Сабақ жоспары. Құрылымы күрделі теңдеулер

Oinet.kz 05-09-2020 1765

Қанатбекова Жанар
Қызылорда облысы Арал ауданы

№265 негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


 

Оқу мақсаттары

3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23∙х=46; түріндегі қарапайым теңдеулерді;   құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60;   (24∙3):х=6;х: (17∙2)=2;  k+124:4=465   түріндегі теңдеулерді шешу

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-көбейту және  бөлу амалдарымен келетін теңдеудің оңай   тәсілдерін

х:8=9; 51:х=17; 23∙х=46;

 құрылымы күрделі теңдеулерді шешеді:

х∙   (25:5)=60;

(24∙3):х=6;

х:   (17∙2)=2;

k+124 :   4  = 465

Бірқатар оқушылар:

-теңдеуді ықшамдауды, құрылымы күрделі теңдеуді шешу   алгоритмін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

-оң және сол жағы күрделендірілген теңдеулерді шешуді   біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-құрылымы күрделі теңдеулер шешуді түсіндіру, сол жақ   бөлігін жеңілдету, белгісіз компонентті атау, белгісіз компонентті табу   ережесін біледі.

Пәндік лексика және   терминология:

-көбейту   мен бөлуге берілген қарапайым   теңдеулер, құрылымы күрделі теңдеулер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

–Егер теңдеу күрделі болса   не істеу қажет?

–«Өрнекті жеңілдету немесе   қарапайым түрге келтіру» дегенді қалай түсінесің?

–Күрделі теңдеуді қалай   тексеруге болады?

Күрделі теңдеуді шешу   алгоритмін ұсыныңыз.

Жазу:

Теңдеуді шешуді және   тексеруді жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

 

 

0-3 мин

 

 

 

 

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Карточкалар арқылы   топқа бөлу.

І топ: «Алғырлар»

Озып шығып бәйге аламыз
  Аты аңызға айналған
  Алғыр бала атанып
  Бізде ғалым боламыз!

ІІ топ «Білгірлер»

Мақтанбаймыз, білгірміз -   деп
  Таудай бірақ талабымыз.
  Білгір бала атанып,
  Келешекте өскенде
  Үлкен ғалым боламыз.
 
Ынталандыру.

Әдебиеттің түрлері мен   жанрлары туралы әңгімені жалғастырыңдар.

Балалардың осы жылы қандай жанрлармен   танысқанын естеріңе түсіріңдер, қазір әдебиеттік оқу сабағында не оқып   жатырсындар. Осыдан кейін бірден №1 тапсырмаға көшеміз.

№1. Өзара байланысты үш   санды тап. Жазушының аты-жөні мен оның шығармасын және қандай жанр екенін   білейік.

Әдебиеттік оқу бойынша және   шығармашылық картиналары.

 

4-6

 

Белсендіру.

     Бәріміз экранға назар аударайықшы. Қандай   ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрмыз. Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр   мен жеті лақ ертегісі. Ендеше,   бүгінгі оқу қызметімізді ертегі желісі бойынша жүргізетін боламыз. Видеоролик   арқылы ертегіні көрсету.

      

-Оқушылар, қалай ойлайсыңдар, біз   ешкіге көмек бере аламыз ба? Қасқырдан лақтарды құтқару үшін әр лақтың   артында жасырылған тапсырманы орындауымыз керек.

 

Сонымен қатар құрылымы күрделі   теңдеуді шешу алгоритмін еске түсіру қажет. Алгоритм тақтаға ілінеді.

Презентацияны қолдануға   болады.

Оқулық.

 

7-11 мин

 

 

Мақсат қою (проблемалық   жағдаят).

Өздік жұмыс 1-лақтың   тапсырмасы

№2 тапсырмадағы теңдеуді шеш. Оны тексер.

х:   (75 : 5) =60          15 • 3 : х = 9          R + 120 : 4 = 500

 

Дескриптор:

q құрылымы күрделі теңдеуді   ықшамдауды;

q теңдеудің түбірін табуды;

q кестеден тыс жағдайда   көбейту мен бөлуді ауызша орындауды;

q тексеру жасауды білемін.

Осыдан келіп   сабақтың мақсаты қойылады –кемшіліктерді түзету .

Бағалау парағы

Оқулық,

дәптер

 

 

 

 

 

 

12-29 мин

 

 

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырманың   дұрыстығын тексереді.  

Кімде қандай қиындықтар туындады?

Қай жерде қате жібердіңдер?

–   Жіберілген қатенің себебі неде?

Өздік жұмысты еш кедергісіз орындағандар, өздеріңнің   іс-әрекеттеріңнің мақсатын құрыңдар

(Қосымша тапсырма орындау).

–Есепті шығару жолында қиындыққа тап болғандардың ары   қарайғы мақсаты қандай?

(Қатемен жұмыс).

– Қатені түзету алгоритмін   қолданамыз.

Әркім өзінің оқу міндетін   айтады.

Топтық жұмыс: 2,3-лақтың   тапсырмасы

№3 Кесте бойынша өрнектер   құру және жазу. Олардың мәнін табу.

І топ: №3  а)

Қосылғыш301 • 235 • 096075 : 11Қосылғыш230404 : 4560 : 8075 : 3Қосындының мәні    

 

ІІ топ: №3 ә)

Азайғыш7402 • 402900 : 323 • 1Азайтқыш78 : 392015 •1198 : 98Айырманың мәні    

Бағалау

Дәптер,

Оқулық.

 

 

 

30-35 мин

 

 

Өткен материалмен   жұмыс.

Тақтамен   жұмыс: №4 4-лақтың тапсырмасы

а:15 = 54 : (6 •3 )    55 • х + 710 = 820   300 – х = 42 • 2 +50

 

Жеке   жұмыс: 5-лақтың тапсырмасы

№5  Көбейтіндіні көбейткіштердің квадратына   немесе кубына ауыстыр. Өрнектердің мәнін есепте.

7 •7      8• 8          2• 2 • 2        4• 4        3• 3•3       9• 9

Кері   байланыс

Оқушылар   бір – бірінің жұмыстарын салыстырып, тексереді.

Топтық   жұмыс: 6-лақтың тапсырмасы:

№ 6   Бөліндінің мәні мен қалдықты тап:

Бөлінгіш59234770305Бөлгіш645948Бөліндінің мәні      Қалдық      

 

«Сандар   сыр шертеді» Берілген сандарға қатысты мақал-мәтелдер айту. 1, 2, 3, 4, 5, 6,   7, 100, 15.

І топ   1) Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас. 2)      Бес   бармақ жиналса, жұдырық болады. 3)      Отыз тістен шыққан   сөз, отыз рулы елге жетеді. 4)      Жеті жұрттың   тілін біл, жеті түрлі білім біл. 5)      Жүз сомын   болғанша, жүз досын болсын.

 ІІ топ 1)  Бір тал кессең, он тал   ек. 2) Бес саусақ бірдей емес. 3)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына. 4)   Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы. 5) Бір кісі қазған құдықтан  мың   кісі су ішеді…

Бағалау

№7 тапсырмаға теңдеудің шешуін жазуды еске   түсіруге көмектесетін тірек кесте берілген. Берілген түсіндірмеге назарларын   аударту. Жазу ережесін және есепті шешудің алгебралық тәсілі кезіндегі   жауапты естеріне түсіру.

Өздік   жұмыс

Дәптердегі бағалау критерийі бойынша тапсырма.

Шеш. Тексер.

(40∙3):х=6                                      25:5∙а=450

Мен:

q  құрылымы күрделі теңдеуді ықшамдауды;

q теңдеудің түбірін табуды;

q кестеден тыс жағдайда   көбейту мен бөлуді ауызша орындауды;

q тексеру жасауды білемін.

Бағалау критерийі бойынша өз жетістіктерін көрсетпес бұрын, мұғалім   білімдерін тексеруге тапсырмалар береді (шешілген теңдеулер). Сонымен,   оқушылар өз жұмыстарын салыстыра отырып тексеру орындайды. Ары қарай өзін-өзі   бағалау жұмысы жүргізіледі.

   Сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар   құрастыру.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады.   Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген   сөздермен сұрақтар құрастыру керек.

Дәптер, кітап, теңдеуді   шешу-презентациясы

35-40 мин

 

 

Сонымен, оқушылар лақтарды қасқырдан   түрлі тапсырмаларды орындау арқылы құтқардыңдар. Өмірде де бар қиындықты   ақыл, біліммен жеңетіндеріңе сенімдімін.

Сонау – сонау алысқа, жүзсін десең   кемелер,

Тылсым – сырлы ғарышқа ұшсын десең   денелер,

Жасау үшін бәрінде математика – ең   маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Рефлексия.

Балалардың жеке қиыншылығын   ескере отырып, үйге берілетін тапсырманы анықтайды.

–  Сабақтың   басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

–  Осы   мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма?

–  Қиындық   туындады ма?

–  Сол   қиындықтарды жеңе алдыңыз ба?

–  Бүгінгі сабақ   несімен қызықты болды?

Өз   жұмысын жетістік жолағы бойынша бағалау ұсынылады.

Жетістік жолағы






Ашық сабақ. Геометрия. 8 сынып. Үшбұрыштардың ауданы
Ашық сабақ. Математика. 2 сынып. Менің ойындарым.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу