Ашық сабақ. Математика. 3«ә» сынып. Оқушыларды ойлана білуге шақыру

Oinet.kz 01-10-2019 1086


«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: «Ойынмен ой толысар»  сайысы

 


 

                                                                                       3 «Ә» сыныбы

                                                             Жапарова А.М.

 


 

2016-2017 оқу жылы

 

Күні: 12.10.2016 ж

         Тақырыбы: «Ойынмен ой толысар»  сайысы

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.

Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері: Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік

Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Көрнекілігі: кубиктар, А3, суреттер, фломастер, клей, магнит.

Сайыс сабақтың барысы:

Жүргізуші:

-Армысыздар, құрметті ұстаздар мен білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы Михаил Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек»  —  деген. Олай болса, бүгін сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық.

 

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)

2 «Бәйге»

3. «Кім жылдам?», Топбасшылар тапсырмасы: «Әріптер сыры»,

4. «Ойлан, тап!»

Бүгінгі  күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста -дегендей бүгінгі сайысқа қатысушыларымызбен танысайық: 

Бағдарлама бойынша  І кезең «Кел танысайық».

1-топ: «Жалын» тобы. Топ басшысы: Сайлау Ернар

Біздің ұран: Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз,

                     Жігерлі де, білімді, айбаттымыз

 

2-топ: «Достық» тобы.  Топ басшысы: Рақым Нұрсая

Біздің ұран:

«Достығымыз тым ыстық,

Мақсатымыз тыныштық»

 

 

 

 

3-топ: «Болашақ» тобы.  Топ басшысы: Әлім Жаннұр

Біздің ұран : Болашақ тобы алға

                      Биіктерге самға

                      Достығымыз барда

                     Жүреміз тек алда

 

        

4-топ: «Қыран» тобы.  Топ басшысы: Әбілхан Толғанай

Біздің ұран: Қырандай қалықтаймыз,

                      Оқудан жалықпаймыз»

 

Қарап тұрмай бәйгеге сіз еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгені сынап көріңіз-деп бәйгені тамашалайық

ІІ кезең «Бәйге»

1 оқушылар:

8·3=          3·7=           4·8=            9·3=

7·5=          6·4=           8·7=            6·7=

4·7=          8·5=           6·8=            5٬9=

6·3=          7·7=           5·3=            6·5=

 

2 оқушылар:

45+х=255-140         с-49=130+195         

 а-98=312+317            595-у=114+216

 

 

3 оқушылар:

125мин =       сағ     мин                        

 2 тәул.3 сағ=      сағ

3сағ 15мин+45мин=       мин                 

8 сағ 30мин - 2 сағ=       мин

 

2 сағ 10 мин=         мин                        

 2 сағ 50 мин =         мин

1 сағ 15мин+45мин=         мин             

3 сағ 30 мин - 50 мин =       мин

4 оқушылар:

35:5+5·6=                                      8·5+32:4=          

(22+8):5+7=                                   (70-5·4)-9=         

 

 

36:9+4·6=                                      7·5+32:8=

(24+6):5+2=                                  (60-3·4)-39=

 

 

5 оқушылар:

Кинотеатрда 698 адам болды. 349 ересек адам мен 120 бала шығып кеткеннен кейін, онда тағы бірнеше адам қалды. Неше адам әлі шыққан жоқ?

 

Қарлығашта 555 теңге болды. Ол 135теңгеге дәптер және 182 теңгеге альбом сатып алды. Қарлығашта неше теңге қалды?

 

Кітапханада 1000 кітап бар. Бірінші сөреге 339 кітап, екіншісіне одан 67 кітап артық, ал қалғандары үшінші сөреге жиналды. Үшінші сөреде неше кітап тұр?

 

Оқушылар балалар үйіне 225 әңгімелер жинағын және 146 қазақ ертегілерін дайындады. 108 кітапты орап, байлады. Оралмаған неше кітап қалды?

 

ІІІ кезең «Кім жылдам»

76                                                     95


35

16


10

25



13



13


10






 

89                                                    93

30


29






20


19






11


10

 

 

Топ басшылар сайысы: «Гуго Мюнстерберг» әдістемесі

Неміс психлогы Гуго Мюнстерберг

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгк

 

 

ІV кезең: «Ойлан, тап!»

Ребустар шешу.

Қорытынды және бағалау сөзін әділқазылар алқасына береміз


Ашық сабақ: Географиялық карталар және картография
Ашық сабақ: Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу