Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Cөйлем
БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы
«Ақсай қаласының №2 ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Қазақ тілі пәні мұғалімі: Жантлеуова Айлаззат Амангельдыкызы
Сабақтың мақсаты: . Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.
Оқушының танымдық белсенділігін арттыру, ойын, тілін, дамыту.
Ұқыптылыққа, адамгершілік негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Көрнекілігі: слайд, топшамалар, кесте, бағалауға арналған смайликтер.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, пысықтау, ойын, СТО, логикалық тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: логика, әдебиеттік оқу, математика
Күтілетін нәтиже: теориялық білімдерін толықтыру, яғни сөйлем туралы білімдері кеңейеді. Шығармашылыққа жұмыстанады, ойлау қабілеттері дамиды.
Психологиялық көңіл-күй.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз!
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту.
Сандарды өсу ретімен орналастырып, жұмбақты шеш.
Ө | Й | М | С | Л | Е |
30+23 | 17+43 | 80+90 | 5+46 | 100-27 | 60+32 |
51 – С
53 – Ө
60 – Й
73 – Л
92 – Е
170 – М
Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
ІІ. Өткенді пысықтау
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем қалай жасалады?
Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер? Мысал келтір
«Кім шапшаң?» ойыны
Шарты: Берілген сөздерден сөйлемдер құрау.
Сары күз боя жапырақ ағаш түс
ҮЛГІ: Күзгі ағаш жапырақтары сары түске боялды.
Шарты: сызба бойынша ауызша сөйлемдер құрау.
Өзіндік жұмыс
Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.
Қуаныштың анасы қайда жұмыс істейді?
Көгершін қалай ұшты?
Бір жылда неше ай бар?
Асқарпаздар қандай шыңға шықты?
«Салыстыру» стратегиясы
Хабарлы сөйлем | Ұқсастығы | Сұраулы сөйлем |
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
«Артығын тап» тренингі
ҮНТЕК (НҮКТЕ)
ПЛЕ (ЛЕП)
ДАИОЛГ (ДИАЛОГ) артық
ҰСРҚА (СҰРАҚ)
Неге артық деп ойлайсың? Дәлелде
Қорытындылау: Жұмбақ шешу
Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (Сөйлем)
Сөзді құрап, доп тіземін.
Қоя салсаң бір тары
Жаңалықты жеткіземін. (Хабарлы сөйлем)
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады. (Сұраулы сөйлем)
Ұранды, шаттықты
Өкініш аптықты
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын. (Лепті сөйлем)
Рефлексия: «Егер сабақ ұнаса…» ойыны.
Егер сабақ ұнаса саусағыңды тырсылдат,
Егер сабақ ұнаса аяғыңды тарсылдат.
Егер сабақ ұнаса шапалақта жараса,
Егер сабақ ұнаса айтайықшы «ТАМАША!»
Бағалау( смайликтермен бағалау)
Үйге тапсырма: Сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.