Ашық сабақ. Қазақ тілі. 5 сынып. Ұяң дауыссыз дыбыстар

Oinet.kz 06-10-2019 1381

5 класс қазақ тілі пәнінен “Ұяң дауыссыз дыбыстар” тақырыбындағы ашық сабақ

  oquzaman  0 Comments 

Уткельбаева Айгуль Макажановна


Мақсаты:

Білімділік: Дауыссыз дыбыстардың қатысуына қарай бөлінуін айыра білу,ұяң дауыссыз    дыбыстар туралы түсінуіне нұсқау беру.

Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып, тілін ұстарту арқылы білім сапасын арттыру.

Тәрбиелік:Өздігінен жұмыс істеуге баулу,ойын тұжырымдай білуге, шапшаңдыққа, қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа  сабақ.

Әдісі:сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру, зымыран сұрақтар, кубизм, ойын түрлері, топтастыру, жаңа тақырыпты өзіндік жұмыспен пысықтау.

Көрнекілігі: сызба жұмыстар, тапсырмалар жазылған кәртішкелер, кубик.

 

Сабақтың барысы:

І..Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, класс оқушыларын дөңгелекше болып қиылған басқа киюге арналған түрлі түсті қағаздар    арқылы 3 топқа бөліп аламын. Дауыссыз дыбыстардың түрлері: 1-топ: қатаң дауыссыздар тобы; 2-топ: ұяң  дауыссыздар тобы; 3-топ: үнді дауыссыздар  тобы.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,өткен және жаңа тақырыпты байланыстыру.Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:

Миға шабуыл:

-Қандай үлкен бөлімді оқи бастадық. Ол қалай аталады? /Фонетика/

1.Фонетика не зерттейді? /тіл дыбыстарын зерттейді/

2.Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?  /42 әріп, 37 дыбыс бар/

3.Қазақ тілінде дыбыстар нешеге бөлінеді?  /2: дауысты және дауыссыз дыбыс/

4.Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?  /ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. 12 дауысты дыбыс бар./

5.Дауысты дыбыстар тілдің  қатысына қарай қалай бөлінеді?

6. Дауысты дыбыстар жақтың  қатысына қарай қалай бөлінеді?

7. Дауысты дыбыстар ерін мен езудің  қатысына қарай қалай бөлінеді?

6.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

7.Салдыр мен үннің қатысына қарай дауыссыздар нешеге бөлінеді?

8.Қатаң дауыссыз дыбыс дегеніміз не, қатаң дауыссыз дыбыста қанша әріп бар?

9.Үнді дауыссыз дыбыс дегеніміз не, үнді дауыссыз дыбыста қанша әріп бар?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ  шешу.

құстар
ұя
аңдар

 

  1. Көктем мезгілінде күн жылына бастағанда нелер ұшып келеді? /құстар/

  2. Тал  басында  түндіксіз отау. Ол не? /ұя/

  3. Арыстан, қасқыр, аю  жабайы  нелер? / аңдар/

 

Мұғалім:

–          Ендеше, бүгінгі біздің  өтетін сабағымыздың тақырыбы – ұяң дауыссыз дыбыстар. Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз-ұяң дауыссыз дыбыстарды-б,в,г,ғ,д,ж,з,һ дұрыс айта білесіздер және есте сақтайсыздар.

Өткен сабақтарда біз дауыссыз дыбыстардың түрлері қатаң, үнді дауыссыз дыбыстар тақырыбын өттік. Бүгінгі сабағымыз ұяң дауыссыз дыбыстарға арналғандықтан, ұяң дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктеріне тоқталайық.

*Ұяң дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ, үннен салдыры басым .

*Ұяң дауыссыздар жұп бола алады. П-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж, х-һ.

2

1.Жаңа сабақты пысықтау

-Грамматикалық жаттығулар

-Көздерін жұмдыртып, ұяң дауыссыз дыбыстары бар сөз құрастыру.

-Оқушылар құраған сөздер. Мысалы: Білім, дән, ғалым,гүл, заң, жаз.

-Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатымен деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.

Деңгейлік тапсырмалар:

1-топқа:

1. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Кел , балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

2-топқа:

1. Келесі сөздердегі қатаң дауыссыздарды тауып, астын сыз.

Тіл, сабақ, мектеп,Қазақстан.

3-топқа:

Мына ұяң дауыссыз дыбыстардан басталатын әріптерге екі сөзден жаз.

Б,Д,Ғ,Г,З,Ж

IV.Кітаппен жұмыс.

264-жаттығу. Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын – бір, ұяң дауыссыздардың астын – екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сызу.

/3-топқа мәтінді  бөліп беремін/

1-топ:

Ақыл айтыпты: … – дүниеге, ахиретке не пайдалы болса, не  залалды болса, білетұғын – мен, сенің  сөзіңді  ұғатұғын – мен. Менсіз  пайданы  іздей  алмайды екен, залалдан қаша  алмайды екен, ғылымды  ұғып, үйрене  алмайды  екен.

 

2-топ:

Осы  екеуі  маған  қалай  таласады? Менсіз  өздері  неге  жарайды? – депті.

Сонда  ғылым  айтыпты: – Ей, ақыл! Сенің  айтқандарыңның  бәрі  де  рас. Сенсіз  еш нәрсе  табылмайтұғыны  да  рас. Жаратқан  тәңіріні  де  сен  танытасың, жаралған  екі  дүниенің  жайын  да сен білесің.

 

3-топ:

Бірақ сонымен  тұрмайсың, амал  да, айла  да – бәрі  сенен  шығады. Жақсының, жаманның – екеуінің  де  сүйенгені  сен, екеуінің  де  іздегенін  тауып  беріп  жүресің, соның  жаман, – депті.

 

Топпен  жұмыс./ әр топ кубикті айналдырып тастау арқылы тапсырманы алады./

«Кім жылдам» ойыны.

Оқушылар кубикті  лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.

  1. Сыныптағы есімі қатаң дыбыстан басталатын ұлдар есімін ата.

  2. Ұяң дыбыстан басталатын,бізге сабақ беретін ұстаздар есімін ата.

  3. Үнді дыбыстан басталатын қыздар есімін ата.

 

Сергіту кезеңі.Жұмбақ шешу

1.Фонетикалық екі ұғым

Бірімен бірі сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді.(дыбыс,әріп)

2.Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.(дауыссыз,дауысты)

3.Оңға қарай оқысаң да бір халық,

Солға қарай оқысаң да бір халық.

Бір буыным – құс

Бір буыным – түс (қазақ)

 

 

Топпен жұмыс.

1-топ:

Әліпбидің 8-әрпін ата. /е/

Кітап, дыбыстар сөзінде неше әріп бар?/5 әріп, 8 әріп/

 

2-топ:

Әліпбидің  19-әрпін ата./ң/

Әліпби тәртібіндегі 7,20,22-әріптерді тіркеп жазсаңыз, балалардың бір ойыншығы шығады. Ол қандай ойыншық? /доп/

 

3-топ:

Әліпбидің  14-әрпін  ата. /к/

Жұмбақ  шешу.

Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады.

Ол қай әріп еді?

Ойлап көрші, есіңде бар ма?

/ь,ъ/

 

Жеке  жұмыс./Оқушыларға кәртішкелер таратылады, тапсырмаларын орындайды./

№1

«Б» әрпінен басталатын    сөздер.

1. Қыздың аты.

2.Батырдың аты.

№2

Адасқан әріпті орнына қой

*Б,л,а,қ,ш,а,а,а,б

*Ұ,а,т,с,з.      Ф,н,е,т,о,а,к,и.

 

№3

Дауысты, дауыссыз қатарында қолданылатын қай дыбыс ?/у/

 

№4

«Ж» әрпінен басталатын    сөздер.

1. Қыздың аты.

2.Төрт түліктің бірі.

3. Жыл мезгілі.

 

№5

Сыныптағы үнді дауыссыз дыбыстан басталатын балалардың есімдерін ата.

 

№6

Бала  сөзіне  фонетикалық талдау жаса.

 

V. Бекіту.

  Кубизм стратегиясы.

«Суретте».Қатаң,ұяң,үнді дауыссыздар туралы айт.

«Салыстыр». Қатаң,ұяң, үнді дыбыстардың айырмашылығын ата.

«Зертте». Фонетика салалары туралы,дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы айт.

«Қолдан».Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын бірнеше мысал айт.

«Талда». Білім сөзіне фонетикалық талдау жаса.

«Анықта». Ұяң дауыссыз дыбыстарға  жұп болатын  дыбыстарды атап шық.

Рефлексия

VI.Бағалау

VII.Үйге тапсырма.

286-жаттығу, 120-бет. Ұяң дыбыстан басталатын  бірнеше  биологиялық  терминдердің атын жазыңдар.

 


Жолаушыға бата
Ашық сабақ. Қазақ тілі. Тіл - тақтан да биік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу