Сабақ жоспары: Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Oinet.kz 07-09-2020 721

Реті:26

Пән:  алгебра

Сынып: 7 ә                     7в

Күні:

Сабақтың тақырыбы:      Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару ды  білу.

 Дамытушылық:  Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару әдісін практикада дұрыс қолдана білуі.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа тақырып

Сабақтың жоспары:      1)  Сәлемдесу

                                        2)  Оқушылар тізімін тексеру

                                        3)  Сабақтың мақсатымен таныстыру

                                        4) Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, талдау.

                                        5) Жаңа материал беру

                                        6) Практикалық бекіту

                                        7)Үйге тапсырма беру

                                        8) Қорытындылау, бағалау 

Қайталауға арналған сұрақтар. /Бірмүшелер бойынша/

Анықтама1: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту

                      амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.

Анықтама2: Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.

Анықтама3:  Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің

                       қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.

Анықтама1: Бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады.

Анықтама2: Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.

Анықтама3: Ұқсас мүшеледің алгебралық қосындысын оған теңбе-тең бірмүшемен алмастыруды ұқсас мүшелерді біріктіру деп атайды.

ІІІ Жаңа тақырып беру

Бірмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосады.

Көпмүшені екі немесе бірнеше көпмүшенің көбейіндісі түріне келтіруді көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп атайды.

Screenshot_7.jpg

Түлектердің бітіру кешіне арналған мерекелік іс-шара сценарийі
Бітіруші түлектерге арналған тілек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу