным биі

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Абай атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен

«Туған жер-тұнған тарих!» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, «Біз-ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған».

2-жүргізуші : «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы,тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттер бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Қонақтарды таныстыру

1) Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарушысы Ғалымжан Тойшиев.

2) Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жетекшісі:

Жақсылық Омаров

3) Кентау қалалық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері: Айгүл Мақұлбекова

4) Кентау қалалық Икар теле арнасы басшысы міндетін атқарушысы: Мамасаитова Умида

Орынбайқызы

5) Баспасөз ақпарат құралдары менеджері, Қазақстан Журналистер одағының

мүшесі, Қазақстан бас редакторлар клубының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Республикалық «Айқын» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі, Тельман Әбдібекұлы Бейсенов.

6) Бабайқорған ауылдық округінің әкімі: Қарабаев Жантөре.

7) Мұстафа

8) Ауыл биі, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Сұлтанхан Серікбаев

9) Ауыл ақсақалы, еңбек ардагері: Бәйменов Асылхан

10) Мектеп тарихында өзіндік орны бар ардагер ұстаз Әзімхан Маханбетов

11) Ардагер ұстаз Елтаева Назен апай

12) Абай аулының бас имамы, ауыл ақсақалы: Мырзабеков Қалдыбай.

Іс-шараның ашылуы

1) Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарушысы Ғалымжан Тойшиев.

2) Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жетекшісі:

Жақсылық Омаров

3) Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры: Адаев Изатулла Тасболатұлы



1-жүргізуші: Бүгінгі «Туған жер-тұнған тарих» атты іс-шарамыз бес баспалдықтан тұрады. Баспалдақтың 1-сатысы:

Т-Тарих тағылымы

А- асылым ардағым

Р-рухани байлығым

И –имандылық иірімі

Х- хисса дастандар

2-жүргізуші:

Ақиық ақын М. Мақатаев сөзімен айтсақ,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды.

Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.

1-жүргізуші:

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам.

1. «Т- тарих тағылымы

2-жүргізуші: «Біздің қазақ жер атын, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білетін жұрт. Қайда, қандай елге барсаң да жер-су, жапан түзде кездекен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады» (М. Әуезов)

1-жүргізуші:

Тарих түкпірінен сыр іздейміз,

Ғажайып сырлы әлемге кіргендейміз.

Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын,

Тарихтың әр бетінен көргендейміз.

Ендігі сөз кезегін Бейсенов Тельман Әбдібекұлына және Бәйменов Асылхан атамызға және Маханбетов Әзімхан атамызға береміз.

2-баспалдақ: «Асылым-ардағым»

Ұстаздар жайлы өлеңдер және слайд

1-жүргізуші:

Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

Туған ел мен мектебімді дәріптеп,

ұрпақтарға үлгі етіп ұмытпау.

2-жүргізуші:

Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.

1-жүргізуші:

Ауыл азаматы, Кентау қаласының құрметті азаматтарының бірі, Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қыдырәлі Алдабергенов ағамыздың байырғы ұстаздарға арналған өлеңдерін 4 «а» сыып оқушылары оқиды.

Ендігі кезекте 4-сынып оқушысы Мұрат Каусардың орындауында «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар

2) Керімбек Арай- 4 «а» сынып оқушысы

«Ұстаз апай» (Клара Рсалдина апайға арнау)

1.Ұстаз боп қалып қойдың жадымызда,

Солай етіп биік шыңға асырдың да.

Бір куаныш жылытты бойымызды

Бұл өмірдің толассыз тасқынында.

2. Сыйлап бізге есепсіз шуақ нұрды,

Жүрегі шәкірттердің тулап тұрды

Ізгіліктің ауласы есік ашып,

Білімнің шырағданы жанып тұрды.

3.Біз сізден жалықпастан сабақ алдық,

Солай етіп есейіп қанаттандық.

Енді бүгін еске алып өзіңізді,

Өткеннен мөлтек етіп сыр атқардық.

4. Пейілі кең, жаны жомарт жан едіңіз,

Төгілген нұрлы көктен ән едіңіз.

Сіз жайлы жыр мен сыр таусылмасын,

Еске алайық бүгін күн бәріміз.

5. Иман, сауап жүректерден төгілер,

Еліміз өркен жайып гүлденер.

Шаттық жырын жырлайды кейінгі жас,

Сізді бәрі құрмет етіп үлгі етер.

Өмірдің тәрбиелі ұғып жырын,

Ақтардық көңілдің бір тұнық сырын

Тәңір сізді әрқашан жарылқасын,

Аямастан мейір мен шуақ нұрын!



Ұстаз ағай - 4 «а»сынып оқушысы Сапарәлі Ерасыл

Жергілікті ақын Қыдырәлі Алдабергеновтың

Абай атындағы мектепте ұстаздық еткен Ханділла Әбішев ағайға арнауы

1. Өмір жолын ағайдың үлгі етейін,

Тағдырынан мол қарпып сыр етейін.

Ханділла ағай ерекше жан еді ғой,

Мәртебесін оның да өрлетейік.

2.Жасынан талапта боп білім алған,

Ұстаздардан ол мықты тәлім алған.

Жоғары білім алып ол Шымкентте,

Өтті талай тәжірибе сынақтардан.

3.Сұңғақ бойы, салмақты елден ерек,

Шабыттанса, сөйлейтін төгілдіріп.

Физиканың қып-қиын сұрақтарын,

Ұғындыра аатын жеңілдетіп.

4.Өмір жолы қызық екен дүр анық,

Физикадан бәрі түгел құралып.

Оқу-білім алудан жалықпадық,

«еңбегіңіз» еш кетпей бағаланып.

5. Жақсы едік бәріміз де физикадан,

Болмасақ та бұл күні озық одан.

Күнұзаққа тыңдаудан жалықпадық.

Дәріс алып білімді бір ұстаздан.

6. Шым-шытырық формуласы болмайтын,

Ал «химия» ол жағынан оңбайтын.

Екі пәннен озық білім алғандар,

Өмір жолын қиналмастан жалғайтын.

7. Аға жайлы айттық білем аз ғана,

Болар еді әрмен қарай созғанда.

Бір кісідей еңбек етіп мектепте,

Қуанышты сыйлаушы еді балаға.

8. Шәкірттері бұл ағаның баршылық,

Өмір жолда жүр ғой олар бақ сынап.

Ардақ тұтар ағамызды сөз еттік.

Өлең жолы өз-өзінен тасқындап.

Ұлағатты ұстаз - 4 «а» сынып оқушысы Жорабек Салауат

(«Абай мектебінің ұлағатты ұстазы Тойшыбай Әбділлаев ағайдың аруағына арналады)

1. Көз тастап биік шыңға тау маңда,

Туып өсті Абай атты ауылда.

Жастайынан еңбек етіп ерінбей,

Қол созды асқар биік арманға.

· 2.Бой берместен алып ұшты арғымақ

· Бұлқын атып,бойдағы бір жалын от.

· Математика мамандығын игерді,

· Оқуын ол мұғалімнің тамамдап.

· 3. Мамандықты меңгеріп оқып алған,

· Қызметті ол ауылда жалғастырған.

· Жас бүлдіршін, жастарға білім беріп,

· Өмір жолға тәрбиелеп аттандырған.

· 4.Ерінбей еңбек еткен еңбегіңіз,

· Биіктен талай мәрте көріндіңіз.

· Болашақ ұрпақтарын тәрбиелеп,

· Аянбай еңбек етіп тер төктіңіз.

5. Асулардан асып бір мәртебеңіз,

Тауға айналды кешегі әр төбеңіз.

Құрмет етіп жас, кәрі ауылдағы,

Әлі күнге содан қуат ап келеміз.

6. Отбасылық ғұмырыңыз жалғас тапты.

Әр күніңіз қуанышпен алға басты.

Құлшына еңбек етіп талай жылдар,

Жеттіңіз ұлан-асыр мол табысқа.

7.Өмірге келді ұрпақ ұл-қыздарың,

Жарқырап таң боп атты жұлдыздарың.

Болашақтың іргесі берік болып,

Сейілтуші ең салқындау түн ызғарын.

8. Табиғат үйлестірер жарастырып,

Мен жүрмін өлең жазып аласұрып.

Мәртебесін түсірмей әз ағайдың,

Бір қызы жүр ұстаз жолын жалғастырып.

Әзімхан ағайға- 4 «а» сынып оқушысы Нұридин Пернехан

(Әзімхан Маханбетов ағайға)

1. Мейлі күні көктемнің жауындасын,

Жиі көрем мен сізді ауыл барсам.

Жүресіз қауымдасып елмен бірге,

Шуақ нұрға бөлеп бір айналасын.

2.Ігілікті, иманды мұрат еткен,

Ұстаздықпен жастарға тәлім берген.

Ауылдың сіз құрметті азаматы,

Төгілетін әрдайым ән көңілден.

3.Өлеңді ұқсата алмай келісті тым,

Күн артынан дамылсыз ілесті күн.

Ауылдың бір кісісі сіздей болар,

Кең қармап, алатын тынысы бір.

4. Жандайын бір жаралған шуақ нұрдан,

Ізетпен хал-жағдайын сұрап тұрам.

Аяқ басып сексеннің сеңгіріне,

Ол ауылдың қариясы атанған.

5. Бұл кісіні мен ауылда көп көрем,

Бар ғұмырын осы өңірде өткерген.

Бар жақсылық қасиеті бойында,

Шежірені ағытады кеп-керім.

6. Өткеріліп ізгі ниет шаралар,

Ұстаздардың еңбегін бағалар.

Кеше күні тәлім берген жастарға,

Аман болсын біз сыйлайтын ағалар...

«Шалғай ауыл деме сен» Мұрат Каусар

Ауылды осы дейді екен біреу алыста,

Тұрған жоқ түсейін деп жарысқа

Алыс деген шақырымдар елестеп,

Сырымды айттымбір әріптес танысқа.

Алыс болсын, жақын болсын бұл Абай,

Ол алыстық етпейді ғой мен үшін,

Күлімдеп бір күтіп алар жарқырай.

Бұл Абайды алыс деме, жақын де,

Күн шыжыса, жаймашуақ салқын де.

Ауыл жайлы бір жақсы сөз айтыңдар.

Туған жерін сүйеді ғой әр пенде.

Ауыл жайлы айтпаңыздар сөз бөтен,

Ауылым ғой қарттарым бар көзкөрген.

Бір сағыныш жетелейді әрқашан,

Оны өңім түгіл түсімдеде іздегем.

Ауыл жайлы шежіреге қанықпын,

Мен ауылды жастайымнан таныппын.

Өмір-өзен ағып жатыр бір тынбай,

Төбесінде жарқырайды жарық күн...

1-жүргізуші:

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде , әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

2-жүргізуші:

Талай оқушының, түлектердің алғашқы ұстазы болған Елтаева Назен апайға сөз береміз.


3-баспалдақ: Р-рухани байлығым

2-жүргізуші:

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.

Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

1-жүргізуші: Түркістан өлеңі авторы Тәшенов Ә

Түркістан

Т Тарихы мол тұнған жер

Ү Үміт артар миуалы жер

Р Рухы биік арман жер

К Кереметті киелі жер

І Ілтипатқа толы жер

С Сенделге сауап жер

Т Табиғаты тұнған жер

А Ас-дәмі де кенді жер

Н Наны тәтті балдай жер

2-жүргізуші:

Мақал-мәтелдер айтысы

Ассалаумағалайкум! Алты жасар бала келсе алпыстағы шал сәлем береді -- демекші қалыңыз қалай.?

-Келгенше қонақ ұялады келгеннен соң қонақ ұялады деуші еді келіңіз төрге шығыңыз қонақ болып кетіңіз,

-Қонағын сыйласа төрге шық дегендей төрге шығайын.

-Жат асына қарайды, дос басына қарайды деуші еді аталарымыз асқа отырыңыз

-Ойбай -ау жақсы ас қалғанша жаман қарын жарылсын

-Досыңның асын қасыңдай іш демекші тамақ алыңыз

-Ой , рахмет, Досы жоқ адам , тұзы жоқ тағам демекші Алла разы болсын .

- Жылқы кісінегенше адам сөйлескенше осылай таныс біліс болудың өзі бір ғанибет қой құрдас.

-Мыңның түсін танығанша , бірдің атын біл демекші есіміңіз кім болады?

-Есімімі---- Көрген жерде ауыл бар деп осылай келіп тұрыңыз

---Қонақққа кел демек бар,кет демек жоқ --қой қайтайын.

--Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал демекші жолыңыз болсын.

-Жаман өз үйінде қонақ дегендей сыртқа шығарып салар болар

-Білмеген у ішеді дегендей оған ренжи көрмеңіз .

Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін шал ерке -деуші еді , аталарымыз сөзімізді көңілімізге ала көрмеңіз.

-Кәрі -кәрінің сөзі дәрі, дегендей О не дегеніңіз?

Таз тарағанша той тарқар- қайтайын.

Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын дегендей келіп тұрыңыз.

2-жүргізуші:Ендігі кезекте 4-сынып оқушысы Мұрат Каусардың орындауында «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.

Бұл жаңғыру ән мен күйді дәріптеп,

Рухани байлығыммен таң қылу

2-жүргізуші: 1-сынып оқушысы Зайырхан Мейіржанның орындауында

«Алға, Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!


Би 4 «ә» сынып оқушылары

4-баспалдақ Имандылық иірімдері

1-жүргізуші:

Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.

2-жүргізуші:

Бұл жаңғыру-болашағын елімнің

Имандылық

Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.

5-баспалдақ Х-хисса, дастан

1-жүргізуші:

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш!

Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!

2-жүргізуші: Ендігі кезекті 4 «ә» сынып оқушыларына береміз.

Үкаша ата, Жылаған ата жайлы жыр, дастандар

Қорытындылау

1-жүргізуші:

Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты

Ту көтерер тағы бір таң атыпты.

Жолын таппай, қаңғырған

Ел қаншама,

Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.

2-жүргізуші:

Жолын таппай, қаңғырған Ел қаншама,

Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.

Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.


Ән: Нұридин Нұрболат


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш!

Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!

Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты

Ту көтерер тағы бір таң атыпты.

Жолын таппай, қаңғырған

Ел қаншама,

Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.

Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.

Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

«Кісен ашып» Құрманғазы күйімен,

Болмысымды бұлжымастай құлыптау.

Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.

Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың, Б

ұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.

Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.

Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.

Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік –

Бар қазақтың арман-жырын бір ету.

Асуды асып Қазақстан – ардағым,

Аспанменен астасып тұр арманым.

Ер бастады! Ел қостады! Жарылқа!

Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН!


Бірлестік жетекшісі: Бейсеналиева Ү


Әдістемелік жұмыс дегеніміз не?
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу