Аңқаулық туралы мақал-мәтелдер
Аңқау азаптан құтылмайды,
Алаңғасар мазақтан құтылмайды.
Жалғанға жалқау нанады, не аңқау нанады.
Аңқау астындағы атын алты ай іздейді.
Шыбын да аңқаудын аузын аңдиды.
Аузын ашса, сыры көрінеді,
Есігін ашса, көзі көрінеді.
Әр ашық ауыздың бір алдаушысы бар.
Аңқау аңдамайды да, алаңдамайды да.
Аңқау қонақ үй иесін сыйлайды.
Зор зорға құлайды,
Аңғырт орға құлайды,
Аңғал торға құлайды.
Аңғал қашқанға да қуғанға да серік.