Сүйіспеншілік туралы ұлағатты сөздер

Oinet.kz 05-09-2020 1472

Тамаққа деген сүйіспеншіліктен шынайырақ сүйіспеншілік жоқ шығар.

Бернард Шоу

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.
Бауыржан Момышұлы

Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.
Павлов Иван Петрович

Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған.
Жан - Жак Руссо

Егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да, бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса, ол тез арада құрып бітер еді.
Ілияс Есенберлин

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Лев Толстой

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Нұрсұлтан Назарбаев

Ашық сабақ. Геометрия. 7 сынып. Планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу
«Наурыз аруы» іс-шара сценарийі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу