Тәртіп туралы шығарма
Тәрбие тал бесіктен басталады. Тәрбиелі бала әрбір мектептің абыройы. Адам баласы өмірге келген сәттен бастап ортаға бейімделе бастайды. Адамдармен қарым-қатынас орнатып, ортады өзіндік орнын қалыптастырады.
Батыр Бауыржан бабамыздың «тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөзі бар. Расыменде, тәртіп бар жерде білім де сыйластықта болады. Тәртіпті бала дегеніміз кім? Ол ата-анасының айтқанын істейтін, ұстазы үйге орныдауға берген үй тапсырмасын уақытылы орындайтын, бауырлары мен достарына көмектесіп жүретін ұқыпты бала. Жәнеде тәртіпті бала әркезде де үлкендердің сөзін бөлмей соңына дейін тыңдап, жаман сөздер айтпайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүретін, өзгелерге қолұшын беріп көмектесіп жүреді.
Біз тәртіпті ата-анамыз бен мектептегі мұғалімдерден үйренеміз. Олар бізге тәртіпті баланың болашағы жарқын болады деп түсіндіреді. Расыменде, менің әпкелерім әркез тәртіпті болып өсті. Апам маған соларды үлгі етіп көрсетіп, әпкелерін секілді бол деп айтып отырады. Тәртіпті әпкелерімді бәрі мақтайды, апайымыз оларды мектепте әркез мақтап отырады. Менде әпкелерім секілді мақсауға лайықты тәртіпті бала боламын.