«Қыз сынына» арналған сценарий

Oinet.kz 17-02-2020 12777

«Қыз сыны» байқауының сценарийі  

Әли:  Құрметті жиналған қауым!
           Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
           Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді 
ғой.
           Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
           Қ
ош келдіңіз халайық, сергісін бой.
 Бүгінгі «Көктем аруы-2016» атты арулар байқауына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы-2016 » байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар  сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған, 8 - наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесімен  құттықтаймыз.


  • Мерекелік құттықтау сөз ..........................................................................беріледі.
    Бегзат: Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                   Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                  
    Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                   Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
     
                   Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
                   Аруы деп мектептің  жүрейікші.
                   Әділқазыларға тек әділдікті,
                   Ал аруларға сәттілік тілейікші
     ( «Қыз сыны» әні орындалып тұрады. Қыздар кезекпен ортаға шығады)


1 ару: Бет пішіні, дене мусіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті: Тохтахунова Зарина
2 ару: Баппен сөйлеп, биязы күліп жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз: Хуатхан Ақжүніс
3 ару: Тақпақ айтып тақылдайды, сыныптың сабырлы да ұяны – Әнуарбекова Дина
4 ару: Сөзі өткір, өзі пысық, келбетті, өрескелдікті сүймейтін қыз: Әнуарбекова Жанерке

Әли: Байқауымызда әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:


1..............................................................................................................................................

2...............................................................................................................................................

Бегзат: А, құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын,
Бастарыңа бақ сыйлап,
Қыдыр бабаң қолдасын.
Бүгінгі мына сайыста
Тұғырдан таймас қыран бол,
Білімі асқан ару бол,
Еліңе ұнар ару бол,
Халқың сүйер аққу бол – қыздарымызды 1 – ші байқаудың шартымен таныстырайық: Ал енді қымбатты арулар, Сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты өзін - өзі таныстыру. Әр ару 10 баллдық жүйемен бағаланады.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бугінгі сайысымызға бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты:
1 ару: Тохтахунова Зарина
2 ару: Хуатхан Ақжүніс
3 ару: Әнуарбекова Дина
4 ару: Әнуарбекова Жанерке

Әли: Келесі байқау «Өнерлі өрге жүзер»
Бұл байқаудың шарты:
Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсету арқылы сайысқа түседі. Әр ару 10 балдық жүйемен бағалануы тиіс. (Әр сайыскер өз өнерлерін көрсетеді.)

1 ару: Тохтахунова Зарина шақырылады.
2 ару: Хуатхан Ақжүніс
3 ару: Әнуарбекова Дина
4 ару: Әнуарбекова Жанерке

Бегзат:  III  кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. 
Бұл кезеңде әр аруға 7 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 баллдық жүйемен есептеледі.

Бегзат: 1-ші арудың сұрақтары. 
1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже) 
2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ). 
3. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев) 
4.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан) 
5. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз). 
6. Көрімдік беру дегеніміз не? Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан келген құдаларға болашақ келіндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады.
7. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз. 

Әли: 2-ші арудың сұрақтары. 
1. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт) 
2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май). 
3. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа) 
5. Ана туралы бір мақал айтыңыз. 
6. Ерулік беру дегеніміз не? Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер). 


Бегзат: 3-ші арудың сұрақтары. 
1. Ас атасы (нан) 
2. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем) 
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева) 
4. Тіл туралы мақал-мәтел айтыңыз. 
5. Қонақкәде айту дегеніміз не? Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа салатын болған. Ол - өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай. Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа салатын болған. Ол - өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай.
6.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере). 
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз). 


Әли: 4-ші арудың сұрақтары. 
1. Киелі құс (аққу) 
2. Тігінші құралы. ( ине ) 
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, алқа). 
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар). 
5. Сүйінші сұрау дегеніміз не? Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ. 
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан). 
7. Отан туралы мақал-мәтел айтыңыз. 

Бегзат: V кезең. Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
- бұл кезеңде сайыскерлер алдарында жатқан құралдарды пайдалану арқылы қазақтың оюын жасаулары тиіс. Іске сәт! 5 минут уақыт беріледі.

Әли:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой- дей келе аруларымыз дайын болғанша аналарымызға арналған әнді қабыл алыңыздар.

(Қыздар туралы әзілдер айтылады).

Бегзат:


  • Келесі кезеңде аруларымызға үйге берілген тапсырмаларын тексерік көрелік. Қыздарымыз ұлттық тағам тағайындап келуі тиіс болатын. Әділ –қазылар алқаларына тағайындаған тағамдарыңызды ұсынып, таныстыруларыңызды сұраймыз.


Әли: Осымен байқауымыз аяқталды. Әділ –қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша 6 сынып оқушыларының орындауындағы биді қабыл алыңыздар.

Бегзат:
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз – әділ қазылар алқасы шешімдерін шығарғанша ақ жаулықты әжеміз Гүлнәр тәте бізге музыкалық сәлемдемемен келген екен, қабыл алайық.

Әли: Әділ-қазылар алқасына сөз кезегін берейік.


  1. Бас жүлдеге иегер қыз: «Көктем аруы - 2016».
    2.. «Өнерлі қыз».
    3. Көрікті қыз».
    4. «Сабырлы және нәзік қыз» нминациялары бойынша аруларды марапаттау.


  • Вальс. Сыныптағы оқушылар «Ана махаббаты» әніне вальс билейді.


Бегзат: (Сенің анаң алтын әні орындалып тұрады, оқушылар қыздар мен аналарға сыйлықтарын ұсынады.) Құрметті қонақтар, аналар мен ақ жаулықты әжелер, қызғалдақтай құлпырған қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңіз сау болып, еш мұңаймай, гүлдей жайнап жүре беріңіздер. Келесі кездескенше хош сау болыңыздар.

Қалмақтар қайда кетті?
8 наурыз балабақша тақпақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу