Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 7 сынып. Шортанбай Қанайұлы өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 05-10-2019 5030

Тексерілді:

Мектеп: №115ЖББМ

Пәні:Қазақ әдебиеті

Сыныбы:7 «А»

Қатысқандары:

Қатыспағандары:

Күні:24.11.2017ж

Пән мұғалімі:Ботыбаева Аяулым Қайырбековна

Бөлім:

«Толғауы тоқсан қызыл тіл»

Сабақтың тақырыбы:

«Зар заман және Шортанбай»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

7.7.4.4. көркем шығарма тақырыбы мен идеясын негізге   ала отырып, өзіндік пайымын қағаз бетіне түсіру;

Сабақ мақсаттары:

Барлығы:

·           Автор бейнесін анықтайды;

·           Шығармадағы көркемдегіш құралдарды біледі;

·           Шығарманы талдайды;

·           Эссе жазады.

Көбі:

·           Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;

·           Шығармадағы көркемдегіш құралдарды талдайды;

·           Әдеби эссе жазады.

Кейбірі:

·           Әдеби эссе жазуда ұлттық құндылықтарды өте жақсы   қолданады;

Шығармадағы   көркемдегіш құралдарды талдай отырып, қолданады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

Ø  Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор   бейнесін анықтайды.

Ø  Шығармадағы көркемдегіш    құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора,   аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдайды.

Ø  Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды, әдеби   эссе жазады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Зар заман,Эпитеттер, ассонанс, аллитерация, заман   көріністеріне дәлелдемелер.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

«Зар Заман және Шортанбай»эссе жазады,   Шортанбай толғауларының көркемдігі мен жанрлық ерекшелігін жазады.Зар заман, тар заман, азулы, азусыз,хал кету,   пара алу, тәубеден жаңылу т.б.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Ш.Қанайұлы    толғауын неліктен «Зар заман» деп атаған?

Ақын заманның қандай өзгерістеріне шошына қарайды?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Эссеге қойылатын талаптар:

·           Кіріспе, негізгі   бөлім, қорытынды бөлімдер нақты айқындалып құрылуы шарт.

·           Тақырыптан   ауытқымаған дұрыс.

·           Өмірмен байланысты   болуы тиіс.

·           Өзіндік тың   пікірлер келтіру шарт.

·           Мақал – мәтелдер   мен фразеологизмдерді қолдану керек.

·           Көлемі 50-70 сөз.

 

Құндылықтарды игерту:

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды,   ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды,   өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты бекіту сабағы.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Осыған   дейін меңгерілген білім

«Мына заман қай заман?» мәтін  бөлшектерін    талдады

Жоспарланатын   уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған   жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың   басталуы

5 минут

 

 

Ұйымдастыру

Оқушылармен   амандасу. Жұп болып бір-біріне сәттілік тілейді.

Шортанба»   Қанайұының «Зар  заман» толғауының   шумақтары бір оқушы оқып тұрады, сол арқылы

5 топқа   бірігеді.

1-топ.

Зар заман, зар заман,

Зарланып өткен бір заман…

…Жөн білмеген жамандар

Ел билеген бек болды,

Көтере алмай билігін,

Ұласқан үлкен кек болды…

2-топ.

Арам сулы балаға

Атаның сөзі ұнамас.

Заманақыр боларда

Алуан-алуан жан шықты,

Қайыры жоқ   бай шықты

3-топ.

Қыс көбейді – жаз аз боп,

Бай таусылды – мал аз боп,

Ағайыны көре алмай,

Атаға бала араз боп.

Әр нәрсенің болжалы

Келе жатыр жақындап

4-топ

     Байлар ұрлық қылады,
      Көзіне малы көрінбей,      

    Билер жейді параны
 
    Сақтап қойған сүріндей.

    Заманың сенің құбылды

     Текметтің   түріндей...

5-топ.

Тарлығының белгісі:

Жақсы – жаннан түңілген,

Жаман – малдан түңілген,

Мұның өзі – зар заман.

Топ   бақылаушыларын сайланады..«Ұтымды ой» әр топ жыр жолынан бір сөйлем ұсынады.   Қай топ жақсы ой ұсынғанын өзара талдайды, бағалайды.

 

Үй жұмысы. Өткен   сабаққа шолу жасау. «Тест интервью» әдісі. Топпен ақылдасып  жауап береді.

1.      Сөз басында Нұрасыл мен Ләйләнің әңгімесіне арқау   болған  көркемсөздер

2.        «Зар заман ақындары» туралы    ұғымды

енгізген кім, өкілдері кімдер ?

3.      Ш. Қанайұлының өмірі туралы   қандай деректер алдыңыздар?

4.      .«Зар заман» өлеңі қандай сөздермен   басталады? Неліктен деп ойлайсыз?

5.      Шортанбай   өмір сүрген заман қандай еді?

6.      Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?

7.      Шортанбай  шығармаларынан қандай

 тәлім-тәрбие алдыңдар?

8.      Шортанбай өлеңдерінен заманның бұзылған белгілерін   табыңыздар, қандай өзгерістер енді?

9.      Ақын өз   заманының қандай өзгерістерінен шошына жырлайды?

10.  Өлеңмен   таныса отырып қандай сезімде болдыңыздар?

«Үш шапалақ» бағалау

 

 

 

«Зар заман» өлең шумақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тест инервью» интербелсенді тақтадағы сұрақтар

Сабақтың ортасы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту   сәті

2 минут

 

 

17 минут

 

 

 

 

 

 

Тапсырма №1  «Тақтамен бөліс» әдісі

Сұрақ:

  • «Зар заман» өлеңін        оқу арқылы авторды қандай адам деп ойлайсыңдар? Тақтаға әрқайсысың бір        жауаптан жазыңдар. Жауаптарының 1-2 сөзден немесе сөз тіркесінен болғаны        жөн екені ескертіледі.

Мынадай жауаптар болуы мүмкін: зар заман ақыны, өз   елін сүйетін, арманына жетке алмаған, т.б.

Кері байланыс. Оқушылар жазып   болғаннан кейін,  олардың жазған кейбір   сөздерін өздеріне бағыттап сұрақ қоямын.

           Мысалы, «Неліктен өз елін сүйетін ақын деп   ойлайсыңдар?» – деген сияқты. Топ мүшелері бір-бірімен сөйлеседі, өлеңнің   мазмұнына сүйене отырып, жауап береді.

Бағалау критерийі ДескрипторОқушышығармадағы     автор бейнесін анықтайды. автор бейнесін     анықтайды өз ойларын     дәлелдейді

 

Тапсырма №2

 Топтар берілген   кестені толтырады.

1-топқа

Өлеңнен үзіндіҮзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш     құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?Азулыға бар заман,  Азусызға тар заман!  

 

 

2-топқа

Өлеңнен үзіндіҮзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш     құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?Әуелгі қорлар зор болды,Сондай зорлар сор болды.Әуелгі барлар жоқ болды, Сондай жоқтар тоқ болды.      

3-топқа

Өлеңнен үзіндіҮзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш     құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?Жақсы -жаннан түңілген, Жаман     -малдан түңілген           

4-топқа

Өлеңнен үзіндіҮзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш     құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?Арам сулы балағаАтаның сөзі     ұнамас.     

5-топқа

Өлеңнен үзіндіҮзіндідегі қарамен берілген сөздер көркемдегіш     құралдың қай түріне жатады? Неліктен көркемдегіш құралға жатады?      

Кері байланыс

     Топтар кестелерін сағат тілінің   бағытымен өзінен кейінгі топқа береді. Оқып танысқаннан кейін, жауаптарын   одан әрі нақтылау немесе түсінбегендерін білу мақсатында кестені толтырған   топтарға сұрақ қояды.

Бағалау критерийі ДескрипторОқушыкөркемдегіш     құралдардың қолданысын талдайдыкөркемдегіш құралдың түрін анықтайдықолданысын талдайды

 

 

 

 

Тапсырма №3

      Ақын Шортанбай   толғауының көркемдігі мен жанырлық ерекшеліктеріне мән беріп, берілген   мәтіндерден

«Заманың сенің құбылды, Текеметтің түріндей...!» -

деп жырлауының себебі неде?

Өз ойыңызды 50-60 сөз көлемінде эссе түрінде жазыңыз.   «Автор орындығы» бойынша оқып, кері байланыс жүргізіледі.

Бағалау критерийі Дескриптороқушышығарманы ұлттық құндылық     тұрғысынан талдайды, әдеби эссе жазадымазмұнды түсінедіұлттық     құндылықпен байланыстыра талдайдыәдеби     эссе жазады

 

«Екі жұлдыз, бір   ұсыныс» бағалау.

Тақта

Шортанбайдың суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың

 соңы

Рефлексия

3 минут

 

Ойтаразы. «Шығу парағын» жартысы ауызша, жартысы   жазбаша жауап береді.

Байқағаным...Білгенім...Түйгенім...    

 

Үйге   тапсырма: 10-тапсырма, ½-мәтін


Қосымша ақпарат




Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету   үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп   отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін   қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
  Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже,   қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге   асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.  

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған   білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін   пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің   көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың   қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын   дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай   мүмкіндік бар?


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу   атмосферасы  қандай болды?   Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды   ұстандым ба? Мен   жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде   берілген бөлімді осы сабақ  туралы   ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға   қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы   баға

Сәтті   өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай   екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және   оқытуға қатысты)?

1:  

 

2:

Осы   сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма   дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 









 

 


Сатқындық туралы ұлағатты сөздер
Мейірімді туралы ұлағатты сөздер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу