Ашық сабақ. Математика. 2 сынып. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Oinet.kz 02-10-2019 2225

Математика

Тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың.

Мектеп:КөпкүтірБЖББМ 2 сынып

Күні: 23.01.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Утешова С.М

Оқыту мақсаттары

2.1.2.2. Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне   бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау. 2.2.1.3. Қосу   мен көбейтудің қасиеттерін əріпті теңдік түрінде: a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c);   ab=ba көрсету жəне қолдану.

Сабақтың

Барлық оқушылар:

 

мақсаттары

•көбейту мен бөлу өзара кері амалдар екенін түсінеді; •көбейтудің   ауыстырымдылық қасиетін біледі.



Көптеген оқушылар:



•көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін ұтымды есептеулер үшін қолданады.



Кейбір оқушылар:



•көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін : ab=ba əріптік теңдік ретінде   көрсетеді жəне қолданады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар: •көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қалыптастыра алады. Пəндік   лексика жəне терминология: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: Сен   көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің мəнін түсіндіре аласың ба? Көбейтудің   ауыстырымдылық қасиетін қай кезде қолданған ыңғайлы?



Жазу: Көбейту жəне бөлуге өрнектер жазу. Санды жəне əріпті теңдіктер,   көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.


Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, көбейту мен бөлу компоненттерінің   атаулары.


Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру. Шаттық шеңберін құру арқылы сабаққа деген қызығушылығын ояту.  



Өзектендіру. Қосудың ауыстырымдылық қасиетіне бірнеше тапсырма орындауды,   ол қалай жасалып, қалай орындалатынын анықтауды ұсынамын. Өрнектерге   қараңдар. –Қандай сандар түсіп қалған? –Қосудың қандай қасиетін қолдандыңдар?   5 + 9 = 9 + 5 a+b=b+a

Сандар жазылған карточкалар.


Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Өрнектерге қараңдар. 5 · 2=2 · 5 – Бұл   көбейтінділердің мəндері тең деуге бола ма? Неліктен? – Бұл теңдіктің   дұрыстығын əр көбейтіндінің мəнін қосып есептеу арқылы тексеріңдер. 5 · 2 = 5   + 5 = 10 2 · 5 = 2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 10


Ортасы

Жаңаны ашу Оқулықтағы 2-тапсырмаға қарайды. Кестеде неше баған және неше   жол бар? Барлығы неше ұяшық бар?3*5=15 5*3=15Қорапқа текшелер салынды. Неше   қатар болды? Неше баған? Барлығы неше текше болды?5*4=20 4*5=20

Оқулық.

 


Қандай қорытынды жасауға болады? Қорытынды: көбейткіштердің орнын   ауыстырғанмен көбейтіндінің мəні өзгермейді. ab=ba (Т) Түсіндіре отырып   алғашқы бекіту

  Көбейткіштердің орнын ауыстыру   ережесін қолдана отырып, теңдікті қалпына келтіріңдер .

  Əртүрлі тəсілдермен суретте неше   шағын фигура бар екенін қалай анықтауға болатынын жазыңдар: алдымен –   көлденең жол бойынша, содан соң – баған бойынша.
 
 
 
  Дескриптор Білім алушы

  Көбейтудің ауыстырымдылық   қасиетін қолдану арқылы теңдікті қалпына келтіреді;

  Жол және баған бойынша есептей   отырып, шағын фигураларды санай алады.Өздік жұмыс. Дəптердегі 1,2-тапсырманы   бағалау критерийімен салыстыра отырып орындайды.

  Көбейтудің ауыстырымдылық   қасиеттерін әріптермен жазу білемін;

  Көбейту және бөлу амалдар   компоненттерін оқи аламын;

  Көбейтудің ауыстырымдылық   қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдана білемін.Өткенді қолдану   Оқулықтағы 3-тапсырманы төменгі деңгейдегі оқушылар дәптерге   орындайды.Дескриптор Білім алушы

  Көбейтуді қосу амалымен   алмастырады;

  Мәнін табады;

  Көбейтудің ауыстырымдылық   қасиетін қолдана алады.Дəптердегі 3-тапсырмаларды орта және жоғары деңгейдегі   оқушылар орындайды. Жоғары деңгейдегі оқушылар кері есептер   құрастырады.Дескриптор Білім алушы

  Қысқаша жазылуы бойынша есептің   шешуі мен жауабын табады;

  Берілген есептерге кері есептер   құрастырады.

Қима қағаздар Дəптер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  Оқулық, дəптер.

Соңы

Үйге тапсырма: 23-бет 4-есепРефлексия. Оқушылар орындай алады: Көбейтудің   ауыстырымдылық қасиетін қалпына келтіру. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін   тиімді есептеулер үшін қолдану. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін ab=ba   əріпті теңдік ретінде көрсету. Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен   бағалауды ұсынамын.


 
 
 
  Жетістіктер жолағы.

 


Ашық сабақ. Математика. 1 сынып. Сандарды салыстыру
Ашық сабақ. Математика. 6 сынып. Рационал сандар және оларға амалдар қолдану
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу