Онлайн әлем: бала үйде, қиялы түзде
22-10-2020
Жанғабылова Кенжегүл Ғаниқызы,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Жөлек ауылы
«№152 қазақ орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Пән:Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3А. Сандармен амалдар орындау | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.2.** Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.5.2.2.* «+», «-», «=» таңбаларын, цифрларды қолдану |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды оқиды, жазады, ажыратады және салыстырады Көптеген оқушылар: 20-ға дейінгі сандарды салыстырады, «>»,«<» «=» таңбаларын қолдана алады . Кейбір оқушылар: 20-ға дейінгі сандар мен таңбаларды қолдана отырып теңдік пен теңсіздікті құра алады . |
Бағалау критерийлері | 1. 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды салыстырады. 2. «>». «<»және «=» таңбаларын қолдана отырып 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды салыстырады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: артық, кем, теңдік, теңсіздік. Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Кімдер аз немесе көп? Нешеге аз немесе артық? Ең үлкен бір таңбалы санды ата? Ең кіші екі таңбалы санды ата? |
Құндылықтарды дарыту | Ұлттық құндылықтарды дарыту: Реттілікті, ынтымақтастықты , тәртіптілікті дарыту. Өзін-өзі құрметтеуге қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыстар | Сауат ашу, дүниетану, дене шынықтыру |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, ламинатталған парақшалар, суреттер, тапсырмалар, бағалауға арналған парақшалар |
Бастапқы білім | 1-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады, салыстырады, тура және кері санайды |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 6 мин | Сабақ барысы: Психологиялық ахуал. Балаларды шеңберге тұрғызу. Балалардың сабаққа жағымды ахуалын қалыптастыру. Математика қызық пән , Бәріміз оны білеміз. Қызықты есеп шығарып , Тез жауабын береміз! Алдыңғы білімдерін пайдалана отырып жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін «Орныңда тап» ойынын ұйымдастыру. Ол үшін балаларға 1-ден 20-ға дейінгі және «>». «<»және «=» таңбалары жазылған парақшаларды таратып беремін. Парақшалар сырты жасыл, көк, сары түстер. Сол түстер арқылы топқа бөліну. Топ ережесімен таныстырып өтемін. Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабақта жақсы баға аламыз! «Орныңды тап» Мұғалімнің тапсырмасы бойынша екі сан аталады сол сандар жазылған оқушылар ортаға тұра қалады. Мұғалім көмегімен «бұлар қандай сандар, қай сан артық немесе кем» сұрағы арқылы сандардың екі таңбалы екендігі айтылады, салыстырылады. Екі сан ортасына салыстыру таңбасы бар оқушы орналасады, Қалған оқушылар өрнекті оқиды. Мыс: 16 мен 14, 16>14. Ойын бірнеше рет қайталанады. Олай болса бүгінгі сабақ тақырыбы екі таңбалы сандарды салыстыру жайлы болмақ. Оқушылардың өздерінен бүгінгі сабақта не біліп, үйренуіміз мүмкін сұрағы арқылы мақсатты айқындау. 1. Сандарды салыстыруды. 2. Таңбаларды жазуды 3. Өрнектерді құрастыруды |
слайдтар
0-ден-20-ға дейін сандар және Таңбалар жазылған парақшалар
Әр топқа топ ережесі жазылған парақтар |
Сабақтың ортасы 26 мин | Ұжымдық тапсырма: Оқушыларға суретке анықтап қарап алуды тапсыру. Сұраққа жауап алу
Жылдың қай мезгілі? Қандай ерекшеліктерді байқап тұрсыңдар? -Суреттен кімдердің көп екенін анықтайық , ұлдар көп пе , әлде қыздар көп пе ? 5>4, (4<5) Кімдер аз , нешеге аз? М.К. Ересектер ме, балалар ма? 2<9, (9>2), Суретте тағы нелерді салыстыруға болады? Қояндар мен тиіндердің санын анықтап салыстыр. 2<3, (3>2) Салыстыру белгілері бойынша үш топтан үш оқушыға жауаптарды жазғызу. Қ.Б. Оқушы жауаптарын басбармақ арқылы бағалау. Топтық тапсырма «Сөз құрастыр». Бұл кезеңде оқушылар ондық сандарды азайту мен қосу тәсілдерін берілген сандық сәулені қолдана отырып шығарады. Жауаптар кему ретімен орналасу қажет. Шығарып болған соң жауаптар топта тексеріледі. Әр топ өз жауаптарын тақтаға іліп, басқа топтардың жауаптарымен салыстырады. Қ.Б Оқушы жауаптарын жымиғыштар арқылы бағалау. Сергіту сәті : «Ия» , «жоқ» тақырыпқа сәйкес мұғалім тарапынан сұрақтар қойылады , оқушы соған жауап береді. 1. 7 артық 4-тен (ия) 2. 10 мен 12 тең (жоқ) 3. 16 кем 13-тен (жоқ) 4. 20 артық 19-дан (ия) 5. 14 кем15-тен (ия) Қ.Б Оқушылар жауаптарына сөздік бағалау жүргізіп отыру. «жарайсың», «керемет», «жақсы» Сараланған тапсырмалар: «Салыстыр, анықта, дәлелде» әдісі арқылы оқушы деңгейіне қарай отырып сараланған тапсырма орындауды ұйымдастыру. Оқушы деңгейлеріне қарай «С», «А», «Д» әріптері жазылған және «С» әрпі жазылған оқушыларға немесе мұғалімнің көмегін көп қажет ететін оқушыларға : Сандардың арасына тек таңбаларды қойып сандарды салыстыр тапсырмасы жазылған парақша «>». «<», «=» «А» әрпі жазылған оқушыларға немесе мұғалімнен орташа қолдау қажет ететін оқушыларға: Бір сан екіншісінен қаншаға артық немесе кем екенін анықтайды оны қандай жолмен анықтағанын түсіндіретін тапсырма жазылған парақша. «Д» әрпі жазылған оқушыларға немесе мұғалімнен аз қолдау қажет ететін оқушыларға: Артық өрнекті тап. Неліктен артық екендігін дәлелдейтін тапсырмалар жазылған парақшалар беріледі. Мұғалімнің кері байланысы жүргізіледі. «Бағдаршам» арқылы бағалау. Дәптермен жұмыс: Топтық жұмыс. Белсенді оқу ортасы. Оқушылардың белсенді ойлау дағдыларын дамыту мақсатында «Ойлан тап» әдісі арқылы 3- тапсырманы орындау.
1-топ: Аққала мен баскиімді сана. Қаншаға артық немесе кем екенін тап. Қалай тапқаныңды дәлелде. 2-топ: Салыстыру таңбаларын пайдалана отырып бірнеше өрнек құрастыр, өрнектерді оқы. 3-топ: Баскиім мен аққала санын бірнеше тәсілде теңестір өрнекті жаз. Қ.Б Басбармақ арқылы топ жұмысына бағалау жүргізу. | Қыс мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген слайдтар, суреттер
Тапсырмаға арналған өрнектер және әріптер жазылған парақшалар
Жымиғыштар
Әріптер және тапсырмалар жазылған парақшалар
толық жауап жартылай толық толық емес
Дәптермен жұмыс
оқулық
|
Сабақтың соңы 8 мин | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма: 1. Өрнектерді салыстыр 14+2 > 10+2 15-5 > 6+3 Дескриптор : 1. Амалдарды орындайды және салыстыру белгісін қояды. Рефлексия Мен түсіндім... Мен жартылай түсіндім... Мен мүлде түсінбедім.... | Интербелсенді тақта
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |