Қожанасыр хикаялары. «Өлген» қазан

Oinet.kz 06-10-2017 1463

Өлген қазан

Бір күні Қожанасырдың үйіне қонақ келіп қалады. Қожанасырдың үйінде кішкентай ғана қазан бар екен. Біл қазанға пісірген асы қонақтарына жетпейтін болады. Сондықтан Қожа көршілер отырған байдың үлкен қазанын сұрайды.

Бай қазанын бергісі келмейді. Қожанасыр зорға дегенде сұрап алады. Тамақтарын ішіп, қонағын жөнелтіп болған соң, Қожа байдың қазанын алып барады. - Уа, Қожа, қазанымды сырдырған жоқпысың? - деп, сұрайды. - Жоқ, тақсыр, қазаныңыз сынған жоқ, қайта балалады! – дейді Қожа. - Не айтып тұрсың? Қазан балалай ма екен? – дейді бай. - Сенбесеңіз, келіп көріңіз! Міне, қазаныңыздың баласы, - деп, Қожа байдың қазанының ішінен бір кішкентай қазанды алып көрсетеді.

Бұл Қожанасырдың: «Бай не айтар екен?» - деп, әдейі әкелген өз қазаны. Бірақ: «Кішкентай қазанымды өзіме қайтарып берер», деп ойлаған еді. Қолына түскен олжадан бай тегін айырылар ма! - Уа, Қожа, рахмет. Керек болса, қазанды тағы да алып тұруыңа болады, - дейді бай көңілденіп.

Бір қазаны екеу болған соң, көңілденбей қайтсін.

Қожа қазансыз қалады. Бірақ амал не? Апарған өзі. Қазанын тастайды да, үйіне қайтады.

Біраз уақыт өткен соң Қожа әлгі байдың қазанын тағы да сұрайды. - Алыңыз, алыңыз, Қожеке! – дейді, қазаны қазан тауып, дәндеп қалған бай. «Бұл жолды да Қожа қазанымның ішіне бір нәрсе салып әкелер», - деп ойлайды бай.

Қожа байдың қазанын қайтармай қояды. Бір күн өтеді, екі күн өтеді, үшінші күні бай қазанын өзі іздеп келеді. - Уа, Қожа, қазаным қайда? – дейді бай, есіктен кірген бойда. - Байеке, айыпқа бұйыра көрмеңіз! Қазаныңыз екі күн ауырып, бүгін өлді. Қазір өзім барып сізге естіртіп, көңіл айтқалы отыр едім,- дейді Қожа қынжылып.

Бай ашуланып, бұлқан-талқан болады. - Ақымақ! Не айтып отырсың? Қазан өле ме екен? Тез тауып бер! – дейді. - Байеке, сөкпеңіз! Туа білген қазан, өле біледі, - дейді.

Ертегі. Еріккен хан
Қожанасыр хикаялары. Қожанасырдың өкпесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу