Ашық сабақ. Қазақ тілі. 7 сынып. Сілтеу, сұрау есімдіктерінің түрленуі

Oinet.kz 06-10-2019 1086

Сабақ “Сілтеу, сұрау есімдіктерінің түрленуі”

  oquzaman  0 Comments 

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы   Тау ауылы

«Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы

білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

жоғары санатты мұғалімі

Макшаева Жазира Джолдықызы


 

 

 

 

Сыныбы– 7 « б»Күні –     30.11.2015.
ПәніҚазақ тілі
Сабақтың тақырыбыСілтеу, сұрау   есімдіктерінің түрленуі ( тәуелдену үлгісі)
СілтемеОқулық, талдау жұмысы,
Мақсаты


 

 

Сілтеу, сұрау есімдіктерінің түрленуі, ерекшеліктерін ұғындыру, ерекшеліктерін байқату.


Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге баулу.

оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер


 

 

А)   Сілтеу, сұрау есімдіктерінің түрлену ерекшеліктерін меңгереді.


В)   Топтық жұмысты белсене атқарады.

С) Өзара бағалауды жүзеге асырады, топта, ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауда өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді.

Керекті жабдықтарүлестірмелі қағаздар,  маркер, плакат, түрлі- түсті қағаздар,стикерлер
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері (тапсырма)Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызуОқушылармен амандасу. Орынбасар сөздердің орнына жүретін сөз таптарын атау арқылы бөлу


1 минут

Зат, сан, сын есім деп үш топқа бөлінеді.
Кіріспе


 

 

 

І. Үй тапсырмасын сұрау: 10 минут


СТИКЕРДЕГІ ДИАЛОГ

1. (Жіктеу, сілтеу, сұрау, жалпылау, өздік, белгісіздік, болымсыздық). Жалқы есімдер қалай жазылады?

–          2. (Жалқы есімдер бас әріппен жазылады.) Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері

3. Қазақ тілінде 4 жалғау бар. (Көптік, Септік, Тәуелдік, Жіктік) Жалғау дегеніміз не?

4. (Өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді;Өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен байланыстырады.) Тәуелдік жалғауы нені білдіреді?

5. (Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді. ) Қандай зат есімдер жіктеледі?

6. (Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктеліп келіп, жіктеу есімдіктерімен қатынасқа түседі. Адам аттары мен мамандық кәсібіне қатысты зат есімдерді үш жақта бірдей жекеше, көпше түрде жіктеп айтуға болады.) Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма?

7. (Иа. Болады. Мысалы: бидай, тары, шаш, ұн, сүт, т.б.)

. Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрін ата.

8. (күшейтпелі шырай). ақ,көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде қалай жазылады?

9. (аппақ, көкпеңбек) Көптелмейтін, тәуелдік жалғауын қабылдамайтын сан есім түрі?

10. (Бөлшектік сан есім) Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы?

11. (Есімдіктер). Қай есімдік тәуелденбейді?

12. (Жалпылау есімдігі) Қай септікте жіктеу есімдігі қопарыла септеледі?

13. (Барыс септігінде маған, саған, оған) Есімдіктің түрлерін атаңыз?

Әр топтағы оқушылар берілген сұрақтарға жауап жазады және болғасын БИНГО дейді.
Мағынаны тану


 

Жаңа тақырып Сілтеу, сұрау есімдіктерінің түрленуі (септелу, жіктелу, тәуелдену үлгісі)


Сілтеу есімдіктерін зат есімдерше септеңіз, тәуелдеңіз.

Септелу үлгісі

Сілтеу есімдігінің тәуелдену үлгісі

Көптелу үлгісі

Жіктелу үлгісі

Ерекшеліктерін үлкен таныстырылымға жаза беру.

Тапсырмалар:

1.      80, 81, 83 (ескі оқулықта 100, 101, 103 – жаттығу (түрленулерін ауызша талдау)

Мәтінді оқып, жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін табу және олар қандай тұлғада тұрғанын көрсету.

2.      82 (102)84 – жаттығу жазбаша.

Тапсырма №2. Сөйлем мүшелеріне талда.

1)Бұлар –   станцияның маңдай алды құрылысшылары.

2) Бұл – аңыраған ана Наталья.

3) Бұған өзім де сенер – сенбестей болып аң – таң қарап қалыппын.

 


 

 

 

Оқушылар өздері тәуелдейді, септейді, көптейді, жіктейді және ерекшеліктерін қорытынды жасап өздері жазуға дағдыландыру.

 

 

Талдау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау.


 

 

 

«Сыйлық»


 

Оқушылар қай оқушының дұрыс жауаптарына қарай бағалайды.
Қорытынды3:2:1;


3 факт; 2 қызықты нарсе; 1 мұғалімге сұрақ;


Үйге тапсырмаҮй тапсырмасын беру.


1. 85,86(106,107) – жаттығу.

2. Сілтеу, сұрау есімдіктерін пайдалана отырып, жаңылтпаш жаттау.

3. Ерекшеліктерін есте сақтау

Оқушылар берілген тапсырмаларға дайындалып келеді.




 


Әріптес-қызметтестерге құттықтау, тілек
1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу