Ашық сабақ. Рәміздерім мақтанышым. Оқушыларға мемлекеттік рәміздерді таныстыру
Тақырыбы: Рәміздерім мақтанышым
Мақсаты:Оқушыларды мемлекеттік белгілер-рәміздерімен жан-жақты таныстыру.Мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру. Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Көрнекілігі:ҚР рәміздері, нақыл сөздер, слайд
Барысы:
Мұғалім:Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992жылы 4маусымда Мемлекеттік рәміздерТу, Елтаңба,Әнұран бекітілді.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып бекітілді.Қр Коннстутиясы 1995жылы 30тамызда референдумда қабылданды.9-бөлім,98-баптан тұрады.9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері-Туы,Елтаңбасы,Әнұранын сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конститутциялық заңмен бекітілген. 34 –бапта әркім республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.
І бөлім
Мұғалім Мемлекеттік туымыздың авторы кім?
Оқушы Ш.Оңдасынұлы Ниязбеков.
ҚР мемлекеттік Туының авторы,Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері,Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушыларының бірі.
Мұғалім: Елтаңбамыздың авторы кім?
Оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы. Шотаман Уалиханов
Мұғалім: Ал Әнұран қалай өмірге келді?
Оқушы: Ш.Қалдаяқов-әнін жазған ақын.
Оқушы: Сөзін жазған Жұмакен Нәжімеденов.
ІІ бөлім.
«Бәрін білгім келеді»
Тәуелсіздік жылы /1991ж 16 желтоқсан/
Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады. /1992ж/
Тұңғыш Конститутция қабылданды. 15қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. /1993ж/
30 тамыз жаңа Ата Заңымыз қабылданды. /1995ж/
Халықтар тұтастығы мен тарих жылы /1998ж/
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы /1999ж/
Мәдениетті қолдау жылы /2000ж/
Қазақстандағы Ресейді жылы /2001ж/
Денсаулық жылы /2002ж/
Ауыл жылдары /2003-2005ж/
Тәуелсіздікке 15 жыл.Желтоқсанға 20 жыл /2006ж/
Қазақ тілін қолдау жылы /2007ж/
Астанаға 10 жыл /2008/
Қазақстанның Украинадағы жылы /2009ж/
ЕҚЫҰ саммиті /2010ж/
Қысқы Азияда олимпиадасы /2011ж/
ІІІ бөлім.
«Ойындар мен тапсырмалар»
Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар
Елтаңба: ел, таңба, таң, аң.
Байрақ: бай, ай, қар, ар.
Әнұран: ән, ұран, ұн, нан.
Төл құжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта бейнеленген. /Елтаңба/
Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. /Ту/
Республика,облыс, аудан көлемінде маңызды салтанатты жиындарда орындалады. /Гимн/
4 бөлім.
Қорытынды
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерің, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет...
Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін.» Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болыңдар демекпін.