Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
22-08-2023
Орал көтерілісі (1869) – Орал облысында болған ұлт-азаттық қозғалыс. Көтеріліс Ресей өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша Ережеге” (“Далалық облыстарды басқару жөніндегі Ереже”) қарсы бағытталды. Ресей өкіметінің 1867 – 1868 жылғы реформалары, алым-салықтың көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе түсуі, қазақ халқының жаппай наразылығын тудырды. 19 ғасырдың 60-жылдарында әр түтінге салынатын салықтың мөлшері 10 – 12 сомға жетіп, әр отбасынан жеке-жеке өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты алымға айналды. Кіші жүз қазақтары мемлекет кіресін тегін тарту үшін (Наурызым орманынан Сырдария бойындағы қалаларға ағаш тасу, т.б.) түйешілермен қоса 4 мың түйе беруге, Орта Азия хандарына жорыққа шыққан патша әскерлерін азық-түлікпен, баспанамен, жылы киімдермен, т.б. жабдықтауға міндетті болды. Жергілікті әкімдер көлікпен, қаражатпен халық есебінен қамтамасыз етілді. Күйзеліске ұшыраған қазақ кедейлері топ-тобымен казак-орыс шептеріне, қалаларға жалданып жұмыс істеуге кете бастады. Жалшылардың егіншілікпен айналысуына тыйым салынды. 1868 жылғы “Ереже” бойынша жер үкімет меншігі болып жарияланды. Қазақтар пайдаланған жері үшін түтін басы салығын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом 50 тиын төлеуге, түрлі қосымша алымдар төлеуге тиіс болды. 1869 жылдың басында елге ұйымдастыру комиссиялары шықты. Комиссия халық санағын жүргізіп, салық жинауға, жергілікті әкімдер сайлауын өткізуге, болыстар құруға кірісті. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтерілістің шығуына тікелей түрткі болды. Табын, Кете, Таз, Шеркеш, Есентемір руларының қарулы көтерілісшілері 1869 жылы наурызда Гурьев қаласындағы ұйымдастыру комиссиясына шабуыл жасап, 10 көлік пен 900 сомның бағалы заттарын қолға түсірді, комиссия мүшелері қашып кетті.
фон Штемпель отрядының белгісі
Елек өзенінің бойында 200 солдат күзеткен азық-түлік отрядына 600-ге жуық көтерілісші қазақтар шабуыл жасады. 1869 жылы наурызда ұйымдастыру комиссиясына қарсы көтеріліс Орал облысын түгел қамтыды. Көтеріліс жаз шыға күшейе түсті. Көтерілісшілерді Т.Есенжанов, І.Өтерғазин, О.Нақанов, О.Байғожин, Ү.Сүтемгенов, Б.Жездібаев, Ж.Намазов, т.б. басқарды. Ханкөл, Азнабай, Тайпақ, Өлеңті, Қурайлы аймақтары көтеріліс орталығына айналды. Көтерілісшілер казак-орыс селолары мен сауда керуендеріне 41 рет шабуыл жасады. Көтерілісті басуға 5300 солдат, 20 зеңбірек бөлінді. С.Түркебаев, Б.Ұсман басқарған 20 мыңдай көтерілісші 2 зеңбірегі бар фон Штемпельдің 360 солдатын Калмыково қамалына шегіндірді. Көтерілісшілердің енді бір тобы Григорьевтің 150 солдатына,Рукиннің 300 солдатына тойтарыс берді. Патша өкіметі көтерілісті біржола басуды Орал облысының әскери губернаторы Н.Н. Веревкинге тапсырды. Ол 1700 солдат, 1 атқыштар ротасымен Қазыбек биігіне келді. Қатары сиреген көтерілісшілер бұл күшке қарсы тұра алмады. Патша әскері көтерілісшілерді ауылдарымен бірге аяусыз жазалады. Кіші жүз қазақтарының үштен бірі Орталық Азия хандықтарына өтіп кетті. Қалғандары түтін сайын 1 сомнан айып төледі. “Жаңа Ереже” күшпен енгізілді, әрбір үй, мал есепке алынды, 144 мың сом контрибуция өндіріліп, 511 адам әскери сотқа берілді. Көтерілістің ең табанды, қажырлы басшысы С.Түркебаев түрмеде азаптап өлтірілді. Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да қазақ халқының отарлау саясатына қарсы қозғалысының ерекше көрінісі болды.