Түлкі туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 2119

Түлкі қызылдығы - өзінің соры.


Түлкі терісін жазады,

Бай малынан жазады.


Әр таудың түлкісін өз қыраны алады.


Түлкі жатарында жер таңдамайды.


Түлкінің түсіне тауық кіреді.

Похожее изображение

Ит жүйрігін түлкі сүймес.


Ит алған түлкіде сын болмас.


Қарғаның құдасы көп,

Түлкінің жолдасы көп.


Арыстандай әлің болса,

Түлкідей айлаң болсын.


Түлкінің ақыр тоқтайтыны -

Ішік сататын дүкен.


Түлкі түгінен жазады.


Борсықты ұр тұмсықтан,

Тез өледі шымшықтан.


Түлкі өз құйрығын куәлікке тартады.

Қасқыр туралы мақал-мәтелдер
Тышқан туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу