Ыбырай Алтынсарин. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 1693

Ыбырай Алтынсарин халық ағартушысы, ұлттық  мектеп ашуда өзіндік орнын қалыптастыра білген ұлт жанашыры 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келген. Жастайынан әкесінен айырылып ағасы Балғожаның тәрбиесінде өседі. Ол кісі өте сөзге шешен, сөздік қоры бай, би, білімді болған. Көргенді кісінің тәрбиесін көрген жас буынның келешегіне оң әсерін тигізері де анық. Ыбырай әуелгіде ауыл молдасынан мұсылманша хат танып, кейіннен Орынбордағы қазақ-орыс мектебіне оқуға түседі. Жастайынан зерек, алғыр бала оқуды үздік аяқтайды. Профессор В.В.Григорьевпен танысып, оның кітапханасындағы орыс, әлем жазушыларының кітаптарын оқып, өзінің көзқарасының қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

5268538a409e8f342c120e815e0968b6.jpg

Ыбырай – қазақ балаларының білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың көкірек көзің ашу мақсатында ең алғаш өз үйінде мектеп ашады. Кейіннен Торғайда 1864 жылы Ыбырай мектебі ашылып, онда алғашқыда 14 бала білім нәрімен сусындайды. Сабақ ана тілінде – қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді. Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті  игеруіне, рухани  бай азамат болып шығуына қызмет етеді.

Ыбырай қазақ балаларына білім мен тәрбиенің  негізгі көзі – оқулық деп біліп, балаларға түсінікті етіп, жұмбақтар мен баланың ойын кеңейтетін шағын әңгімелердің жиынтығын жасап шығарады. «Қазақ хрестоматиясын» жазып шығарған. Біз ең алғаш мектепке келгенде Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқып, жаттағанбыз. Бұл өлең балалардың жүрегінде білімге деген құштарлығын оятады. Қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан Абай Құнанбаевпен  есімі қатар жүретін Ыбырай Алтынсариннің шығармалары әлемдік деңгейде.   

Ұлы Жібек жолы (реферат)
Құқықтық мемлекет. Мемлекет және қоғам (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу