Дастархан басында берілетін бата

Oinet.kz 03-09-2020 1002

Түндерің тыныш болсын,

Үйлеріңе ырыс толсын!

Келіндерің есті болсын,

Ұлдарың сесті болсын.

Балаларың қуаныш әкелсін,

Немерелерің жұбаныш әкелсін.

Орындарың төр болсын,

Дастархандарың мол болсын.

Қатарларың көп болсын,

Уайым - қайғыларың жоқ болсын.

Жастардың қазасын көрмеңдер,

Зұлымдардың жаласын көрмеңдер!

Еліңде бірлік болсын,

Жарасты тірлік болсын!

Әумин!

Наурызда берілетін бата
Балабақша. Жабайы аңдар. Ашық сабақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу