Ресми іс- қағаздары

Oinet.kz 15-12-2019 1103

Жоспары

1.     Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

2.     Іс қағаздарының түрлері

3.     Іс қағаздарының қызметтері

4.     Іс қағаздарының сипаттары

5.     Құжаттау үрдісінің элементері

6.     Іс қағаздарын жүргізуге қатысты арнайы құжаттар мен ұйымдар

7.     Ресми іс қағадары стилі

8.     Ресми іс қағаздарына тән белгілер

9.     Ресми іс қағазларын зерттейтін ғылым салалары

1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы  (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.

Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.     

2. ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ  ТҮРЛЕРІ

Үшке бөлінеді:

І. Азаматтық қарым-қатынас құжаттары.

ІІ. Жеке бас  құжаттары.

ІІІ. Басқару, ұйымдастыру құжаттары.

«Қазақ жазуы» Ахмет Байтұрсынов
Лингвистика (қазақша реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу