Жұмбақтар (жауабымен)

Oinet.kz 18-08-2020 4399

Жіп-жіңішке денесі, 

Ортасында шегесі. (қарындаш) 

books.jpg

Үстіне тігіп көк шатыр, 

Астында қызыл дәу жатыр (қызылша) 


Сырты жасыл қатты 

Іші қызыл тәтті. (қарбыз) 


Жерде жатып желіндейді, 

Күз түскенше желінбейді. (қауын) 


Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз) 


Жасыл ала дөңгелек, 

Бақшада жатыр дөңгелеп. (қарбыз) 


Әр желінің асты толған көк қоян, 

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (қияр) 


Бұтағында азығы 

Ортасында азығы. (алма)  


Ақ құман жүр жүзіп. 

Су бетін сүзіп. (аққу) 


Бес қаруы белінде 

Самғап жүреді көгімде. (бүркіт) 


Бір-ақ сөз біледі, 

Өз аты онысы. 

Соны айтып жүреді және жоқ қонысы. (көкек) 


Талдың басында, жемі бар қасында, 

Там тұр саялы, достары аялы. (құс ұясы) 


Ағайынды бәрі: 

Шықса-көк, 

Түссе-сары. (жапырақтар) 


Шәкіртке жанашыр, 

Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз)


Қабат-қабат қаттама,

 Ақылың болса аттама. (кітап) 


Жазу жазып жалықпаған,

 Жаза-жаза арықтаған. (бор) 


Білімнен мол сый-асы, 

Балғындардың ұясы. (мектеп) 


Қиналып көтеріп, 

Өзінен ауырды. 

Жорғалап кетеді, 

Жүкшідей кәдімгі. (құмырсқа) 


Бейбітшілік құсы деп, 

Атайды оны барша жұрт. (көгершін) 


Қыста киімін тастайды, 

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)


Қолы бар, 

Саусағы жоқ. 

Мойны бар, 

Басы жоқ. (көйлек)


Ұшады қанатсыз, 

Зырлайды аяқсыз. (Зымыран) 


Беттескен қос табақ, 

Ортасында бас тамақ. 

Киізбен шоққа ораса, 

Дәм піседі тамаша. (таба нан) 


Үсті тас,асты тас, 

Ортасында піскен ас. (нан)


Диплом жазудағы 7 қателік
Балалардың танымын арттыратын ойындар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу