Қазыбек би Келдібекұлы нақыл сөздері
Адал болса – досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағын шөберең жақын,
Туып өскен – елің жақын.
***
Ерден ердің несі артық,
Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық,
Бір-ақ асым есі артық.
Жерден жердің несі артық,
Бір-ақ уыс шөбі артық.
Міндетіне алған сөзден,
Шегінген жігіттен,
Өлген аюдың өзі артық.
***
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
***
Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.
***
Ауыл ақсақалы шала болса,
Жігіттері алту ауыз ала болса,
"Ә" десе, "Мә" дейтін.
Жасы үлкеніне жасы кішісі "сен" десе,
Сол ауылдың берекесі кетеді.
***
Бір бала бар -
Атадан жете туады.
Бір бала бар -
Атадан өте туады.
Бір бала бар -
Кері кете туады!
***
Құт берекең - атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
***
Бір бала бар — атасына жете туады,
Бір бала бар — атасынан өте туады,
Бір бала бар — көтінен кері кете туады.
***
Тату болса – ағайын жақын,
Адал болса – дос жақын.
***
Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.
***
Атадан жақсы ұл туса – елінің зоры болады,
Атадан жаман ұл туса – адам біткеннің қоры болады.
***
Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.
***
Ұят қымбат, ар қымбат,
Жаның сүйген жар қымбат.
***
Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа.
Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!