«Ақшақардың кебісі» атты жаңа жылдық ертеңгілік

Oinet.kz 16-08-2020 723

Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.Пережить Новый Год - Стоматологическая поликлиника г. Волгодонска

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жаңа жыл келді о, міне,

Далама, қалама, жеріме

Шаттыққа бөлеп әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

(Сиқыршы шығады)

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?

Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар.

Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?

Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі.

«Сыңғырла, жаңа жыл» биі.

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шаңғымен барамыз. (Балалар жұп болып қатарға тұрып шыршаны айналады) Балалар орындықтарға отырады, әуен шырқалады, Қоян секіреді.

Жүргізуші: Ой мынау не?

Балалар: Мынау, Қоян.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Жүргізуші: Қоян, сен кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың бе?

Қоян: Жоқ, көрген жоқпын.

Жүргізуші: Енді, не істейміз?

Сиқыршы: Қазір мен барлық балаларды орман гномдарына айналдырып жіберемін. (Сиқырлы таяқшасымен балақайларды гномдарға айналдырып жібереді).

Жүргізуші: Қане, гномдар, бірігіп билеңдер кебісті табыңдар.

«Гномдар биі».

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, Жақсылап би биледіңдер. Бірақ кебіс табылған жоқ.

Жүргізуші: Мен білемін біздерге Аққала көмектеседі.

Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!

Мен көңілді Аққаламын.

Ойын - күлкі әкелдім,

Бақыт, қуаныш сыйлаймын.

Мықты денсаулықпенен.

Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Біздің басымызға қиындық түсіп, көмек керек. Кебістің бір сыңары жоқ.

Аққала: Мен сендерге көмектесемін, бірақ бір би тамашалап алайық.

«Аққалалар биі»

Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар,

Сиқырлы үйді қараңдар.

Жарығы жанып тұр,

Терезесін қағайын.

Кім тұратынын сұрайын.

Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар тұрады. (Үйінен Ақшақар шығады).

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Жүргізуші: Құрметті Ақшақар, сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.

Ақшақар: Мен билегенді ұнатамын. Орманда түлкімен серуендеп жүріп кебісімді жоғалтып алдым.

Сиқыршы: Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс тауып алдым, кебісіңді ала ғой.

Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар.

Жүргізуші: Ақшақар, балаларымыздың дайындап келген биі бар, бірге билеңіз.

«Ақшақарлар биі»

Сиқыршы: Балалар сіздер ән айтқанды ұнатасыздар ма? Ендеше ән айтайық.

Ән: «Ақшақар»

Ақшақар: Балалар, Аяз ата әлі келген жоқ па?

Сиқыршы: Мен білемін, Аяз ата балабақшаға келеді. Біздің шаңғыларымыз қайда екен? Үйге қайтатын болды. (Балалар жұптасып қатарға тұрады да шыршаны айналады).

(Әуенмен Аяз ата шығады).

Аяз ата: Мен көңілді Аяз атамын.

Құрметті балалар

Сәлеметсіздер ме қыздар мен ұлдар.

Жүргізуші: Мүмкін Аяз атаны би билеп қуантамыз, өнерімізді көрсетерміз.

«Қонжықтар» биі

Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның шамдарын жағады).

Аяз ата: Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген жоқсың ба?

Сиқыршы: Қолғап тауып Аяз атадан сұрайды: Аяз ата мынау сіздің қолғабыңыз ба?

Аяз ата: Иә қолғап менікі (Балалар бір - біріне қолғапты беріп, Аяз ата балалардан алуға тырысады).

Ойын: «Қолғапты қуып жету».

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, жылдам екенсіңдер.

Жүргізуші: Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.

Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады).

(Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).

Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
Қош келдің, Наурыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу