Ұстаз туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 1727

Жалғандағы ең қадірлі мамандық ұстаздық болар. Ұстаздар  әркезде де ұлағатты жандар. Баланың бойына ілім мен білімнің нәрін құйатын, тәлім-тәрбие беріп, балаға дұрыс жолды нұсқап, бағыттайтын бірден бір жан. Ұстаз берген әр білім адамның ғұмыр бойына жол көрсетіп тұрушы шамшырағы іспеттес. 

tOZH1Tc2zAg.jpg

Ел билеген басшылар, ғылым иесі ғалым да, науқасты емдеуші дәрігер де, зәулім ғимараттардың кескінін өлшеп салып, оны биік етіп орнықтырушы құрылысшылар мен халықты діттеген жеріне жеткізіп салатын көлік жүргізушілері де ұстаздың берген біліме мен тәрбиесіне қанық болған. Сол себептіде әркез ұстаздарды құрметтеп, қадір тұтамыз. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла», «Атпаз көрген – ат таныр, ұстаз көрген – хат таныр», «Шәкірті зейінді келеді, ұстазы бейілді болса»   сынды ұстаздар жайлы көптеген мақал-мәтелдер арқылы халқымыз ұстазды бұрыннан құрметтеп әрі қадірлегенін аңғарамыз. «Шәкірсіз ұстаз – тұл» дегендей ұстаз шәкіртінің жеткен әрбір жетістігіне риясыз қуанып, жадырап жүреді. Шәкіртінің шыққан шыңына тамсана қарап, оны мақтан етіп, кейінгі жас бүлдіршіндерге үлгі ретінде айта отырады. Ұстаз жүрегі мейірім мен жанашырлыққа толы жаратылыс. Өзінің перзенттерімен қоса өзгелердің баласына мейірімін төгіп, олардың өмірде дұрыс жол таңдап кетуіне зор ықпалың тигізетін бірден бір жан. Ұстаздық өмірдегі ең жауапгершілігі мол әрі риясыз сезімдер мен шексіз махаббатқа толы мамандық.

Қайғы-қасірет туралы мақал-мәтелдер
Өлім туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу