Тұрар Рысқұлов туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 4187

Тұрар Рысқұлов – қоғам қайраткері. Ол 1894 жылы Жетісу өңірінде дүниеге келген. 10 Жасына дейін әкесімен бірге түрмеде өмір сүріп, өмірдің қиындығы мен әлеуметтік теңсіздікті кішкентайынан көріп өседі. Оның қилы-қилы қиыншылыққа толы өмірбаянын Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» арқылы оқып, біле аламыз. 1907-1910 жылдар аралығында Меркедегі қазақ-орыс бастауыш мектебінде, кейіннен Бішкектегі ауыл шаруашылық училищесінде бау-бақша саласын меңгеріп шығады. «Қазақ жастарының революциялық» одағын құрып, аштықпен күресу жолдарын жасайды.

Turar_Ryskulov-1.jpg

ХХ ғасырда Тұрар Түріксіб темір жолын салуда үкімет басшысы болып, оны салу  6 жыл ішінде аяқтаудың орнына 3 жылда аяқтап шықты. Ол Ф.И.Голощекиннің «Кіші қазан» саясатына ашық қарсы болып өз ойын айтқан жан. Кеңестік ұжымдастыру саясатынын зардаптарын жою, ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайлы Сталинге ашық қарсы екені жайлы ұсыныстарын айтты.

Ол жиырмаға жуық кітаптардың редакторы болды, жүздеген ғылыми және үгіт-насихаттық мақала жазып, жариялады. Коммунистік университетінде сабақ берді. Т. Рысқұлов еңбектерін оқи отырып, оның тамаша насихатшы, тарихи екендігіне көз жеткіземіз.


Бауыржан Момышұлы туралы шығарма
Етістік (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу