Ашық сабақ. Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара сценарий

Oinet.kz 06-10-2019 1142

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның өткізілу сценарийі

  oquzaman  0 Comments 

Габбасова Алла Жоломановна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қаратал орта мектебі Шал ақын ауданы

Жүргізушілер:

Өту орыны: спортзал

Көрнекіліктер:

Барысы:

1-бөлім: «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылдау
2-бөлім: Әдеби-музыкалық монтаж.

«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)

 

1-жүргізуші:Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,
Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?
Әрине тарих үшін 25  жыл түгіл,
Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.

Өзгертіп өндірдей ғып өңін елдің,
Қырандай шырқап шықтың өріне өрдің,
Жүр ақтап майдангерлер, жаңа ұрпақтар
Өсиетін, армандарын өлілердің.

Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
Келеміз замананы алға сүйреп.
Бүгін де тұр біздерге
Жер бетінде
Азаттық,
Бейбітшілік арқа сүйеп.

2-жүргізуші:Встречает день республика большая,
И если песни звонкие звучат,
То значит, все преграды сокрушая,
Простор земли родной добром объят.
Наш Казахстан! Светлы под солнцем дали
И будни напряженного труда,
Поэму современных дней создали,
Энергией, наполнив города,
И дав любви дыханье хлебным нивам
Заботой, исцеляя память ран.
Пусть будет день твой добрым и счастливым
Страна большая наша – Казахстан!

Ту кіргізу-

Әнұран

 

1-Жүргізуші:Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

 

2-Жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья! На протяжении многих лет живет и процветает наша Родина – Республика Казахстан!
С праздником тебя, родная страна!

 

Ұланбасы: (Ляйля) Мектеп, түзел, тік тұр!

Топ басшылары, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға рапорт тапсырылсын!

 

Аға тәлімгер(Тлегенов): Рапорт қабылданды.

Құрметті Зайнула Нұрымұлы, мектеп ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға дайын. Рапорт берілді.

Ұланбасы: (Ляйля) Біздің  ұйым (хор): Жасұлан

Біздің ұран (хор): Қазақстан! Нұрсұлтан! Жасұлан!

 

1 жүргізуші:
Елбасымыздың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» , «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсіміне дайындал!

Ұланбасы: Жас қырандықтарға галстук пен төсбелгі тағу рәсімі 11 сынып оқушыларына беріледі.

Музыка ойналады, төсбелгілер тағылады.

 

2 жүргізуші: Құрметті Жасұландықтар, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің  АНТЫ қабылдансын.
__________: Мен__________________________
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
• Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
• Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
• Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
• Ата-анамды қадірлеуге;
• Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
• Білімге табандылықпен ұмтылуға;
• Салауатты өмір салтын ұстануға;
• Табиғатты аялауға;
• «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге
• Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
____________:  «Біз …»
Оқушылар: «Жас Ұлан»
____________:   Ұранымыз
Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» – 3 рет.
Біздің әніміз

1 жүргізуші: Құрметті оқушылар, «Жас ұлан» ұйымына қабылдауларыңызбен құттықтаймыз! егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

 

2 жүргізуші:  Құттықтау сөз _______________________________________

«Егемен Қазақстан» 11 сынып

1 жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
«Жас Ұланға» оқушыларды қабылдаудың салтанатты кезеңі аяқталды. Біз оларға еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болуға тілектеспіз.

(әуен ырғағымен балалар орындарына тұрады)

 

Оқушы: Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.

 

Оқушы: Свободен, величав и первоздан

Звезде подобный средь земель и стран

Кюй счастья ты наигрываешь звонко

Родной мой лучезарный Казахстан!

 

2-Жүргізуші: Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.

1-Жүргізуші: Каждый год 16.12 празднуется день независимости РК. На просторах нашей республики есть несметные богатства это и редкие красивые животные ,растения и полезные ископаемые. В Казахстане есть такие прекрасные города, что по красоте они не уступят городам Азии и Европы

 

2-Жүргізуші: Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де,маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

 

Оқушы: 16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы- нағыз көркі жерімнің!

Мәңгі болсын, баянды болсын

25 жыл ғұмырың!

Құтты болсын, мықты болсын

Тәуелсіздік тұғырың!

 

Оқушы:  Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

әр адамда өз анасынан басқа да,

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт АНА.

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі- сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

 

Оқушы: Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болсада,

Төрт АНАҒА жағдай жасай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

 

Оқушы:Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төртАНА – тағдырыңның тынысы,

Төрт АНА үшін болған күрес- күрестердің ұлысы!

 

Оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,

Тіл туралы Заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .

Қуан балам ,қуанатын күн бүгін.

 

Оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

 

Оқушы: Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,

Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел Президенті сайланды;

Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.

 

Оқушы:Есть на свете немало богатых ,загадочных стран.

А для нас центр мира в бескрайних степях Казахстана

На просторах твоих , как по замыслу мудрый природы

Все пропитано чистым и радостным духом свободы.

 

Оқушы: Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп тұр,

Күн жаяды шапағын

Астында оның қалқыған

Қыран құстың бейнесі

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.

 

Оқушы:Алтын қанат көмкерген

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы ,

Бейбіт дала елесі .

Шаңырақ –жұрт панасы,

Уықтар- күн сәулесі

 

Оқушы:Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,

Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.

Көк байрағым көкте биік желбіреп,

Бірлікке бізді шақырып жатқандай.
Оқушы: Ата Заңға, қарағым,

Шексіз болсын құрметің

Туған елдің талабын,

Заңды орындау- міндетің

Бақытты өмір сүргенің

Бақ-дәулеттің баршасы,

Күліп-ойнап жүргенің-

Ата Заңның арқасы!

Оқушы: Қазақстан – Республикам менің!

Әйнегі-күн, шатыры аспан

Кең дала төсі толқыған егін

Көлдері көкке күмістен шашқан

Қазақстан – Республикам менің!

Кемуді білмес кемікті өңір

Құрсағы құтты сахара демін

Перзенті болат, қорғасын көмір

Қазақстан – Республикам менің!

Өрісте малын әндетіп баққан

Ертістің от қып толқынын жаққан

Бұлт болып аққан жұлдызды қаққан

Қазақстан – Республикам менің!

Шайқаста жаудың алқымын сыққан

Ажалға қимай намысты елін

Төлеген,Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан – Республикам менің!

Орманы пүлш, бұлағы күміс

Бұлбұлы жыршы, ұл-қызы керім

Таулары заңғар, өзені ырыс

Қазақстан – Республикам менің!

Абай туған, Сәкен туған

Құрметте достым, қазақтың жерін

Күләш пен Роза бұлбұлдар шыққан

Қазақстан – Республикам менің!

Өлең жыры бұрқақтап аққан

Жеңістің кілтін достықтан тапқан

Күнде бір көктем жаңарып жатқан

Қазақстан – Республикам менің!

Қазақ биі

2-Жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ – дәулетім,
Болашағым, өнер – білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
1-Жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған мерекелік жиынымыз өз мәресіне де келіп жетті.

 


Ашық сабақ. Қазақ тілі. Қазақ тілінің білгірі
Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу