Изагураның кебісі (ертегі)

Oinet.kz 29-07-2019 1103

Screenshot_9.jpg

Таудың қалың шалғыны арасына құр ұя салып, балапандарын басып шығарады. Үріп ауызға салғандай сүйкімді балапандар. Бірақ, қауіп қайдан болса, қатер сонда деген ғой, осы ұяға бір жылан дәнігіп алады. Айнала жылжып, балапандарға көз алартып қояды… Байғұс құрдың әбден мазасы кетеді… 

Жақын жерде тұратын көршісі сауысқанға мұңын шағады.

 — Сауысқан, а, сауысқан! Не істеймін? Сұмырай сұр жылан менің балапандарымды жеп қойғысы келіп жүр! Ақылды құс едің ғой, бір көмегіңді берсейші маған! Мен қазір бар дауысыммен қатты шықылықтайын. Мүмкін жылан қорқып кетіп қалар, — дейді сауысқан. 

— Егер қорықпаса, онда ұшып барып түлкімен ақылдасамын. Сауысқанның шықылықтағаны жыланға шыбын шаққан құрлы болмайды. Тіпті елең етпейді. Айнала жылжып, ұяға таяу жерде жүріп алады. Сауысқан түлкіге ұшып кетеді. Сенің мынау қулық толы қабыңда жыланға қарсы амал табатын құрал жоқ па? — дейді ол түлкіден. Түлкі үлкен қулық қабын әрлі-берлі аударыстырып, ұзақ ақтарады. Ақырында табады. Бар!-дейді ол. 

— Бір қулық бар! Сен қазір қарғаға қарай ұш. Егер ол келісетін болса, Изагураның кебісін ұрлап алсын, кебісті жылан тығылып жататын тастың үстіне лақтырып кетсін. 

Балконда демалып отырған Изагура інжу жіппен тігілген жарқыраған алтын кебісін аяғынан шешкен кезде, қарға оның біреуін қағып алып, аспанға көтеріледі. Сарай күзетшілері: «Аса қымбат кебіс ұрланды! Ұрыны ұстаңдар!» деп шулайды. Бірақ бұл кезде ұры қарға тым алысқа ұшып кетеді. Оны кім ұстасын?! Қарға жылан тығылып жататын тасқа дейін ұшып келіп, алтын кебісті жерге тастай салады. Мұны сарайдың шатырына шығып қарап тұрған күзетшілер байқап қалып, солай қарай жүгіреді. Бірақ олар келгенше қу түлкі кебісті тістеп алып өз ініне кіріп кетеді. Күзетшілер келе қара тастың астаң-кестеңін шығарып іздейді. Алайда алтын кебіс табылмайды. Тастың астында жиырылып, ысылдап жатқан жыланның басын шауып тастайды… 

Сол қара тасқа осы күнге дейін алтын кебісті іздеп үлкендер де, балалар да келеді деседі. Кім біледі, жолы болған біреудің алдынан Изагураның алтын кебісі жарқ ете қалуы мүмкін ғой! Алтын кебісін ішінде солай жата берсін. Бұл кезде құр балапандарын аман-есен өсіріп шығарады. Қулық толы қап арқалаған айлакер түлкіге нақ осы үшін көп рахмет айту керек шығар!

Асық туралы не білеміз?
«Халуа жауған күн» ертегісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу