Ашық сабақ. Қазақ тілі. 3 сынып. Жыл мезгілдері туралы

Oinet.kz 06-10-2019 1192

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 3 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Ыстықта не киемін?

Мақсаттары: Жыл мезгілдерін сипаттауды үйрету; тіл дамыту; ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру; табиғатты сүюге аялай, қорғай білуге баулу.

Күтілетін: 1.Ыстық күндер туралы айт

2.Жыл мезгілдер сипаттауды біледі.

3.Топта жағымды қабілеттер анықтайды

4.Қызығушылығына қарай топтасу

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: жапсырғыш, жұлдызша, смайлик, топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, суреттер, тақырыптық слайд, жаттығу(видеоролик), желім, магнит

Әдіс тәсілдер: Топқа бөлу, диалог, тіл үйренуде стратегиялар, «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойын, мюстенберг, «Иә, жоқ» ойыны, ой қозғау, Лебіз – тілек , «Чемодан, себек»


Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Құрал- жабдықтар













Психологиялық дайындық Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! Әрқашанда біргеміз, Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талапты жасұлан, Үлгі аламыз ұстаздан! Бір-бірімізге ерікпіз Уәдеге берікпіз, Мақсатымыз білім алу, Беске қол жеткізу. Көңіл-күйінің көтерілуі, қызығушылықтарының пайда болуы АКТ

Топқа

бөлу Көйлек, футболка, шалбар, қалпақ арқылы төрт топқа бөлу. I топ: көйлек II топ: футболка III топ: шалбар IV топ. қалпақ Оқушылар біраз қиналып, рет-ретімен қоя алды Суреттер

Білім «Ой қозғау» әдісі «Тауға шық!» мақсаты – оқушыларға өткен тақырыптары бойынша бірнеше сұрақтар қойылады. Айтылым әрекетін іске асыру үшін сұрақтарға жауап беру арқыл диалогқа түсіру. Қыс айлары қандай? (желтоқсан, қаңтар, ақпан) Қыста күн қандай болады? (суық) Қыста не жауады? (қар) Қыста қандай киім киеді? (тон, пальто, бөрік, күрте, жейде, құлақшын, етік т.б.) Жылдың ең суық мезгілдерін білесің бе? (қыс) (Бағалау - қол шапалақ) Оқушылар сұрақтарға тиімді жауап берулері керек. Ол үшін тау шыңына өрмелеп шығулары керек. АКТ ДО

Түсіну Мағынаны таны Тыңдалым. Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер үлгілері көрсетіліп, жаңа тақырыптың мақсатына түсу. - Бұл киімдердің атаулары қалай аталады? Дұрыс. - Бұл киімдер жылдың қай мезгілдерінде киеді? Дұрыс. - Жазда күн қандай болады? Дұрыс. Ыстық. - Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады? Дұрыс. - Ыстықта не киеміз? а) дұрыс айтуға дағдыландыру: -мәнерлеп оқу; -оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап қайталайды: - оқушылар тізбекпен оқиды; б) сөз тіркестерін құрастыру; АКТ

Жазылым. Сөздікпен жұмыс: Жеңіл киім – легкая одежда Жұқа киім – тонкий одежда Қысқа киім – короткий одежда Жазғы киім – летний одежда (Бағалау – бас бармақ)

Қолдану Поэзия минуты Айтылым.Оқушылардың жаз мезгілі туралы білетін өлеңдерін сұрау. Әр топтан бір оқушыдан айтып шығулары керек. (Бағалау – жұлдызша) Оқушылар өздері білетін өлеңдерін мәнерлеп айтып шығады. СТО

Сергіту

сәті «Ақбұлақ» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. АКТ

Талдау «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойын Топтық жұмыс Тыңдалым.Ойын шарты: Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Кез –келген оқушы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. 3 –тапсырма. Мәтіннің орысша аудармасымен айтады. (Бағалау – жапсырғыш) Жазылым. 1.Топпен жұмыс жүргізіледі. I топ: Сөйлемдерді толықтырып жаз. Жаз – жылдың ... ... мезгілі. ... күн ыстық. Жазда ... ... ... ... керек. Мен жазда ... ... киемін. Олар ... .... .... . II топ: Берілген жұмбақтардың шешуін тап. III топ: 4- тапсырма. Сөйлеп үйреніп, жаз. IV топ: 5- тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып айт, жаз. (Бағалау – жұлдызша) Әр топқа салыстыру парағы таратылады, сол арқылы салыстырады нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді -мәнерлеп оқу; -оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап қайталайды: - оқушылар тізбекпен оқиды; б) сөз тіркестерін құрастыру; в) сөйлемдер құрастыру. ДО

Жинақ-

тау «Иә, жоқ» ойыны Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. ( иә) Жазда қар жауады. ( жоқ) Адамдар жылы киімдерін киеді. (иә) Жазда балалар коньки, шаңғы тебеді. ( жоқ) Жаз жылдың ең ыстық мезгілі. (иә) (Бағалау – бас бармақ) Лебіз – тілек (не айтамыз?) Таңертең тұрғанда ..... Қайырлы таң! Сапарға шыққанда .... Сәт сапар Мейрам күндері .... Мерекеңмен, мейрам құтты болсын Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап Оқушылар еркін сөйлеп, шапшаңдылықтарын танытады. Өз ойларын жеткізу АКТ




Кешке жатарда .... Қайырлы түн Бүгінгі сабаққа қатысып отырған мұғалімдерге .... Рақмет

Бағалау Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

Үйге

тапсырма 146 – бет, 6-тапсырма. Үлгі бойынша сөйле.

Рефлек-

сия «Чемодан. Себек» Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Егер сабақ жақсы көңілде шықса, «Чемоданға». Егер көңілден шықпаса, «Себекке» тағады. Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтырып іледі.


Ашық сабақ. Қазақ тілі. 6 сынып. Одағай сөздер
Ашық сабақ. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу