Ашық сабақ. Мәңгілік ел

Oinet.kz 06-10-2019 611

Қазақстан – мәңгілік ел болу жолында

23 қараша 2016, Сәрсенбі

Категориясы: Ақын-жазушылар

Сембек Абдрахманов

Қазақстан – мәңгілік ел болу жолында (Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады)

Бірлігі күшті, мақсаты нақты, әскері қуатты, үлкені дана, жастары білімді ел – мәңгілік ел.
(Ел аузындағы дана ұғым.)

Қиын - қиын қыспақты ғасырлардан,
Қиналып аман жеттік жасыра алман.
Егеменді ел болу – ұлтым үшін,
Бабалардан жалғасқан асыл арман.

Арманы ол – Төле, Қазбек, Әйтекенің,
Әбілхайыр, Абылай, хан Кененің.
Арманы еді ол әрбір отбасының,
Келер ұрпақ шөбере, немеренің.

Құтқармақ боп боданнан елді, жерді,
Қудалау мен жазалау бәрін көрді.
Құсалықпен өмірден кетті өтіп,
Исатай мен Махамбет, Амангелді.

Алашшыл зиялы батырларым,
Аңсадың – ау еркіндік бақыт таңын.
«Оян қазақ» - деп өткен Міржақыптың,
Ұранымен таныссыз барлықтарың.

Не өтпеді басыңнан қазақ ұлты?!
Тұрып алды төбеңде қасірет бұлты.
Боданында жүргенде басқа елдің,
Өртеді өзегімді намыс оты.

Желтоқсанның аязы ызғарымен,
От жігерлі жас ұлан, қыздарыммен.
Болып құрбан жолында азаттықтың,
Бұзды берік қамалды құрсауымен.

Ашылды аспан, сейілді қара бұлт,
Артта қалды қырсықты нәубетті жұт.
Азат болып өзінше жолын тапты,
Кеңестің көгенінде байланған жұрт.

Желбірейді көк туым көк аспанда,
Күн күлімдеп ұқсайды нұр шашқанға.
Елтаңбалы елімнің көңілі тасып,
Әнұранын шырқайды асқақтата.

Естимісің, уа жұртым Қазақ үнін!
Арайлап бақыт таңы атты бүгін.
Дамып жатыр қарыштап гүл - гүл жайнап,
Қуанышпен өткізіп әрбір күнін.

Бергеніне шүкір деп, бір Алланың,
Мадақ айтпай атына тұра алмадым.
Азаттығым әкелді көп жақсылық,
Орындалды аңсаған мың арманым.

Қол жетті істерге үлкен мақтанарлық,
Әр істе болып жатыр асқан ерлік.
Жиырма бес жыл қол жеткен азаттықтың,
Көріп жүрміз қызығын мол жетерлік.

Қашанда биік ұстап туымызды,
Ардақтап аспан, жер мен суымызды.
Қолдағы бар байлықтың егесі боп,
Қорғаймыз орман, тоғай нуымызды.

Мәңгілік гүлденсін сая бағым,
Тура жолға бастасын саясатым.
Мәңгілік сөнбес шырақ, кетпес құлап,
Ел болайық – бар әлем санасатын.

Ұлы дала, мәңгілік ел, нұрлы жол,
Елбасымыз бастаған кең сара жол.
Мың жылдық тарихы бар елдерменен,
Қатар жүрсек біздерге керегі сол.

12. 10. 2016 ж


Тәрбие сағат: Ар намысым, мақтанышым - Желтоқсан
Ашық сабақ. Азаттық жайлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу