Ашық сабақ. Қазақ тілі. 3 сынып. Негізгі және туынды етістік

Oinet.kz 02-09-2020 3037

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Етістік туралы берілген білімді толықтыру, ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, сұрақтарын, сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, негізгі және туынды етістіктер жайлы түсініктерін тиянақтау, берілген тапсырмаларды орындайды;

Ә) Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, зейінін, шығармашылық белсенділігін дамыту; Б) Тәрбиелік мәні отанды сүюге және оның көркеюіне ат салысуға тәрбиелеу. Астана қаласының мәдени ошақтарымен таныстыру

• Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, топтастыру, ми қозғау,

Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима - қағаздар, дидактикалық материалдар.

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық


• Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

• Сәлемдесу:

Топтарға бөліну.

І топ «өседі» сөзі бойынша «Жеміс - жидектер» тобын таңдайды

ІІ топ «киеді» сөзі бойынша «Киімдер» тобын таңдайды

ІІІ топ «ұшады» сөзі бойынша «Құстар» тобын таңдайды


Психологиялық дайындық:

Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік.

1 - оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім

Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Ендеше сіздерге сәттілік сабағымызды бастайық.


ІІ. «Блум» әдісі бойынша өткенді қайталау.

1 - топ Етістік туралы ұғым

2 - топ Етістіктің құрамына қарай бөлінуі

3 - топ Етістіктің тұлғасына қарай бөлінуі

Бағалау.


ІІІ. Жаңа сабақ. Күннің ретін көркем етіп жазу.

Көркем жазу минуты О о

Жеке жұмыс:"Сөз ойла, тез ойла" ойыны

Суреттегі заттардың атауымен туынды етістік жасау. Сөз құрамына талдау.

Үтік - үтікте, гүл - гүлде, бұрғы - бұрғыла, көз – көзде, сабын – сабында, сыр - сырла

Бағалау. Фигуралар арқылы бағалау


Жұптық жұмыс

1топ: Етістік» сөзінен баспалдақ жаса. Осы әріптерден басталатын сөз ойлап, тор көздерді толтыру.


Жұптық жұмыс. 2 - топ

Заттарға - ла,- ле,- да,- де,- та,- те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса және сөз құрамына талда


Арқанда, сабында, арала, қапта, шегеле

Жұптық жұмыс 3 топ Ағаш басындағы етістіктерді теріп жазып сөзқұрамына талда

Биле, арқала, қар, қапта, жырла, көзде, әдемі, суретші, көмек, қолда, баста


Бағалау Бағдаршам әдісі

Сергіту сәті

Қызықты грамматика. «Бір сөзбен атаңдар» ойыны

Жалпы сынып бірігіп орындайды

Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

Жүрек жұтқан адам (батыл)

Бетінен оты шықты (ұялу)

Ит өлген жер (алыста)

Тас бауыр (мейірімсіз)

Тасы өрге домалады. (бағы жанды)

Жер соғып қалу (өкіну)

Тілінен бал тамды (шешен)


Сәйкестендір:

Оқысаң,... сусын ішіңіз

Аяғың ауырса,... бәрін білесің

Көп ұйықтасаң,... қолыңмен сүртпе

Шөлдесеңіз,... басың ауырады

Көзің ауырса,... күн ысиды

Жаз шықса,... көп жүрме


Тапсырма:

Берілген сөздерді оқып туынды етістікті бір бөлек, негізгі етістікті бір бөлек көшіріп жаз.

Әңгімелес, кел, өрнекте, жаз, ойна, ұсақта, шыңдат, ер, достас, жөнде, шегеле, күт, ақылдас, оқы, тұзда,


Негізгі етістіктер: жаз, кел, ер, оқы, күт

Туынды етістіктер: Әңгімелес, өрнекте, ұсақта, шыңдат, достас, шегеле, ақылдас, тұзда


Тіл – өнер

Мақалды толықтырып, орысша, ағылшынша аудармасын табу.

Отан.... басталады. (отбасы – семья, family )

Туған жерге..... тік (ту – флаг, flag)

Бақа көлінде – патша,

.... суында – патша,

.... елінде – патша. (балық – рыба, fish адам – человек, person)

Семантикалық карта бойынша жұмыс

Үй тапсырмасы

Сабақты кері байланыс әдісі бойынша қорытындылау. Оқушыларды мақтау - мадақтау.

Бағалау

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Қызылорда қаласы

№112 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Балгабаева Перизат Муратовна

Ашық сабақ. Геометрия. 7 сынып. Аксиома. Теорема
Ашық сабақ: Үшбұрыштың периметрін табу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу