Ашық сабақ: Заттың қимылын білдіретін сөздер

Oinet.kz 02-09-2020 1045

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Заттың атын білдіретін сөздермен заттың қимылын білдіретін сөздердің байланысын меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау өрісін дамыту. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың еңбегін бағалай білуге үйрете отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ережелер, сәйкестендіру, дидактикалық суреттер, тиіннің суреті.

Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, түсіндірмелі әдістер.

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру. Үй жұмысы

Жаңа сабақ:

- Зейінімізді тақтаға аударайық

- Жылдың қәзір қай мезгілі?- Көктем

- Көктем

- Көктем туралы не айтамыз?

- Күн жылынады. Қар ериді.

- Алғашқы көрікті гүл бәйшешекті терейік.

- Үй тапсырмасы: Қайталау

"Не?"-------------------"Кім?"

... құлындайды ----... емдейді

... қоздайды --------... оқытады

... боталайды --------... тігеді

... бұзаулайды -------... жазады

Осы жерден қандай ереже шығаруға болады?

Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?

- Мұғалімдер.

- Мұғалімдер не істеді? - Келді, кірді, отырды.

- Мен не істедім? - Сұрадыңыз, айттыңыз.

- Сендер не істедіңдер? - Айттық, жауап бердік, сөйледік.

- Не аңғардыңдар?

Осы сөздің барлығы іс әрекетке байланысты.

Күннің жады жазылады.

Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:

"Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз

Бәрін білуге ұмтыламыз"

Ендеше осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.

Сәйкестендіру. Адасқан сөздерді сәйкестендір.

Арыстан............ боздайды

Түйе................. ақырады

Аю................... мөңірейді

Жылқы............ маңырайды

Қой................. кісінейді

Сиыр............... бақырады

Не істейді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс - әрекетін білдіреді.

Мысалы: Оқыды, жазды, жүгірді, жүзді.

- Келесі көктемнің алғашқы гүлі Жауқазынды терейік.

- Суретпен жұмыс.

Мәтін құрастыр

- Кітаппен жұмыс.

- Мазмұнын айту

Өз анаңа қандай қолғабыс тигізесің?

Сергіту сәті: Ормандарға аю, қонжық

Ұялардан бал іздейді.

Мойындарын оңға бұрды

Мойындарын солға бұрды.

Ағаштарды шайқап көрді

Қуанғаннан билей берді.

Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап

Қызғалдақты терейік.

- Суретпен жұмыс

- Мәтін ойла. Дүниетанумен байланыс

Терме диктант

Болады, секіріп жүреді, қорғанады, қоректенеді.

Жаттығудан қимылды білдіретін сөздерді теріп жаз.

Наурыз – жыл басы

Өлеңді хормен оқу.

Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін білдіретіндігін атау.

Наурыз – жыл басы.

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма

Талма именіп ділмардан

С. Мұқанов

Сарғалдақтан терейік.

Өздік диктант

1. Көктем... 2. Күн... 3. Қар... 4. Жер... 5. Құстар туған жерге....

6. Ағаштар бүршік...

Сабақты бекітеміз: - Қандай тақырып өттік?

Ережені қорытындылау. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Сұрақтары қалай?

Үйге жыл аттарын көшіріп жазу.

Бағалау.

Ойын: Ойла да, ойна

Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Қарабатырова Қалимаш

Ашық сабақ: Бастауыш сыныбымен қоштасу
Тәрбие сағаты: Тазалық - денсаулық кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу