Махмұд Қашқари нақыл сөздері

Oinet.kz 16-08-2020 4093

image.png

Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың.

***

Тай өссе ат тыныс алады,

Ұл өссе ата тыныс алады.

***

Дос адам маңайыңды жұмақ етер.

***

«Ағайын» десе - шақ қарадық,

«Қайын» десе - жалт қарадық.

***

Ұран көтерілсе - ру жиылар,

Жау келсе — жамағат жиылар.

***

Құпия жүрген махаббат айрылар күні қор болар,

Жаралы көзді жасырма – бәрі бір жасы сорғалар.

***

Белгісі болса – жолдан жаңылмас,

Білімі болса – сөзден жаңылмас.

***

Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді.

***

Бақыттың белгісі - білім.

***

Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.

***

Ат қасқасы ай болмас

***

Сараң санға қосылмас.

***

Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі.

***

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр шыдам қыл.

***

Атаның ұлы - атасына тартып туар.

***

От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас.

***

Атасынан ақыл алса, тентек ұлда жөнделер.

***

Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес.

***

Еріншекке есік те асу көрінер.

Жалқауға бұлт та жүк көрінер.

***

Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды.

***

Жасында тырысқан - қартайғанда қуанады.

***

Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.

***

Кекті тайдыр жолыңнан,

Әділдікті саяла.

***

Ашу қысса - ақылың ғайып болады.

***

Кішілік пен кісілік— ұлылықтың белгісі.

***

Ақ көңілі сәбидей, сенгіш келер ұлы адам.

***

Кісілік пен кішілік- ұлылықтың белгісі.

***

Ұяты бармен-ұрыс,

Ұятсызбен-ұстаспа.

Жаңа жыл кешіне арналған сценарий
Отбасы күніне арналған сценарий
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу