Ұрлық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 02-01-2020 2221

Ұры - қасық,  ел - теңіз.


Ұры түн асқанша,

Бөрі қыр асқанша.


Ұры ұрлығын қойса да,

Ұры аты қалмайды.


Ұры қосыларда ауыз жаласады,

Айырыларда итше таласады.


Ұры тойғанша жеп, өлгенше қарғанады.

Картинки по запросу вор

Ұры басқаның малын жейді,

Өзінің арын жейді.


Ұрлығына көнсем де, қорлығыңа көнбеймін.


Жаман ұры жақындағысын қармайды.


Атақты ұры аштан өледі,

Атақсыз ұры қарын толтырады.


Ұсталмаған ұры емес.


Тентек қашса, биі бар,

Ұры қашса, үйі бар.

Менің алғашқы сынып жетекшім туралы шығарма
Менің қарындасым. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу