Елтаңба жайлы шығарма

Oinet.kz 23-09-2019 3456

Әрбір мемлекеттің өзгеелдерден айшықтап тұратын өзіндік мемлекеттік рәміздері бар. Елтаңба – мемлекеттік рәміздердеің бірі. Елтаңба мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

c7a888ef1b4daeca68627d9e8e9650ad.png

Бұрыннан  әрбір тайпаның елтаңбасы бар. Сол арқылы қай тайпа, қай жерде орналасқанын білуге болады. Қазақстанның елтаңбасы дөңгелек пішінді. Бұл барша көшпенді халықтарының ерекше қастерлеген өмір мен мәңгілік символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнесі. Шаңырақты айналы күннің сәулесі іспеттес уықтар шаншылған. Жәнеде шаңырақтың оң мен сол жағында ертедегі аңыздардағыдай пырақтар бейнеленген. Жоғары бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазуы бар. Бұлардың бәрі алтын түстес.

Елтаңбада бейнеленген шаңырақ бір тұтастық пен татулықты, елімізді мекендейтін барша халықтардың бірлігі, ал уықтар ел азаматтарынң бірігіп ел тыныштығын ойлау мен елдің көркеюіне бірге атсалысуды меңзейді. Алтын түсті пырақтар сенімділік пен ерік күшті, батылдықты бейнелеп, пырақтың қанатындағы алтын масақ елдің еңбексүйгіштігінің бейнесі. Елтаңбада бесжұлдыздың бейнеленуі Қазақстан елінің барлық елдермен ынтымақ пен татулықта серіктес болатының жәнеде шындық пен ақиқатқа ұмтылатын ел екенін меңзейді.

Елтаңбада негізінен алтын түс қолданыған. Бұл байлық пен әділдіктің,кеңпейілділіктің символы. Жәнеде көк түстер аспанның ашықтығы мен бейбітшілікті бейнелеп тұр. Мемлекеттік елтаңба барлық орындарда елдің нышаны болып ілулі тұрады.

Ту туралы шығарма. Көк тудың желбірегені
Нұр-Сұлтан қаласы туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу