Мектепішілік олимпиада тапсырмалары (3-4 сынып математика)
3 - сыныптар үшін «Көкпар» математикалық марафоны
1. 4 ондық 3 жүздік 1 бірліктен тұратын.
А) 431 С) 341 В) 413 Д) 314
2. 1т – 328кг
А) 327 С) 782 В) 672кг Д) 772
3. Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап: 2ондық 3жүздік 1бірлікті 2есе арттыр.
А) 6+2 С) 321 В) 323 Д) 462
4. Үшбұрыштың периметрі 56 см, бірінші қабырғасы 16 см, екіншісі 25 см, үшінші қабырғасы нешеге тең?
А) 15см С) 16см В) 65см Д) 41см
5. Теңдеудің шешімін тап. X - 3 * 5=24
А) X = 9 С) X =13 В) X=15 Д) X=39
6. Бірдей 5 банкаға 15л сүт құйды. Осындай 7 банкаға неше литр сүт құюға болады?
А) 3л С) 10л В) 21л Д) 27л
7. 300 – 9 * 2: 3+(26+2: 2) =
А) 267 С) 320 В) 321 Д) 308
8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 27 см, ал ені одан 8 см қысқа. Осы тіктөртбұрыштың периметрін тап.
А) 70см С) 19см В) 35см Д) 92см
9. Ауданы 81см2 болатын шаршының қабырғасының ұзындығын тап.
А) 7см С) 8см В) 21см Д) 9см
10. Есептің дұрыс шешуін тап.
Бір себетте 27 кг алмұрт, ал екіншісінде одан 13кг артық алмұрт бар. Екі себетте неше кг алмұрт бар?
А) (27 - 13) – 13= С)(27+13)- 27= В)(27+13)+27= Д)(27+13)- 13=
11. Қай қосындыны көбейтумен алмастыруға болады?
А) 12 - 12+11 С) 7+27+37 В) 3+33+333 Д) 16+16+16
12. Жұп сандар қатарын белгіле.
А) 2, 4, 7, 8, 6, 10, 20 С) 4, 8, 10, 12, 16, 24 В) 1, 2, 3, 6, 10, 15, 30 Д) 2, 4, 6, 8, 9, 10, 11
13. Әкесі 35 жаста, ал баласы 7 жаста. Баласының жасы әкесінің жасынан неше есе кіші?
А) 5есе С) 28 есе В) 7есе Д) 42есе
14. Өрнек түрінде жаз. X пен 7 - нің көбейтіндісінде 630 - дың 7 - ге бөліндісін қос
А) X*7 - 630*7 С) X*7+630: 7 В) Х*7+630 - 7 Д) Х*7: 630+7
15. Сарбаздар сап түзеп тұр. Дәурен саптың алдынан санағанда да, соңынан санағанда да 9 - ыншы болып тұр. Сапта неше сарбаз тұр?
А) 18 С) 9 В) 17 Д) 19
16. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
А) 4 бала С) 2 бала В) 6 бала Д) 8 бала
17. 18. Ұзындығы 28 мм кесіндіні тең жеті бөлікке бөл. Әр бөліктің ұзындығын тап.
А) 21мм С) 4мм В) 35мм Д) 28мм
19. Қасымның 79 теңгесі бар еді. Оның 25 теңгесіне қалам сатып алды. Қалғанына әрқайсысы 9 теңгеден қарындаш сатып алды. Қасым неше қарындаш сатып алды?
А) 54қ. С) 6қ. В) 63қ. Д) 34қ.
20. Фигураның боялған бөлігінің ауданын тап.
6 см А) 24см2 С) 10см2 В) 12см2Д) 20см2
4см
4 сынып. Мектепішілік олимпиада – математика. 2014
1. Өрнектің мәнін тап.
278*26 -(28*14 - 12*15)+60431: 89 -(31200: 96+294)
2. Теңдеуді шеш.
(Х - 729): 28+189=401
3. Есепті шығар. Сүт фермасында 36 сиырдың әрқайсысынан 5420л сүт, ал 51 сиырдың әрқайсысынан 5240л сүт сауылды. Барлық сүттің үштен бірінен май алынды. Май алу үшін неше литр сүт жұмсалған?
4. Есепті шығар.
Арасы 70 км екі қаладан бір мезгілде бірінен - бірі қарама - қарсы бағытта екі жеңіл машина шықты. Оның біреуінің жылдамдығы 90км/сағ. 3 сағаттан соң олардың ара қашықтығы 580км болды. Екінші жеңіл машинаның жылдамдығын тап.
5. Есепті шығар.
Ұзындығы 24м, ені 3м дәліздің еденін қабырғасы 4дм шаршы тәріздес тақтаймен жабу үшін оның қаншасы керек?
6. Есепті шығар.
Қорада жайылып жүрген қаздар мен ешкілердің бастарының 8 - ге, ал аяқтарының саны 26 - ға тең. Қорада неше қаз және қанша ешкі жайылып жүр.
7. Есепті шығар.
Айгүл, Сәуле және Раушан мерекеге 12 бәліш сатып алуға келісті. Сәуле бірдей бағамен 5 бәліш сатып алды, Раушан сол бағамен 7 бәліш сатып алды, ал Айгүл өзінің үлесі үшін 24 теңге берді. Егер бұл қыздар бірдей бәліш жеген болса, онда бұл ақшаны Сәуле мен Раушан қалай бөлісіп алулары қажет?
8. Ребусты шеш. Арифметикалық ребусты шеш.
Қызылорда қаласы, № 211 А.Байтұрсынов атындағы
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сыздықова Айжан Жалғасқызы