Республика күні. Шығарма
Республика күні – ұлттық мереке. Бұл күнді барша қазақ халқы аңсап, армандаған. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы болды. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы мен жеке бюджеті бар дербес елге айналды.
Бұл акт арқылы әлемде Қазақстан Республикасы бой көтерді. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
Республика күні халықтық мереке. Бұл күні елде мерекелік көңіл-күй орнап, концерттік бағдарлармалар қойылып халық шад-шадыман күйде жүреді. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алды. Бұл бұрынға ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттың таңы.