Түлкі мен тауық

Oinet.kz 17-08-2020 779

Бір түлкі жортақтап тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында тұрған тауықты көреді де бұл тауықты алдап қапқаныма түсірейін деп ойлайды.

Таңертеңгі сапырылыс (ертегі)

Түлкі:

— Тауығым, неге отырсың биікте? Жерге түс, тілімді алсаң, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап-күлейік, — дейді.

Тауық:

— Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой, — дейді.

Түлкі қуанып кетіп, биіктегі тауықты жей алмасам да жердегі тауықты жеймін ғой, — деп жүгіріп барса, бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнеледі, тауық оны намазға шақырады: «Байтал түгіл бас қайғы». Тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. «Біреуге ор  қазба, өз басыңа келер» деген. Япырмай, тауық қандай, түлкі қандай, түлкіні тауық па еді алдағандай.

Жалқау мысық пен ұры тышқандар
Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу