Ашық сабақ. Математика. 2 сынып. Менің ойындарым.

Oinet.kz 05-10-2017 1146

10-сабақ. 12 санының құрамы.

 

Тақырыбы: Менің сүйікті ойындарым

Мектеп:№4

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Ахметкалиева М.Б.

Сынып:2 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқудың мақсаттары

2.1.2.5.   ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап

қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100   көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

бір таңбалы екі саннан 12 санын   құраужəнеондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолдану.







Бірқатар   оқушылар үшін:

12 санының құрамының негізінде қосу жəне   азайтуды, екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуды жəне осыған ұқсас азайту   тəсілін орындау.

Кейбір   оқушылар үшін:

Екі   жəне үш қосылғыштан 12 санының құрамын жасау, қосу жəне азайту амалдарының   өзара байланысын негізге алып қосу мен азайтуды түсіндіру.

Тілдік   мақсаттар

Оқушылар   орындай алады:

12 санының бір таңбалы екі санға   жіктелуін түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне   терминология: 12 санының   бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу жəне азайтудың нəтижесі мен компоненттері,   қосу мен азайтудың байланысы.

Сабақта   диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қандай бір таңбалы екі саннан 12 санын   құрауға болатынын айтып бере аласың ба?

12 санының құрамын біле отырып, қосу мен азайтуды   қалай орындайтынын түсіндіре аласың ба?

9+8 жағдайында сандарды қалай қосатынын   түсіндір. 15–7 өрнегіндегі азайтуды түсіндір.

Жазу:

12 санының құрамын жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ондықтан аттап қосу жəне азайту.

Жоспар

Жоспарланған уақыт(минут)

Жоспарланған   іс-əрекет

Қоры

 

 

0–3

Ынталандыру.Ауызша есептеу жаттығуларын ұйымдастыру   үшін қысқаша жарыс сəттерін қолданыңыз. Ойындарды сабақ тақырыбымен   байланыстырыңыз: Менің сүйікті ойындарым.

Ойша жылдам есептеудің маңыздылығын атап көрсетіңіз,   сондай-ақ ойын барысында да.

Ауызша   есептеу үшін интернет-қорды немесе сандар жазылған қиықшалар мен желпуіштер   тəрізді кері байланысты ойындарды қолдануға болады.

Сандар жазылған қиықшалар, желпуіштер

 

 

4–6

Белсендіру.

2–10 сандарының құрамын, 1онд. =1 бірлік,   1дм=10см қатынастарын, 11–20 сандарының разрядты қосылғыштарға жіктелуін   қайталаңыздар.

Жуырда   өткен тəсілге түсініктеме беру үшін ондықтан аттап қосу мен азайтуға мысалдар   қосыңыз. Тақтада түсті бор немесе маркерлермен жазба қалдырыңыз.

Сандар құрамы жазылған плакаттар

 

 

7–11

Мақсат   қою (мəселелі жағдаяттар).

Оқушылардан 12 санының құрамын жылдам   толтыруды өтініңіз.Топтарға немесе жұптарға алдын ала дайындалған заттарды   беріңіз. Бұл үйреншікті үйшіктер, шыршалар немесе жай ғана сандар қосындысы ретіндегі   теңдіктер болуы мүмкін. 2–10 сандарының құрамын тез айтып шыққандарың тəрізді   12 санының құрамын да бір таңбалы екі санмен жылдам жазуға тырысыңдар.

Тапсырманың орындалу нəтижесін   тексергенде оқушылар айтылған     уақытта   орындап   үлгермегендігі   анықталады.

Сабақтың     мақсаты   қалыптасады:   12     санының  құрамын







құрау, осы білімді қосу мен азайтуды   орындауда қолдану. Оқушыларға олардың əр сабақта қосу кестесін жасайтынын

айтады.


 

 

12–29

Жаңаны   ашу.

Осыдан кейін өткен сабаққа ұқсас үйренген   тəсілін екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосуға жəне осыған ұқсас азайту   тəсілінеауыстырады.

Түсіндіре   отырып алғашқы бекіту.

№1тапсырманың   негізінде немесе оқушыларға жасалған үлгі – 12 санының құрамына байланысты   үйшікке қарап, санның құрамына түсінік беріңіз немесе санның құрамын жасаңыз.

Мозаика немесе екі түсті үрме бұршақ.

 

Оқулық, дəптер.

 

 

Сабақтың   презентациясын қолдану




Өздік жұмыс.№2 тапсырманы тексере отырып орындайды.



 



Баспа дəптеріндегі №1 тапсырманы   ұсыныңыз. Кестені



 

 

 

толтыр.

Бағалау   критерийлері:

·  12 (11) санының құрамын білемін;

·  екі қосылғыштан 12 (11)   сандарын құрай аламын;

·  үш қосылғыштан 12 (11) сандарын   құрай аламын.


 

 

30–40

Жаңаны   қолдану.

Оқулықтағы №4 тапсырма – теңдеуді шешу. Дəптердегі   №4 кестені толтырып, қосу кестесін еске түсіреді.

Өткенді   қолдану.

№3 тапсырма. Есептерге сызбалар таңдайды жəне   есептерді шығарады.

Өздік жұмыс.Бұрын өтілген материал бойынша өздік   жұмысты дəптердегі №2, 3 тапсырмалар негізінде ұйымдастыруға болады. Кейбір   оқушылар үшін мына ойынды ұйымдастыруға болады: үш қосылғыштан 12 санын   құрастыр. Сандар жазылған қиықшаларды пайдаланыңыз. Топтағы оқушылар үш-үштен   қолдарына қиықша ұстап

тұрсын, қиықшадағы сандардың қосындысы 12 болсын.

Оқулық, дəптер

41–45

Рефлексия.   Оқушылардың қолынан   келетінін бағалаңыз:

·   бір таңбалы екі саннан 12 санын құрау   жəне ондықтан аттап қосу жəне   азайту тəсілдерін қолдану;

·   12 санының құрамы негізінде қосу жəне   азайтуды орындау;

·     12   санының құрамын екі немесе үш қосылғыштан құрау,қосу жəне азайту амалдарының   өзара байланысы негізінде қосу мен азайтуды түсіндіру

Жетістіктер жолағы


 


Сабақ жоспары. Құрылымы күрделі теңдеулер
Ашық сабақ. Математика. 1 сынып. Ұсақ теңгелермен операция орындау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу