Баланы креативті ойлауға қалай үйретеді?

Oinet.kz 06-07-2020 4685

Креативті ойлау дағдысы ―тұлғаның жеке дамуында аса маңызды. Жағдаятқа стандарттан тыс қарап, бағалауды бала кезден бойға сіңірген жақсырақ. Баланың шешімталдығы, сыртқы құбылысты бағалауы өзінің жеке кеңістігі барын ескеріп, сыртқы ортаға ұқтырып тұрғаны ата-ананың еңбегі арқылы қалыптасады. Анимация мен өмірін көп байланыстыратын балақайлардың креативті ойлау дағдысын мультфильм арқылы қалыптастыруға болады. 

razvitie-kreativnogo-myshlenija-u-detei-picture-normal.jpg

Креативтілік — әртүрлі жағдайлардан шығу, стандартты емес шешімдер қабылдау, талдау. Сондай-ақ, батыл ойлау және үлгі боларлық схемалардан азат әрекет ету. Балаларда шығармашылық ойлаудың зор әлеуеті бар, өйткені олардың сана-сезімдері әдеттегі іс-қимыл нұсқауларымен толықпаған.Балалар әлемге тәжірибе алаңына қарағандай зер салады.Балалардың жанына ата-ана жақын болуы керек, бірақ өзінің нұсқасын дұрыс деп таңбауы берек.  Назарларыңызға баланың креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға көмектесетін  "Паровоз" анимациялық студиясының мультфильмдерін ұсынамыз!

Катя және Эф. Есік— кез келген жерде бар (Катя и Эф. Куда-угодно-дверь).

Аудитория: 3-6 жас

maxresdefault (1).jpg

Мультфильмнің бірінші маусымында Катя  және оның ерекше досы Эф күнделікті өмірге қатысты сауалдарына жауап іздейді. Мысалы: ас құралдарын неден жасайды, неге жаңбыр жауады, асқа тоқаштарды қалай пісіруге болады т.б. Кейіпкерлер жауаптары интернеттен немесе ата-анасынан емес, зауыттарға, өндіріске және ғалымдар зертханаларына барып алады. Екінші маусымда Катя мен Эф балалардың жердің әр түкпірінде қалай өмір сүретінін білу мақсатында әлемге саяхат жасайды. Мультфилм: балаларды сұрақ бойынша егжей-тегжейлі түсінуге, шаблондардан тыс және жалпы қабылданған схемалардан тыс жауаптарды іздеуге, қауымдастық арқылы есте сақтау техникасының негіздерін үйретеді, эмпатия дағдыларын дамытады.

Ми-ми-ми-ми-мишки

 Аудитория: 3-6 жас

мишки.jpg

 Мультсериал ақ аю Тучки мен қоңыр аю Кешидің оқиғалары туралы әңгімелейді. Олар бірге қоршаған ортаға қамқорлық жасайды, достасуға және көңілді болуға үйренеді. Кэш ешқашан дайын шешім қабылдамайды, сара жолмен ойлайды. Ол гаджеттерді жақсы көреді және кез  келген күрделі құрылғыны-компьютерден ұшаққа немесе порталға параллель шындыққа дейін ойлап таба алады. Мультфильм: идеяларды көп көлемде жылдам шығару, белсенді шығармашылыққа дағдылану, үйреншікті алгоритмдерді айналып өту дағдыларын дамытады.

Ертегілік патруль

Аудитория: 6-10 жыл

патруль.jpeg

«Ертегілік патруль» хикаясы орыс ертегілерінің сюжеттерінің өзіндік интерпретациясын ұсынады. Сюжеткейіпкерлері жас сиқыршылар: Аленка, Варя, Маша, Снежка және Алиса. Қыздар Мышкиннің қорықтық қаласының сақтаушысы ретінде қызықты оқиғаларды бастан кешіреді. Оқиға желісі достыққа үйретіп және қиындыққа топтық көзқараспен шешім іздеуге дағдыландырады. Мультфильм: белгілі ақпараттың жаңа мәліметтерін табу, себеп-салдарлық байланыстарды құру, эстетикалық ой-өрісін кеңейту дағдыларын дамытады.

Энвелл қаһармандары

 Аудитория: 6-10 жыл

герои.jpg

« Энвелл қаһармандары» — ерекше ноутбук тауып, виртуалды шындық әлеміне түскен оқушы-геймерлер туралы шытырман оқиғалы сериал. Басты зұлымдықты жеңуі кейіпкерлердің көптеген квестдары дамыған креативті ойлауының арқасында жүзеге асады.  Көптеген ойыншылар оларға дейін Баквит ойынының жолсерігінің тапсырмаларын орындай алмады. Мультфильм: қиын жағдайлардан шығу жолын тез табу, айналадағы өзгерістерге жедел жауап беру, әртүрлі көзқараспен болып жатқан жағдайларға қарау дағдыларын дамытад.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Назерке ТӘЖІБАЙ

Жауыздықтың символына айналған Эрнесто Гевара шын мәнінде кім?
Онлайн курстың қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу