Математикадан 3-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар

Oinet.kz 01-09-2020 1432

№1 тапсырма

1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?

2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?

3. Сыныптағы 25 оқушының 17 - сі ағылшын тілін кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?

4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?

5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?

6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.

7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне - 4, екіншісіне - 5, үшіншісіне - 2, ал төртіншісіне - 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?

8. Әжем, анам және мен - үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.

9. Назым, Майра, және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.

10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?

№2 тапсырма

1. Арман мен Темірханда 15 марка бар. Арман Темірханға 3 марканы сыйға берді, сонда оларда неше марка қалды?

2. Ғани атты темір шебері су құбырын жөндеуге асығып, баспалдақпен жоғары жүгірді. Екі баспалдақтан аттап келе жатып, ол бір, екі, үш, төрт деп санап келе жатты. Ол «бес» деп айтайын дегенде тек бір ғана баспалдақ қалыпты. Сонда барлығы қанша баспалдақ бар екен?

3. Себет пен пакетте 6 апельсин болды. 1 апельсинді себеттен пакетке салды. Себеттегі апельсин пакеттегі апельсиннен қанша есеге кеміді?

4. Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста: ҚРАЫБЗ, АУЫҚН, МААЛ, ЛАМАҚ, МҰТРЛА.

5. Бір қария 34 балмұздақ алған. Ол өзінде 4 балмұздақ қалдырып, әр біреуіне 6 балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді. Қарияда қанша немере бар?

6. Үстелге 3 ваза қойды: қызыл, көк және жасыл. Бұл вазаларға 6 алмұртты салу керек. Әр вазада кем дегенде 1 алмұрт болу керек. Қанша амал бар?

7. 114 табақша қанша тартса, екі кесе мен бір құмыра да сонша тартады. Бір құмыра кесе мен табақшаның салмағымен бірдей. Сонда неше табақшаның салмағы бір құмыраға тең келеді?

8. Артық санда табыңыз: 30, 28, 24, 21, 18, 15.

9. Мамасы қызынан 12 см - ге ұзын, ал ұлынан 8 см - ге қысқа. Сонда кімнің бойы қысқа, ағасының ба, әлде әпкесінің бе, және аралары қанша сантиметр?

10. Өзеннің жағасында 4 қозы оттап жүр. Ақ қозылары қарасынан үшеуі көп. Қанша қара қозы, және қанша ақ қозы бар екен?

№3 тапсырма

1. Назгүл мен Бақыт апалы - сіңлілі қыздар. Бақыт өзінде 2 ағасы барын айтты. Назгүл де өзінде 2 ағасы барын айтты. Сонда Бақыт пен Назгүлдің жанұясында қанша адам бар?

2. Шәйнектен гөрі құмырада су үш есе көп. Ал шәйнектегі судың көлемі құмыраға қарағанда 12 стақаны кем. Құмырада неше стақан су бар?

3. Фермада балапандар мен көжектер өсіріледі. Барлығын қосқанда 15, ал олардың аяқтарының саны 36. Фермада неше балапан мен неше көжек бар екенін тап.

4. Абай 11 жаста, ал ағасы Адай одан 4 жасқа үлкен. Екеуі де спорт мектебінде бес жылдан бері жаттығып жүр. Абай мен Адайдың спорт мектебіне ең алғаш барғандағы жасын тап.

5. Балалар екі шелек және жарты шелек жаңғақ жинады. Балалардың саны бесеу болса, осы жинаған жаңғақты бірдей етіп қалай бөлуге болады?

6. Бөрененің ұзындығы 5 метр. 1 минутта бөрененің 1 метрі кесілсе, бөренені кесіп бітіруге неше минут керек?

7. Шешесі 41 - ге толғанда, қызы 11 - ге толады. Ал қазір шешесі 33 жаста. Сонда қызы нешеде?

8. Артық санды тап: 4 8 12 16 20 24 28 29 32 36

9. Майгүл Сырғадан ек есе ақылды, ал Сырға Күләштан үш есе ақылды. Күләш Майгүлден неше есе ақылсыз болғаны?

10. Отбасында 4 бала – Тілектес, Үміт, Саягүл, Ләйлә бар. Олардың жастары 5, 8, 13, 15 - те. Олардың ең кішкентайы балабақшаға барады, ал қалғандары мектепте. Тілектес Үміттен үлкен, ал Тілектес пен Саягүлдің жасын бір - біріне қосып, 3 - ке бөлуге бола ма?

№4 тапсырма

1. Мысықтың аяғында 5 тырнақ болады, ал балапанда 4 тырнақ. Фермада 10 мысық пен балапандар бар. Бәрінің тырнақтарын қосқанда – 104. Фермада неше балапан бар?

2. Оқушылар мұражайға бару үшін олар үш - үштен сапқа тұрды. Айғаным, Дүйсен, Айқын – үшеуі өздерінің алдыңғы жақтан санағанда 7 - ші, арттан санағанда 5 - ші қатарда тұрғандарын байқады. Мұражайға неше бала барған?

3. Мерекенің бірнеше солдат ойыншықтары бар. Ал Сапардың ойыншықтары одан екі есе көп. Екеуінің солдаттарын қосқанда 9 болып шықты. Олардың әрқайсысында қанша ойыншық бар екенін табыңдар.

4. Мақсаттың әкесі 35 жаста. Мақсат әкесінен 7 есе кіші, ал әпкесінен 2 есе кіші. Сонда Мақсат пен оның әпкесі нешеде болуы мүмкін?

5. Сатушы базарда «Егер менің алмаларыма солардың жарты - сын және тағы 10 алма қосса, онда менде 100 алма болар еді» деп ойланып отыр. Сонда сатушының алмасы қанша?

6. Дүкенші өзінің алғашқы тұтынушысына алмұрттарының жартысын және тағы 5 алмұрт сатты. Ал екінші тұтынушыға сатылғанның жартысы мен 5 алмұртты сатты. Дүкеншіде қанша алмұрт қалды?

7. Алмас пен Камила машинамен ауылға барды. Машинаның әрбір дөңгелегі 50 км - ден жол жүрді десек, олар барлығы неше км жолды жүріп өтті деп ойлайсыңдар?

8. Жайын балықтың жарты етінің салмағы оның төрттен бір бөлігінен 1 кг - ға көп. Жайын балықтың салмағы қанша?

9. Сайрауық сиырқұйрық құс ұясынан 4 метр алысқа ұшып шықты. Сосын қарама - қарсы бағытқа қарай 6 метр ұшты. Енді ол ұясынан неше метр алыста деп ойлайсыңдар?

10. Бозторғайлар 9 болса, сарышымшықтардың олардан 3 - і артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті?

№5 тапсырма

1. Жарасқа таңертең сағат 9 - да тұру керек. Сондықтан ол кешкі 6 - да сағаттың қоңырауын қосты да, ұйықтап қалды. Қоңырау неше сағат өткен соң шырылдайды?

2. 1 тышқан мен 2 бала бақаның салмағы бірдей, ал 1 бақа мен 2 бала тышқанның салмағы бірдей. Бақа ауыр ма, тышқан ауыр ма?

3. Золушкаға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп сал, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Золушка бұршақтарды қалай бөледі деп ойлайсыңдар?

4. Дымбілмес бір кафеге кіріп балмұздақ алмақшы болды. Жаймадағы бағада: «Балмұздақ пен самса 7 теңге тұрады, ал 5 балмұздақ пен 2 самса 23 теңге тұрады» деп жазылған. Дымбілмес 1 балмұздақ неше теңге тұратынын есептеп шығара алмай жатыр, көмектесеміз бе?

5. Шынар 18 тұшпараны ағасы Еркін мен оның екі досына тең бөліп салып берді. Әр адамға неше тұшпарадан келеді?

6. Үш дос шахмат ойнап отыр. Олардың әрқайсысы 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналған?

7. Тортты 12 бөлікке бөлген, бірақ біраз торт желінген соң қалғаны әуелгіден 6 есе аз болған. Сонда торттың нешеуі желініп, нешеуі қалды?

8. 18 метрлік бауды 3 бөлікке бөлу үшін неше рет кесуге болады?

9. Сыныпта 13 оқушы бар. Олардың барлық тістерінің саны 416. Яғни әр оқушыда неше тіс бар?

10. Екі тарелкеде 9 алма тұр. Бір тарелкеден 1 алманы алып тастағанда бұл тарелкеде екінші тарелкеге қарағанда 3 есе артық алма қалды. Әуелде әр тарелкеде қанша алмадан болған?

№6 тапсырма

1. Үйеңкі мен қайың ағашында 26 құс қонып отыр. Қайыңнан 6 құс ұшып кетті, ал 4 құс үйеңкіден қайыңға келіп қонды. Осыдан соң екі ағашта да құстар саны бірдей болды. Ең басында қай ағашта қанша құс отырды, соны табыңдар.

2. Бір оқу аптасында Имаш 28 сағат 20 минут уақытын мектепте өткізеді. Аптадағы оқу күндері алтау десек, Имаш күніне неше сағат мектепте болады?

3. Әкесі бақтан 25 алма, алмұрт және өріктерді жинап әкелді. Алма мен алмұрт 15, ал алмұрт пен өрік 16. Қайсысы қанша?

4. Шешесі ұлынан 3 есе үлкен. 15 жылдан кейін ұлынан 2 есе үлкен болады. Шешесінің жасын тап.

5. 13 жылдан кейін әкесі ұлынан 3 есе үлкен болады. Қазір ұлы 7 - де болса, әкесі нешеде?

6. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Ол 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өмірін өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді. Неше ай, неше жыл екенін тап.

7. Тор ішінде 10 бас қырғауыл мен көжектер отыр. Олардың барлық аяқтарының саны 28. Қырғауыл 6 болса, көжектер нешеу?

8. Айбек пен Торғын әрқайсысы 10 жаңғақтан теріп жеді. Айбек Торғынға өзінің жаңғақтарынан 4 - ін берді. Торғынның жаңғақтары қанша болды?

9. Спорт залында арқан ілулі тұр. Бала сол арқанмен 3 м. биіктікке көтерілді. Бұл арқанның төрттен бір бөлігі деген сөз. Сонда арқанның ұзындығы неше метр болғаны?

10. Аспаз самауыр сатып алып қонақ шақырыпты. Ол шай ішуге 60 қалаш (бұрама нан) пісіріпті. Қонақтардың әрқайсысына 1 қалаш және жарты қалаштан келген, ал 3 қалаш артық қалған. Сонда қонақтардың саны қанша?

№7 тапсырма

1. Үш семіз арықтағандарын тексеру үшін өлшенуге келген екен. Олардың үшеуінің салмақтарын қосқанда 750 кг болыпты. Бірінші мен екіншісінікі – 450 кг, ал екінші мен үшіншісінікі – 550 кг. Кімнің салмағы қанша болған?

2. Егер бөшкені құммен толтырса, ол 89 кг болады. Ал сол бөшкеге су құйса құмнан 4 есе жеңіл болады. Бөшкенің өз салмағы 5 кг. Сонда су неше кг болуы мүмкін?

3. Жазушы кітап жазып баспаханаға әкелді. Артынан ол тағы 80 бет қосты да, 120 бетті алып тастады. Ақырында кітаптың 340 беті қалды. Әуелде кітапта неше бет болды?

4. Еріктің шелегінде алабұға, теңгебалық, таутан – барлығы 14 балық жатыр. Теңгебалықтан таутанның 10 - ы артық. Шелектегі балықтардың әрқайсысы қаншадан?

5. Бірнеше машинаға тең етіп 18 тонна темірді артты. Бір машина үлкен болғандықтан, оған 2 тонна артық артылды. Осыдан соң бұл машинада 5 тонна темір болды. Барлық машиналар саны қанша?

6. 5 сәбіз бен 3 қияр 84 теңге тұрады. Ал 3 қияр мен 2 сәбіз 39 теңге тұрады. Демек, бір қияр мен бір сәбіз қанша тұрады деп ойлайсыңдар?

7. Бір сазбалшықта Бақылдауық бақа мен мамасы тұрыпты. Бақылдауық бақа түскі тамаққа 16 шыбын жеді, ал шешесі 7 - і кем шыбын жеді. Кешкі тамаққа Бақылдауық бақа 15 шыбын, шешесі одан 5 - і кем шыбын жеді. Бір күнде барлығы неше шыбын қажет болғанын тап.

8. Сыныпта 36 оқушы бар. Әрбір 4 қызға 5 ұлдан келеді. Сонда неше қыз бен неше ұл бар?

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,

Қонысбай селосы, Абай орта мектебі

Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы

Ашық сабақ: Текшенің көлемі
Ашық сабақ: Буынға бөлейік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу