Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 8 сынып. Қорқыт ата өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 05-10-2019 1966

Сабақ 3-сабақ

МЕКТЕП№17 ОМ

Күні:

Мұғалімнің   аты:  Бекешова Гульфия Мукатаевна

СЫНЫП: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы          Қорқыттың нақыл сөздері

Оқу мақсаттары

  8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен   пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

8.1.3. 1 - көркем   шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

Сабақ мақсаттары

Әдеби жанр түрлерінің   даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру

Сабақ    нәтижесі:

Оқушылардың   барлығы мынаны орындай алады:

Қорқыт ата   туралы айта отырып,   нақыл сөздерінен  мәлімет алады

Оқушылардың   көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз   бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме   ресурстармен  жұмыс жасайды.          

Оқушылардың   кейбіреуі мынаны орындай алады:

.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға   салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастырады . 

Бағалау   критерийлері

o    жанр түрлерінің даму барысын бағалай   алады;

o    жырдағы көтерілген мәселелердің   жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға бере алады.

               Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен   фразалар:

Лиро-эпостық жыр,   жанр, салт-дәстүр, жаугершілік

Сыныптағы   диалог/жазу үшін сай келетін пайдалы лексика/терминология

Менің байқағаным,...

Менің    ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы оқу

«Қорқыт   баба» жыры

Пәнаралық байланыс

тіл, тарих, өнер

АКТ

Шығармаға қатысты   презентация

Құндылық

Адалдық, құрмет,   ынтымақтастық, отансүйгіштік, достық

Жоспар

Сабақ барысы

Жоспарланған   қызмет түрлері

Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

«Коллаж әңгіме»

Оқушылар түрлі-түсті   суреттері бар

 журналдардан   салт-дәстүрлерге, елдік, ерлікке қатысты суреттерді қиып алып, флипчартқа   жабыстырып, салт-дәстүр мен ерлікке байланысты тақырыптың бірін таңдап,   соларға қатысты әңгіме құрастырады.

Өтілген тақырыпқа   байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.      Қорқыт ата кім болған?

2.      Ол қандай қасиеттерімен ел есінде   қалған?

3.      Қорқыт ата өлімне қашып құтыла алды ма?

4.      Өмірде өлмейтін не нәрсе?

Сабақта «Қыз Жібек» жыры бойынша талқыланатын тақырып, мақсат және   бағалау критерийлері таныстырылады.

  Бағалау   критерийі:

·           Эпизодтарды   салыстыра талдайды.

·           Кейіпкерлерге   салыстырмалы мінездеме бере алады.

 

 

Мағынаны тану

 

Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты.   Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп   – тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой...

            Ол алдымен оғыз қауымның мүшкіл қалін айтқан. Нендей іс болса да,   әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт атаның сөзінхалық   ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.

            Қорқыт ата сөйлейді:

-            Алла,   Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше ер байымас. Әзелде жазылмаса,   құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкімде өлмес.Өлген адам   тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе,   жияр,көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей шұбыра   сулар тасыса, теңіз болмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде   дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп жер, киер   де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас. Қара   есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да,   ханым болмас. Жапалақ – жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз   болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Ер   малын қимайынша, аты шықпас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл   атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті   ұлың болса, ошығыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.

Қорқыт ата тағы да сөйлейді, тыңдап   көрелік, не дер екен.

-            Мықты   жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне білмес, ол мінгенше, мінбесе игі... қонақ   келмеген үйдің құлағаны артық. Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі.   Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі. Баба атын шығармаған   жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Жалған сөз бұл дүниеде   болғанша, болмағаны игі.

Қорқыт ата тағы сөйлейді, тыңдап көрелік   не айтар екен:

-            Жердің   соңы шөбін киік білер. Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер. Айырым –   айырым жол сүрлеуін түйе білер. Жер бұлақтың хош иісін түлкі білер. Түндн   керуен көшкенін қараторғай білер. Ердің батқанын ат білер. Ауыр жүктің   салмағын тұлпар білер. Қаперімде бастың ауырғанын ми білер. Қыл қобызын   арқалап, елден елге, бектен бекке жырау кезер...

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел   көрікті. Самай шашы ағарған баба көрікті. Ақ ссүтіне тойғыза – тойғыза   емізген ана көрікті. Жанашыр  ағайын   туған көрікті. Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті.   өнегелі баба көрікті.   

Дәптермен жұмыс:Нақыл   сөздерді тақырыптарға бөліп, дәптерлеріне жазады        

 

           

                                  Топтық бағалау.

 

Бағалау критерийіТапсырмаДескрипторОқушыӘдеби жанр     түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру 1жырда талқыланатын     мәселелерге қатысты әңгіме құрастырады.жанр түрлерінің     даму барысын бағалайдыжырдағы     жаңашылдыққа өмірмен байланыстырып баға бередіОйталқыға қатысады2Белгілі бір     тұжырымға сай ойталқыға қатысады   

Саралап оқыту:

Қорқыттың нақыл сөздері                                                     Қазақ мақал-мәтелдері
  Күлді қанша үйгенмен, төбе болмас.
  Ежелгі жау ел болмас.
  Ат қиналмай жол болмас.
  Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
  Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
  Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
  Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
  Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас.
  Ежелгі дұшпан дос болмас.
  Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.
  Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес.
  Ер малын қимайынша, аты шықпас.

Жазылым тапсырмасы.

Жырдағы айшықты сөз өрнектерін басқа синонимдермен ауыстыру.

Бағалау критерийі:

·           Айшықты   сөз өрнектерін таба алады

·           Оларды   синоним сөздермен ауыстыра алады.

Топтар бойынша талқылау сұрақтары: 

Әмеңгерлік салтқа көзқарасың қандай?

Төлегеннің өліміне әкесінің теріс батасының әсері бар   ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://ikitap.kz/reader/qyz_zhibek_shege_aqyn_nusqasy

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.ikitap.kz/reader/qyz_zhibek_sejfullin

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

Рефлексия. «Әлемдi шарлау» әдiсi

Бiр топтан екiншi   топқа ауысып жүрiп, сабақ бойынша талқылаулар жасайды.

«Қосу-алу-қызықты» әдісі арқылы тақырыпты   қорытындылайды.

ҚосуАлуҚызықты

 

Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі.

Үйге: 


Қосымша ақпарат

Саралау – білім   алушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті   оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –   оқушылардыңбілімді игерулерінтексеруді қалай жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық пен   қауіпсіздікті тексеру

АКТ байланыстары




Рефлексия

Сабақ міндеттері /   оқу міндеттері орындалды ма?

Білім алушылар бүгін   не үйренді?

Сабақтағы ахуал   қандай болды?

Жоспарланған саралау   жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқулар   болды ма?

Жоспарға қандай   өзгерістер енгізілді?? 

Сіз өткізген сабақ   туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы   бағандағы сіздің сабағыңызға анағұрлым тән сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды баға

Қандай 2 аспект   шынымен де жақсы іске асты (оқыту мен оқуды ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай 2 аспект   сабақты дамытар еді (оқыту мен оқуды ескеріңіз)?

1:

2:

Менің келесі   сабағыма әсер ететін сынып туралы немесе жеке білім алушылар туралы не   білдім?









 

 


Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы
Ашық сабақ: Оқушының ой-белсенділігін дамыту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу