Қазақстанның әсем жерлері туралы шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 9928

Қазақстан – әлемдегі ең әсем мекен. Табиғаты көрікті, ауасы жанға жайлы, көздің жауын аларлықтай сұлу мекенге бай өлке. Аспаннан теңесе тұрған Алатау, жер жәннәті Жетісу, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл.

Kolsay_Lake.jpeg

Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан табиғаты көрікті мемлекет. Топырағы құнарлы, суы таза, ауасы шипалы әсем өлке. Осындай ғажап елде дүниеге келгеніме қуанамын. Мен елімнің аспанмен теңескен таулары мен мөлдір сулы өзен-көлдерін жақсы көремін. Осынау сұлулықты кім жаратты екен? Бұл табиғаттың тылсым сыры.

Қазақстанның шығысы Алтай тауларымен қоршалса, батысын телегей Каспий теңіз шекаралап жатыр. Каспий теңізінің көрінісін сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Суы тұнық, шағаласы аспан әлемін шулатып ұшып жүретін бұл мекенге туристер көп келеді. Солтүстікте туристердің ортасы болған Бурабай мен көлдің ортасында Жұмбақтас орналасқан. Жасыл желек, жұпар ауасы жанға жайлы.

Табиғаттың әсем жерлерін ақын-жазушылар өздерінің өлеңдеріне қосып, жырлаған. Табиғат ақындарға шабыт берсе, суретшілер оның сұлулығын қағақа түсіреді. Алайда бұл ғажап сұлулықты көзбен көріп, жүрекпен сезінген жөн.


Есірткенің зияны. Шығарма
Киіз үй туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу