Динара мен Дариғаның байлығы көбейген
17-05-2023
Алдар көсе байдың қойын жайыпты. Жайып жүріп, бір күні шықпақ болыпты. Байдың баласы жоқ екен. Қойнына ыстық нанды тығып, қойына кетіп бара жатса, Алдар көсе келіп:
— Бай, сенімен құшақтасып кетейін, — деп, байға келіпті. Байға «қош» деп, құшақтасып көрісіпті. Қойнындағы ыстық нан қойнын күйгізсе, бай нанды:
— Ит жегір-ай, — деп, лақтырып жіберсе, Алдар көсе:
— Ит жегенше, мен жейін, — деп, сол арада нанды жеп алыпты.
Байдың үш қызы бар екен. Үлкенінің аты — Жуанбіз, ортаншысының аты — Ортаншыбіз, кішісінің аты — Жіңішкебіз екен. Әсіресе, кіші қызы сұлу екен. Алдар көсе байға айтыпты.
— Байеке, байеке, жіңішке бізіңізді бере тұрсаңыз. Етігімді тігіп алайын, — дейді.
Бай:
— Үйге барсаң, қатын береді, — дейді. Алдар көсе үйіне келіп:
— Бай Жіңішкебізді маған ал деді, — деп, қатынына айтыпты. Қатыны «бермеймін» десе, Алдар көсе байға айқай салыпты. Сөйтсе, бай ашуланып, қатынына:
— Бер, — депті. Қатыны Жіңішкебізді Алдар көсеге беріп жіберіпті. Алдар көсе Жіңішкебізді алып келе жатса, бір таз қой бағып жүр екен. Алдар көсе тазға айтыпты.
— Тазым, тазым, басыңды жазып берейін бе? — депті. Таз:
— Мақұл, — депті.
— Көк серкеңді әкел, — деп, серкені сойып, қарнын-жынын таздың басына қаптап:
— Сен енді осы құдыққа түсіп, жылын. Қасыңа бір ешкі байлап қоясың. Сол ешкі маңырағанда, тазың кетеді, — деп, ешкіні байлап кетіпті. Сөйтсе, қой кетіп қалыпты. Алдар көсе Жіңішкебізбен келе жатса, бір қарт қос айдап жүрсе, сартқа келіп, Алдар көсе қартқа айтыпты.
— Сарт, мен сенің үйіңнен тамақ ішіп шықтым. Қатының тамағыңды даярлап тұр, маған «сен айдай тұр» деді, — депті. Сарт сеніп, үйіне кетіп қалса, өгізінің құйрығын кесіп, жерге қадап, екі өгізді Жіңішкебізбен бір белдің астына апарып қойып, сартқа айқайлапты.
— Сартақ сарт, өгізің жерге кіріп кетті, — деп айқайлайды. Сарт келіп, құйрықты тартса, Алдар көсе «жұлынады, тартпа» десе, сарт болмай, жұлып алыпты.
— Әне, жұлма десем де жұлды.
Сарт жерді қазып-қазып, таба алмай, сарт үйіне кетіпті.
Алдар көсе Жіңішкебізді, екі өгізді алып, жолына түсіпті.