Табысқа жеткен әйелдердің құпиясы жазылған 5 кітап
Табысқа жеткен әйелдердің шабытты ойлары, бизнестегі сәтті қадамдары мен өмірлік сабақтары туралы ең үздік 5 кітап.
Бұл кітаптарда табысты әйелдер өздерінің мансап жолындағы оқиғаларымен бөлісіп, өз ісін енді ғана бастасам деген қыз-келіншектерге құнды кеңес береді.
1. Шэрил Сэндберг. «Әрекет етуден қорықпа: Әйел, жұмыс және көшбасшылық жігері» (Не бойся действовать: Женщина, работа и воля к лидерству)
Шэрил Сэндбергтің кітабының адам айтса нанғысыз жетістігінің ең басты құпиясы — әйелдерге ең алдымен іскерлік кеңес бермейтіндігінде. Таңдануыңыз мүмкін. Бірақ дәл солай. «Әрекет етуден қорықпа» — бұл, ең алдымен, кейіпкердің ішкі түсінігі туралы әңгіме. Тіпті табысты әйелдердің өзі қарапайым ер-азаматтарға тән мүмкіндіктерге қол жеткізе бермейді. Әйелдің рөлі еркектерден бір саты болғандықтан, көптеген қиындықтарға тап болуы жаңалық емес.
Бұны Сэндбергше өзгертудің жалғыз жолы — өзіңізді екінші орынға қоюды доғару, жалғыз әрекет етуден қорықпау. Батыл болу, өз ойыңды еркін жеткізу, белсенділік таныту… Ер-азаматтардың басты жетістігі де осында жатыр. Бұл құнды кеңестердің барлығы өмірде шынымен де үлкен жетістіктерге жеткен Шэрил Сэндбергтікі. Ол Facebook компаниясының атқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі.
Өмірде толағай табысқа жету үшін мектеп қабырғасынан бастап белсенді болыңыз. Сабақ сұрағанда қолыңызды өзгелерден жоғары көтеріңіз, тәлімгеріңізге жақын отырыңыз, жалақыңызды өсіруді сұраудан қысылмаңыз, қорқыныш дегенді мүлдем ұмытыңыз. Өйткені, қорқыныш әйел затын әлсіз етеді.
2. Мэри Кей Эш. «Жетістік жолы» (Путь к успеху)
Жетістікке қол жеткізіп, табысты болуды дәлелдеген әйел жайлы кітап. Мэри Кей Эш шынымен де көп әйелдің басындағы қиындықты еңсере білген. Күйеуі үш баласымен тастап кетеді, мансабын өсіру жолында көп қиындықтарға тап болады. Өйткені, ол — әйел. Тек зейнеткерлікке шыққаннан кейін ғана бүтін бір империяның негізін қалады.
Табысты әйелдердің табыс жолы сипатталған алғашқы әңгіменің бірі. Кітаптың негізгі түйіні: «Төмен құлдыраған сайын — биікке қанат қағасың». Ең бастысы өзі ғана жетістікке жетіп қана қойған жоқ, әлемнің барлық әйелін табысты болуға сендірді. Және бұл олардың қолынан келді.
3. Кейт Уайт. «Барлығына қол жеткізе алатын әйелдердің 9 құпиясы (Девять секретов женщин, которые получают все)
Cosmopolitan-ның редакторы болған жазушы Кейт Уайттың туындысы. Ол әйелдерге өмірдің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға кеңес береді. Сәтті уақытын күтіп немесе қысылып-қымтырылудың қажеті жоқ екенін алға тартады.
Тіпті, өзгелерді қызғанудың да еш оғаш қылық емес екендігін де дәлелдейді. Өйткені өзгелерді бағалау арқылы, өзімізді күн сайын дамытуға, басып озуға шабыттандырамыз. Тіпті шын мәнінде не қалайтынымызды айқындаймыз.Табысқа жетудің басты құпиясы — өзіңіздің жақсылыққа лайық екендігіңізге сену және осы сенім негізінде дамылсыз әрекет ету.
4. Эми Пурди. «Алға бір қадам. Аяғынан айырылса да, билеуді үйренген қыздың оқиғасы (Шаг вперед. История девушки, которая, потеряв ноги, научилась танцевать)
Бұл кітап Эми есімді батыл қыз туралы. Америкалық қыз аяғынан айырылғаннан кейін актриса, модель, биші болды. Тіпті сноубордпен айналысуын жалғастыруға ештеңе кедергі келтірген жоқ.
Бұл оқиғаға дейін Эми әуесқой спорт түрі ретінде сноубордпен айналысты. 19 жасында аяғын кесіп тастағанда қыздың дәрігерлерден сұраған ең бірінші сұрағы: «Мен спортты жалғастыра аламын ба?» болды. Дәрігерлер, протезбен шыққан сноубордшылардың болмағанын айтты. Алайда Эми алғашқы болды.
Осы оқиғадан кейін тағдыр оған екінші мүмкіндікті сыйлаған екен, демек ол өмірін бұдан да мәндірек өткізу керек деп шешті. Эми Сочидегі паралимпиадалық ойындарда сноубордтан қола жүлдегер атанды, әйгілі «Жұлдыздармен би» телебағдарламасында екінші орын алды. Бұл кітапта тағдырдың тәлкегіне мойымаған қыздың тағдыры, жеңіс жолында көрген қиындықтары, ең бастысы үміт үзбеу туралы айтылады.
5. Мария Фикссон. «Махаббаты таңда. Арманың үшін тәуекел ету, өз ісін құру және бақытты болу» (Выбирай любовь. Рискнуть всем ради мечты, создать свое дело и стать счастливой)
Барлығы ол тіккен киімдерді ешкім кимейді деп сендірді. Бірақ, өзің құштар болған арман үшін барлығын тәуекел етуге болады. Ол бас есепші қызметінен кетіп, өз қолымен жасалған киімдерді сата бастады. Тіпті өз брендін қалыптастырды. Мария Фикссон қазіргі таңда сән әлемінде толағай табысқа жеткен әйел. Оның киімдері Еуропаның ең беделді дүкендерінде сатылады.
Мария Фикссон арманына жету үшін мол табыс әкелсе де өзін шабыттандырмайтын жұмысын тастады. Тіпті кәсібін бастар кезде қалтасында бір тиын ақшасы болмаған. Алайда сүйікті ісіне деген ұлы махаббат оны табыс жолында адастырмады.
Дайындаған: Маржан Сәбет