Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Құдай берсін, кем қылмасын,
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Отбасының байлығын берсін,
Деніміздің саулығын берсін.
Көңіліміз тоқ болсын,
Уайым - қайғы жоқ болсын.
Отырғандарың үлкен тақ болсын.
Осы үйге тек бақ қонсын!
Сұрасаң бата берейін,
Ықыласпен қол жайсаң,
Үстем болсын мерейің.
Басыңа бақ орнасын,
Қызыр болсын жолдасың.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
***
Бізге берген етіңіз,
Ниетінізге жетіңіз.
Қыл көпірден өткенде,
Құламай тіке өтіңіз!
***
Шадияр болсын доcтасың,
Мұхаммед болсын - қостасың.
Қызыр болсын жолдасың,
Лұқпан болсын кұрдасың.
Сүрініп кеткен жеріңде,
Жеті əулие жетелеп,
Кереметімен қолдасын!
Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Айдан аман,
Жылдан есен қылып,
Үйде, түздегі
Мал - басты аман қылсын!
***
Əумин десең бізге,
Бата берелік сізге.
Жасың жетсін жүзге,
Мал мен басты,
Иман мен жасты,
Қабат бермейді екен деп,
Тəңіріден күдер үзбе!
***
Ай мүйізді,
Аша тұяқтым - ай.
Жұпар иісті,
Бауырсақ құлақтым - ай.
Сенде жазық жоқ,
Бізде азық жоқ,
Ақбата, ақ тілекті қабыл ет!
***
Той - думаныңыз құтты болсын,
Бақыты зор отау болсын.
Іші жанға толсын,
Сырты малға толсын!
Бақытың дəулетіңмен таса берсін,
Дұшпаның қырдан үркіп қаша берсін.
Бата сол бізден сізге, рахмет жауып,
Құдайым маңдайыңды аша берсін!
***
Той тойға ұлассын,
Бақыт балаға ұлассын.
Өрісіңді өрт шалмасын,
Жүрегіңді дерт шалмасын!