Ашық сабақ. Қазақ тілі. Ағылшын тілі. 10 сынып. «Тілдердің үш тұғырлығы»
Ашық сабақ «Қонақүйде» жаңа форматта
Лекерова Гульжан Улановна
«Дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған
«Болашақ» мектеп-интернаты» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Күні: 22.09.2015ж. | Пәні: қазақ тілі/ағылшын тілі (біріктірілген сабақ) 45 минут
| Сыныбы: 10 «А» |
Сабақтың тақырыбы: | «Тілдердің үш тұғырлығы» | |
Жалпы мақсаты: | Тілдің қаншалықты маңызды екенін түсіндіру. Тақырып бойынша өз ойларын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау. | |
Міндеттері: | 1. Оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету; 2. Оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту; 3. Қазіргі өмірде үш тілдің қаншалықты маңызды екенін ұғындыру. 4. Күнделікті өмірдетаза қазақша сөйлеуге үйрету. | |
Сілтеме: | Интернет, С.Мирсейітова оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері | |
Оқу нәтижесі: | Тілдердің үштұғырлығы туралы терең түсінік қалыптасады.. | |
Қолданылатын материалдар: | Презентация, ноутбук, әр балаға ноутбукпен қоса құлаққа тағатын құрал | |
Оқыту технологиясы
| Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, диалогтік оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, АКТ және сандық жүйелерді қолдану, талантты және дарынды балаларға жұмыс, орта білім берудегі басқару мен көшбасшылық.
| |
Формасы мен әдістері:
| Топпен жұмыс, жұптық жұмыс,жеке жұмыс, Блум таксономиясы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «Негізгі идея салмақта» әдісі, ойлаудың алты қалпағы. |