Мұқағали Мақатаев. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 4225

Мұқағали Мақатаев – қазақтың танымал ақыны. Ол 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келіп, 1976 жылы қайтыс болады. Аз ғана уақыт ғұмырында артына өшпес мұра қалдыра білшен жалынды ақын. Оның өлеңдері мен поэмалдары қашанда құнды.

201402091013181.jpg

Мұқағали Мақатаевтың алғашқы өлеңі - «Қырман басында». Халық арасында лирик ақынның танымал өлеңдері көп. Ақын көбіне махаббат, сүйіспеншілік, адалдық, сұлулық жайлы көп жазады.

Біз мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ақынның өлеңдерін оқып, жаттап жатырмыз. «Аккулар ұйықтағанда» атты поэмасында ананың бала деген шексіз махаббаты мен аққудың киесі жайлы жазылған. Жәнеде «Қош бол, махаббат» атты прозалық кітабында біз мектептегі кітапханадан алып оқимыз. Барша өлеңдері мен шығармаларымен оқып ақынның жүрегінің нәзіктігі мен біртуар жан екенін аңғарамыз.

Мектепте жылда 9-ақпан ақынның туған күніне орай «Мұқағали оқулары» сайысы өткіліп отырады. Бұл сайыста ақынның өлеңдері мен шығармаларына шолу жасап, әрбір жас өскелең ұрпақтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті ұялатады. Адамдар арасындағы риясыз махаббатты, табиғат пен қоршаған ортаның сұлулығы жайлы жырлаған ақынның өлеңдері халық жадында.

Жәнеде ақынның сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді», «Бесік басында», «Қалқатай», «Наурыз думаны» сынды т.б. әндері халық арасында кең танымал. Мұқағали ақын өзі өлсе де артында қалған шығармалары  мен өлеңдері ешқашан өлмек емес.

Қазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс
Абайдың әділеттік іліміне шолу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу