Ашық сабақ. Қыз тәрбиесі туралы

Oinet.kz 06-10-2019 950

«Наурыз аруы» атты іс-шараның сценариі

  oquzaman  0 Comments 

Сабитова Гульмира Закарьяновна

Өскемен қаласы «№9 орта мектебі»КММ-нің

 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі” (слайд), шарлар, гүлдер,қанатты сөздер.

 

Барысы:

 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

 2-жүргізуші. Добрый день, уважаемые гости!

1-жүргізуші. Бүгінгі „Наурыз аруы” атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

 2-жүргізуші: Мы рады видеть ваши улыбающиеся лица в этом зале.
Сейчас на дворе весна. Она ассоциируется у нас с такими словами как весна, любовь, очарование, жизнь, красота. И не удивительно, что именно в эту пору мы решили провести наш конкурс «Наурыз аруы»

1-жүргізуші.                     Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

„Қыз өссе елдің көркі”деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран баб

2-жүргізуші.                   Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

 

1-жүргізуші.                   Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

2-жүргізуші.: Участницы нашего конкурса, как весенние цветы: такие же прекрасные, нежные, чувственные. Их красота очаровывает нас. А кто не любит красоту. Красота спасет мир! И так, встречайте, наши конкурсантки.

1-жүргізуші.                                   қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.

 

қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

 

қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

 

Ақша бетті

Ұқсайды хор қызына

 

Несібелі үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

 

қыз шығады

Бұрымдары желбіреп.

 

1-жүргізуші.             Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

Бүгін біздің қыздарымыздың өнерін бағалайтын:

 

 

2-жүргізуші.     Итак, Асель, все наши участницы на сцене . Сегодня нам с вами предстоит выбрать только одну  участницу, которой по результатам будет присвоено звание «Наурыз аруы». А оценивать мастерство наших конкурсанток будет компетентное жюри в составе:

 

 

1-жүргізуші.Саша, бүгінгі сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.

 

  1. Өзін- өзі таныстыру.

  2. Шеберлік.

  3. Өнер.

  4. Ас мәзірін даярлау.(үй тапсырмасы)

5.Шаш қою үлгісін көрсету сайысы

 

2-жүргізуші.                      Кел, достар, бастайық,,

Бастайық той кешін.

Қызықтан еш адам,

Қалмасын құр қалып.

1-жүргізуші.                      Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін –ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

(Әр қыз өзі туралы біраз әңгімелеуі, слайд арқылы таныстыруы керек. Слайдта қыздардың суреттері, , көктемгі көріністермен байланысу керек).

2-жүргізуші. Первый конкурс нашей программы называется – «Визитная карточка», так как в любой визитке мы находим все необходимые сведения о ее владельце. И чтобы нам ближе узнать наших конкурсанток, а им друг друга, они сейчас расскажут нам о себе и своих интересах.

 

1-жүргізуші.

Екінші сайыс

Сегіз қырлы, бір сырлы
Біздің қыздар өнерлі.
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алады
Ою ойған, тігіс тігер өнерді. Кезек қол өнер сайысынада келіп жетті. Арулар өздері әкелген матаға түйме тігеді /5 минут /беріледі.

2-жүргізуші. Наш следующий конкурс “Рукодельницы” 
Девочки должны пришить пуговицу. Учитывается скорость, красота и надежность

1-жүргізуші.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз
«Сұлулық сыры» деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса аруларымыз музыка ырғағымен шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі

 

2-жүргізуші. А теперь мы переходим к следующему конкурсу «Сұлулық сыры» – показ причесок. Здесь будут учитываться умение быстро,модно и красиво сделать прическу своей модели.

 

 1-жүргізуші.                        Төртінші сайыс-өнерліге өріс кең.

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шал  (Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)

2-жүргізуші.         Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын” деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.

Ендеше, төртінші сайысымыз-ас мәзірін дайындау.(үй тапсырмасы)

 

1-жүргізуші.                   Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

Шығармашылық қолөнер сайысы.

 

2-жүргізуші. Знаешь Асель глядя на наших очаровательных участниц, моя душа поёт, а ноги…ноги сами по себе просятся в танец! Пожалуй, это от счастья! – Это действительно счастье, когда на сцене столько красоты и таланта. – Если вы сомневаетесь, что наши красавицы талантливы. Они готовы вам это доказать в следующем конкурсе. – И я уверен, что каждая из них после этого конкурса преумножит число своих поклонников.

 

 

1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

 

 

1-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

2- жүргізуші: Әділқазылар қыз сыны сайысының қорытындысын шығарғанша кезекті әнмен би, өлеңге берсек.
1.
2.
1- жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті.
Ал, аруларға сәттілік тілейікші.- деп сөз кезегін әділқазыларымызға берсек.
Ару қыздарды марапаттау үшін                          ортаға шақырамыз.

                 

  Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Наурыз аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды. 

             

1-жүргізуші. Вот и закончился наш конкурс. Мы благодарим Вас милые девушки за незабываемое зрелище. Аплодисменты участницам, они их поистине заслужили.

2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.

1-жүргізуші.Подравляем всех  с наступающим праздником Наурыз! Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!

 


Ашық сабақ. Сыныптан тыс іс-шара “Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан”
Ашық сабақ. «Шешен.Шешенге қойылатын талаптар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу