Ашық сабақ. «Мен не үйрендім»
«Мен не үйрендім?» ашық сабағы
Мадиева Бақытгүл Советханқызы
ШҚО, Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылының Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты : Білімділік.
Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық.
Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық- танымдық қабілетін дамыту, жүмыс істеу арқылы ойлауға , ізденуге жетелеу.
Тәрбиелік.
Оқушылардың Отанға, Елордасы Астана қаласына деген сүіспеншілігін арттыру,білімділікке шақыру,өздері оқитын оқу орнын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : «Жылы алақан» тренингі, «Ортақ портрет» әдісі, ассоциаграмма құру,сөзжұбақ шешу, «Сырқы және ішкі шеңбер» әдісі, «Бес жолды өлең» әдісі, кубизм әдісі,ВЕНН диаграммасы,сұрақ-жауап, «Автор орындығы» тәсілі, рефлексия арқылы қорытындылау, «Баспалдақ » әдісі.
Сабақтың барысы : 1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
«Жылы алақан» тренингі. Оқушылар жарты шеңберге тұрып, бір-бірімен үш тілде амандасады, үш тілде бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
-Сәлем ! -Күнің сәтті болсын! -Саған мықты денсаулық тілеймін!
-Здравствуй ! -Желаю счастливого дня ! -Тебе желаю крепкого здоровья!
-Hello ! -Happy day! -I wish you strong health !
-Бүгін барлық армандарың орындалсын !
-Пусть сбудутся все твои заветные желания !
-Let your wishes comt true !
2. Қызығушылықты ояту.
1.5 «Б» «Ортақ портрет» әдісі 6 «Б» «Астана» сөзіне ассоциаграмма құру.
Оқушылар ұсынылған түрлі А-3 параққа берілген тақырыпқа келетін
түсті қағаздарға мектеп туралы сөздер жазады.
өлеңдер жазып, тақтадағы Мысалы : Елорда, құлпырған, ірі қала
суретке апарып іледі. «Бейбітшілік қаласы»,жастар
қаласы, бас қала,бай қала,
іскер адамдардың қаласы, т.б..
2. Сөзжұмбақ шешу.
1.Мектептің кіреберісінде қазақ 1.2017ж.бүкіл әлемдік студентерінің Универ-
халқының тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың сиадасы өткен қаламыз ?
сөзі жазылып тұр.Сол жер қазақша Алматы.
қалай аталады ? 2.Астана қаласы Қазақстанның қай даласында
Маңдайша. орналасқан ?
2.Біздің мектептің ауласында нелер Сарыарқа.
жайқалып өседі ? 3.Қазақстан қандай мемлекет ?
Гүлдер. Тәуелсіз.
3. Біздің мектеп неден салынған ? 4.Президент әкімшілігі орналасқан ғимарат
Кірпіштен. қалай аталады ?
4.Мектепте дене шынықтыру сабағы Ақорда.
өтетін орын қалай аталады ? 5.1999ж. Астана қаласы қай халықаралық
Спортзал. ұйымның шешімімен «Әлем қаласы»
5.Біздің мектеп үшқабатты қандай атағына ие болды ?
ғимарат ? ЮНЕСКО.
Сәулетті. 6.Елордамызға келген қонақтардың көп
6.Барлық кабинеттерде бар жиһаз ? баратын жері қалай аталады ?
Парта. «Атамекен» саябағы.
-Сонымен біз қандай тақырыпты қайталаймыз ?
-Дұрыс, 14-тақырып.
« Жаңа үлгідегі мектеп» «Астана, туған күніңмен»
-Біз жаттаған қлеңдерді еске түсірейік.
5 «Б» Әріптерді танып, 6 «Б»Сарыарқа төсінде,
Білімге еркін қанып, Сән беріп Есілге.
Қадіріңді ұқтық, Жас қала-бас қала,
Жанға ляззат алып, Астана өсуде.
Сен болмасаң мектеп, Күн болып қарайды,
Мақсатқа кім жеткен. Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
2. Мағынаны тану. Түсіну.
«Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі.
1. Білім-ғылым туралы мақал-мәтелдер айту. 1. Отан туралы мақал-мәтелдер айту.
Жеті жұрттың тілін біл, Отан елдің анасы,ел ердің анасы.
Жеті түрлі білім біл. Ит-тойған жеріне, ер-туған жеріне.
Кісінің кісілігі ,киімінде емес,білімінде.
Ғылым гауһар-бағасы жоқ, Кісі елінде сұлтан болғанша,
Надандық кесел-дауасы жоқ. Өз еліңде ұлтан бол.
Адам ақылымен бай, Бақа көлін сүйеді, бұлдырық шөлін сүйеді,
Жер дақылымен бай. Ер жігіт елін сүйеді.
Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады. Опасызда Отан жоқ.
Күш-білімде, білім-кітапта. Өз елім-өлең төсегім.
Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
Білімдіге дүние жарық, Туған жердің жуасы да тәтті.
Білімсіздің күні кәріп.
Кітап-алтын қазына. Отанын сүйген отқа жанбайды,суға батпайды.
Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ. Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.
Ел-елдің бәрі жақсы,өз елің бәрінен жақсы.
Туған жер-тұғырың, туған ел-қыдырың.
Оқушылар өздері айтқан мақалдарын дәптерге жазады.
2. Қолдану.
«Бес жолды өлең» әдісі.
Жұппен жұмыс.
Ұсынылған сөздер :
Мектеп,сынып,сыныптастар. Астана,қала,Қазақстан.
1.Мектеп. 1.Астана.
2.Үшқабатты , әдемі. 2. Көрікті, жас.
3.Оқытады,тәрбиелейді,ұшырады. 3.Орналасқан,өтеді,ашылды.
4.Мектеп менің алтын ұям. 4.Астана-қазақ елінің мақтанышы.
5.Білім ордасы,білім ұясы,білім бағы. 5.Елорда, қала.
1.Сынып. 1.Қала.
2.Жарық,ыңғайлы. 2.Әдемі,ірі.
3.Оқимыз,көреміз,ұстаймыз. 3.Көркейген,өскен,құлпырған.
4.Сынып заманауи техникамен жабдықталған. 4.Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп
келеді.
5.Кабинет,оқу бөлмесі. 5.Орталық, шаһар.
1.Сыныптастар. 1.Қазақстан.
2.Әділ,сенімді. 2.Тәуелсіз,егемен.
3.Бірге жүреді,оқиды,талдайды. 3.Дамыған,өркендеген ,құлпырған.
4.Сыныптасы көптің-олжасы көп. 4.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз
5.Достар,құрбылар,құрдастар. 5.Отан,туған жер,Атамекен,Жерұйық.
2. Кубизм әдісі.
Топтық жұмыс.
1.Зерттеу. 1. Зерттеу.
-Мектебің қай жылы салынған ? -Астана қаласының тарихы жайлы не білесіңдер ?
2. Суреттеу. -1998ж.астананың Алматыдан Ақмолаға көшірі-
-Сенің мектебің қандай ? луіне байланысты қала Астана атына ие болды.
-Әдемі,үлкен,биік,үшқабатты,заманауи, Ресей империясы кезінде бекініс болған.Қала-
ірі,атақты… ның тағдырына үлкен әсер еткен тың жерлерін
3.Салыстыру. игеру еді.Қазақстанның астығының астанасы
-Жақсы оқу үшін не істеу керек ? болған.
-Өзбетінше көп оқу керек.Үнемі берілген 2.Суреттеу.
тапсырманы ізденіп,көбірек қосымша -Астананың қандай белгілі орындарын білесіңдер?
білім алуға тырысу. Ізденімпаз, -Ақорда, «Бәйтерек» , «Пирамида» , «Аквапарк»
мақсатшыл болу керек. «Хан шатыр» …
4.Өз пікірің. 3.Салыстыру.
-Өз мектебің ұнай ма? -Астана қаласын танымал ету үшін не істеу керек?
-Әлемдік деңгейдегі жиындар өткізу.Мысалы :
5.Білімің. Самиттер,Олимпиада ойынын,ойын-сауық кешен-
-Мектептерің қандай болса екен деп дер, бес жұлдызды қонақ үйлер салу керек.
ойлайсыңдар ? 4.Өз пікірің.
6.Қолдану. «Астана – әсем қала» деп айтады ?
-Не үшін жақсы оқу керек ? Өйткені Астана еліміздің жүрегі,мақтанышы,
-Мықты,бәсекеге қабілетті болу үшін. абыройы. Қаламыз жылдан-жылға көркейіп келеді .
Әдемі,зәулім ғимараттар өте көп.Астана-болашақтың
қаласы.
5.Білімің.
-Астана күні қашан тойланады ?
-Астана қаласына қандай тілектер айтар едіңдер ?
-Біздің Астана –әлем қалаларындай әйгілі,көрікті
болса екен.Әлемнің ғажайыптарының қатарына
кірсе дейміз.
6.Қолдану.
-Астанада тұратын оқушыларды қала күнімен
құттықтап,ашық хат жазыңдар.
Құрметті Астана қаласының оқушылары !
Сендерді «6-шілді-Астана күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
Сендерге зор денсаулық, ашық аспан,бақытты балалық шақ
тілейміз.
Тілек білдіруші : 6-сынып.
3. Тыңдалым. Оқулықтың 19 беті. 3. «Жұбыңды тап !» ойыны.
Мәтінді тыңдату. Мұғалім қағазға жазылған сөздер мен сөз
ВЕНН диаграммасы арқылы тудырушы жұрнақтарды ұсынады.Әркім өзжұбын
Мәтіндегі мектеп пен өз мектебін тауып,жаңа сөз бойынша тез сөйлем құрап айтуы
салыстырады. керек.
Ұсынылған сөздер мен қосымшалар :
Әкім-шілік,тәуелсіз-дік,егемен-дік,қала-шық,
Қазақ-стан,дос-тық,тарих-и,көрік-ті.
Сөйлемдер : Астана қаласының әкімшілік орталығында Ақорда
орналасқан.
Қазақстан 1991 ж. өз тәуелсіздігін жариялады.
Қазақстан егемендік жолында көптеген табыстарға
жетті.
Қалашық сыртында қарағайлы орман өсәп тұр.
Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілікті ұстанатынын
дәлелдеді.
Астанада достықты насихаттайтын Достық сарайы
бой көтерді.
«Атамекен» саябағында тарихи ескерткіштер өте көп .
Астананың көрікті жерлерін араладық.
Мұғалім : -Абай сөзіне құлақ салайық.
«Сәулең болса кеудеңде,мына сөзге көңіл бөл»
-Абай атамыз балаларды оқуға шақырған да,қандай өсиет айтқан ?
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін шумақтап оқиды.
Мадина :Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Ангелина : Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз.
Елжан : Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік,мақтаншақ,
Еріншек,бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Динара : Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым,ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Мұғалім : -Мектеп өмірі несімен қызық ? Достарың көп,олармен қарым-қатынас жасайсың,оқу оқисың,қызықты мәліметтер аласың.
-Мектепте жақсы оқу үшін қандай жағдай жасалған ?
Кітапхана,спортзал,ғаламтор бар.
-Білімді азамат болу үшін не істеу керек ?
-Мектеп оқушысы қандай болу керек ?
-Мектеп деген не? Өлеңмен айтып түсіндірейік.
Мадина : Мектеп-сенсің адалдыққа үйреткен,
Мектеп –сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп –сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп –сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
Ангелина : Мектеп деген білім кені,жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Елжан : Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Динара : Мектеп,мектеп-менің жарқын көңілім,
Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім.
Диана : Мектеп,мектеп-әнім болып төгілдің,
Мектеп,мектеп-анам болып та көріндің.
5 «Б» 26б. 3-тапсырма :Берілген сөздерден өлең жолдарын құрастырып жаз.
қуған оқып жетпек
Қарағым жүйрік жүрме ! Жасынан
оқу кеменгерге көңілі
өнер Жан босқа оқы оқу
Қарағым,оқу оқы,босқа жүрме!
Жасынан оқу оқып,өнер куған,
Жан жетпес көңілі жүйрік кеменгерге… М.Жұмабаев.
6 «Б» Мұғалім : -Қазақстанның мақтанышы- Астана екенін
дәлелдедік.Астана туралы жаттаған
өлеңдерімізді оқиық.
Дильназ : Астана-қазағымның бас қаласы,
Арқада бой көтерген жас қаласы.
Көшірген Астананы орталыққа-
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.
Саят : Ауыр сын ,қиындықтан жасқанбаған,
Сарыарқаға көш бастап басқан қадам.
Бүгінде дос сүйініп,әлем танып,
Атағы Астананың аспандаған.
Ердәулет :Желбірейді көк байрағың көгінде,
Кереметсің көрік берген өңірге.
Ғаламдағы керемет боп,
«Бәйтерегің» жарқырап тұр төрінде.
Шат қалам менің ,бақ қалам менің,
Бақ қаласымен мақтанған елім.
Жайнай бер гүлдей астында күннің,
Астанам менің, Ақ қалам менің !
Қорытынды : Түйін.
«Автор орындығы» тәсілі.
Оқушылар тақырып бойынша бір-бір сөзден айтып,соңында тақырыпқа қатысты толық бір фраза айтады.
5 «Б» Диана : Мектеп- 6 «Б»Настя : Астана-
Мадина : білімнің қазынасы, Жасұлан : Қазақстанның
Динара : Мұғалім- Ердәулет : абыройын
Ангелина :өмірдің Саят : асыратын
Елжан : арнасы.Ы.Алтынсарин. Карина : қаласы.
Мадина : Мектеп-білімнің қазынасы, Дильназ : Астана-Қазақстанның абыройын
Мұғалім-өмірдің арнасы. асыратын қаласы.
Үйге : «Менің мектебім» эссе жазу. «Менің Астанам» эссе жазу.
Бағалау : «Бапалдақ » әдісі бойынша.
«5»-өте жақсы білемін, «4»-жақсы білемін, «3» орташа білемін, «2»- көп нәрсе түсініксіз болды.
«-» түсінбедім.
Рефлексия жасау :оқушылар смайликтер арқылыалған әсерлерін көрсетеді.
Соңғы слайд : «Сау дене, азат ақыл,адал көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір.»